Бастауыш сыныптағы жаңартылған білім беру бағдарламасының маңыздылығы

«Қандай мектептің болсын, басты нысаны – оқушыларға сапалы білім, салиқалы тәрбие беріп, оларды білімді, еңбекшіл етіп тәрбиелеу», – дейді қазақтың көрнекті ағартушы ғалымы Ахмет Байтұрсынов. Қазақстан Республикасының білім саласына енген жаңартылған білім беру бағдарламасы — заманауи талаптарға сай болашақ ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарлама. Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігімен байланыстыру арқылы сипатталады.

Қазіргі таңда қазақ тілі – мемлекеттік тіл, қарым – қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – ғаламдық кеңістікті тану тілін оқытуда жаңашылдықтарды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану – заман талабы болып отыр. Оқытудың әдіс-тәсілдері өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңартылып, жаңаша ой-пікір пайда болды. Осыған байланысты мұғалімдер алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.

Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. «Білімнің бастауы – мектеп болса, келешек ұрпақтың алғашқы баспалдағы – бастауыш білім беру саласы» екені баршамызға белгілі. Қай кезде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздан үлкен жауапкершілікті талап етеді.

Жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктері 10 бөлімнен тұратын жаңа құрылымы болып табылады: пәннің маңыздылығы; пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаты; үштілділік саясатты іске асыру; оқыту үдерісіне ұйымдастыруға қойылатын талаптар; пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер; түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет; ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзіреттілігі; оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту; оқу нәтижелерін бағалау жолдары; оқудың мазмұны, ұйымдастырылуы мен бірізділігі.

Бағдарламаның міндеттері: пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігініғң өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру; пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету; пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету; мұғалімдердің бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы – озық технологиялардың барлық қыр-сырларын білуге жетелейді. Оқудан күтілетін нәтижелер: мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, ондағы материалдардың күрлелілігінің өсу ретін, мазмұнын және мақсаттарын біледі және түсінеді; пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі.

Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсінеді және қолдана біледі;   мұғалімдердің орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті біліктері мен  дағдылары қалыптасқан.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсынан алған әсерлерім  өте көп. Ондағы жүргізілген тиімді әдіс-тәсілдер – педагогтардың оқытудың әмбебаб үлгісін және тиімді әдістер жүйесін қолданып, оқушыларға тәуелсіз болуға, сыни тұрғыдан ойлауға, оқуға жауапкершілікпен жәнешығармашылықпен қарауына көмектесетін сыни тұрғыдан ойлауға бағытталған.

Сауле СЕКСЕНБАЕВА,
Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын
көпбейінді гимназияның бастауыш сынып
мұғалімі, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий