Жерді қорғау ұғымы және  оны жүзеге асыру жөніндегі шаруа аралық жерге орналастырудың міндеттері

Жерді қорғаудың негізгі бағыттары. Рекультивация туралы ұғым. Жерді пайдалануға құқық беретін құжаттарды рәсімдеу және жерге орналастыру жерге  орналастыру жобаларын жүзеге асыру. Жер- кеңістікте және сапа жағынан шектелген табиғи зат, өндірістік ресурс. Оған бас заттарға сияқты бip қатар қасиеттер тән. Олардың ішінде: топырақ қыртысы, өсімдік жамылғысы, қойнауы, сулары және кеңестік қасиеттері.  

Жер мен айнала ортаны қорғау мәселесі жердің пайдалынуын ұйымдастыруымен өзара байланысты. Сондықтан ол жерге орналастырудың ең маңызды міндеттердің бipi болып табылады. Дұрыс жобалық шешімдердің қабылдануы тек осы екі меселе бip уақытта және өзара байланысты түрде қаралғанда ғана қамтамасыз етіледі. Өзгерістерді уақтылы анықтап, оларға баға беру, келеңсіз процестер зардаптарының алдын алу мен оларды жою үшін жер қорының жайын кадағалап отыру жүйесі жер мониторингі деп аталады.

Жер мониторингінің құрылымын, мазмұнын және жүзеге асырылуы тәртібін Министрлер кабинеті белгілейді. Жалпы  алғанда жерді қорғау жөніндегі шаралар үш бағытта жүргізіледі. Олар: құқықтық экономикалық және техникалық. Рекультивация – бүлінген жерлдердің биологиялық өнімділігі мен халық шаруашылық құндылығын бұрынғы қалпына келтіруге бағытталған инженерлік- техникалық, мелиоративтік, агоротехниаклық және тағы да басқа шаралардың кешені.

Сонымен қатар рекультивацияның міндеттеріне айнала ортаның халахуалын жақсарту да кіреді. Рекультивацияға карьерлер, олардың үзінділері және сондай көптеген жерлер жатады. Алғашқы қалпында келтірілген жер учаскелері ауыл шаруашылық алаптарға, ормандарға, су қоймаларына немесе демалыс зоналарына айналдырылуы мүмкін. Ондай мақсаттарға жарамсыз жерлер әртүрлі құрылыс жүргізуге пайдаланылады.

Рекультивация жөніндегі жұмыстар екі кезекте жүргізіледі: техникалық рекультивация; биологиялық рекультивация. Ірі шаруашылық құрылыстар мен су қоймаларына жер бөліп беру – шаруааралық жерге орналастырудың ең күрделі міндеттерінің бірі. Бұл бірқатар жағдайларда байланысты. Біріншіден, ірі ауданы алаптардың су астында қалуына. Екіншіден, жасалған су қоймалардың айнала  ортаға, шектес жер иеленушіліктер  мен  жер пайдаланушылықтарға, олардың өндірісіне, әлеуметтік жағдайларына сан алуан ықпал етуіне.

Осы ықпалдардың салдарына қарай жалпы бірқатар жерге орналастыру мәселелері қарастырылады. Солардың ішінде: ауылшарушылық айналымның тиіс қалған жерлердің қарастыру, тұрғындарды көптеген өндірістік құрылыстар  мен медени-тұрмыс объектілерін көшіру, су баспаған, бірақта осы жағынан кауіп төнген территорияларды инженерлік қорғаумен қамтамасыз ету, межелес жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтарды қайта құру, реттестіру және жетілдіру.

Аталған міндеттерді орындау мақсатымен су қоймасы әсер ететін территория бip қатар зоналарға бөлінеді. Бұлар: су басатын зона – су астында қалатын немесе мезгілімен су басып пайдалануға жарамсыз қалған территория. Бұл зонаның межелері судың нормалды биіктігіне болып шығатын жаға сызығымен белгіленеді. Жер иеленушілер мен жер пайдаланушыларға келтірілген залалды және ауылшаруашылық өндірістің шығындарын анықтау мақсатымен аудандық әкімшілік бағалау комиссиясы құрылады. Осы комиссия жұмысының нәтижесінде акт жасалады.

Жоба бекітіліп, салынатын объект құрылыс жоспарына енгізілгеннен кейін мүдделі кәсіпорын, мекеме, ұйым жергілікті әкімшілікке алдын ала келісілген жерді сұрап  өтініш жолдайды. Жерді иелену немесе тұрақты пайдалану құқығы мемлекеттік актімен, ал уақытша пайдалану немесе арендалау құқығы шартпен куәландырылады.

Гүлбану Іздібайқызы ЕСБОЛАЙ,
Yessenov University аға оқытушысы, магистр,
Маңғыстау облысының Ақтау қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий