Семинар кеңес: Кәсіби білім саласы басты назарда

Өткен аптаның бейсенбі күні Түркістан облысының орталығында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің (бұрынғы ҚР Білім және ғылым министрлігі) бастамасы бойынша Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының қолдауымен осы аймақтағы кәсіби және техникалық білім беру ұйымдары басшылары мен өкілдерінің қатысуында «ҚР кәсіби және техникалық білім беру жүйесін одан әрі дамыту» және «Салалық кәсіподақ қызметкерлерінің құқығы мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы басымдықтар» туралы семинар кеңес ұйымдастырылды.

Киелі топыраққа елордасынан арнайы келген салалық министрліктегі техникалық және кәсіптік бі- лім департаментінің студенттерді әлеуметтік қамтамасыз ету және тәрбие жұмысы басқармасының басшысы Алтай Рахимберлин мен Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева жетекшілік еткен делегация мүшелерінің іссапары Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысы Дінислам Болатханұлымен кездесуден басталды.

Алтай Советұлы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қазіргі заман талабына сай түрлі кәсіпті меңгеруді таңдаған қазіргі жастарды бәсекеге қабілетті маман ретінде дайындау және осы салада қызмет атқаратын педагогтерге мемлекет тарапынан қажетті қолдау көрсету жөнінде берген тапсырмасына байланысты республика бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша шолуында осы аймақтың көрсеткіштері- мен салыстыру арқылы әңгімеледі.

Айгүл Мақсатқызы облыстық білім саласының жетекшісіне ортақ мүдде тұрғысындағы ынтымақтастықты қолдағаны үшін алғысын айтып, алдағы уақытта педагог мамандардың игілігіне бағытталған шараларды бірлесе атқарудың жолдарын талқыға салды. Және де еліміздің тарихи астанасындағы жауапты қызметіне сәттілік, қоғам мүддесі жолындағы еңбегіне жемісті нәтиже тіледі. Аймақтың бас ұстазы жергілікті сала қызметкерлерінің құқықтарын қорғау бағытындағы түйткілді мәселелерге тоқталып, тараптар арасындағы бұрыннан бар байланысты одан әрі нығайту барысында жаңа лауазымға тағайындалған соң қолға алына бастаған нақты шараларды баяндап берді.

Байыпты басқосу бұдан кейін осы шаһардағы Түркістан жоғары көпсалалы, қол өнер колледжінде жалғасын тауып, еркін пікір алмасылды. Ең алдымен сөз алған Алтай Рахимберлин осы саланы ілгері дамыту бағытында мақұлдан- ған мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың ерекшелігіне тоқталып, уақыт үдерісіне сай қабылданған құқықтық құжаттар мен нормативтік актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу барысында өңірлердегі сала мамандарының түрлі ұсыныстары жан-жақты зерделенетіндігін еске салды.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұсынған ресми мәліметке жүгінсек, ең алдымен, жастарды сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен жүз пайыз қамту үшін мемлекеттік тапсырысты ұлғайтудың мүмкіндіктері қарастырылуда. Биыл республикалық бюджет есебінен мемлекеттік тапсырыс 45 мың орынға артуы тиіс. Сондай-ақ әкімдіктер мемлекеттік тапсырысты сексен мың орынға жоспарлаған. Жалпы колледждерде тегін білім алуға 128 мың орын берілу көзделіпті.

– Президенттің мемлекеттік тапсырысты техникалық мамандықтарға қайта бағдарлау туралы тапсырмасы бар. Осыған орай 2025 жылға дейін мемлекеттік тапсырыстың жетпіс пайызы техникалық мамандықтарға беріледі. Қазіргі уақытта олар 45 пайызды құрайды. Атап айтқанда металлургия, IT, құрылыс, инженерия, машина жасау мамандықтары. Бүгінгі таңда облыстарда комиссиялар өңірлік еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтардың тізбесін жасақтауда. Сонымен бірге осы мамандықтар бойынша орын сандарын бекітеді. Екіншіден, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Министрлік кәсіпорындардың сұранысы бойынша кадрларды мақсатты даярлауды енгізуде, – деді Алтай Рахимберлин.

– Бұл үшін кәсіпорын колледжбен мақсатты дайындық туралы шарт жасасады. Кәсіпорын өз базасында педагогтердің және студенттердің практикасын ұйымдастыру оларды жұмысқа орналастыру бойынша міндетті өзіне алады. Бұл шара болашақ кадрдың жұмыс берушінің талаптарына сәйкес болуын қам- тамасыз етеді. Себебі олар білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысады, студенттен қорытынды емтихан қабылдайды, оны практикадан өткізіп, бітіргеннен кейін жұмысқа алады.

Осы жылдың өзінде кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы бойынша 20 мыңнан астам талапкерді қамту жоспарланып отыр. Құжаттарды қабылдау маусымның 25-інен басталады. Әр талапкердің 4 мамандық пен 4 колледжді таңдауға мүмкіндігі бар. Студенттерді әлеуметтік қамтамасыз ету және тәрбие жұмысы басқармасы басшысының айтуынша, қазіргі кезде колледждерге академиялық дербестік берілген.

Бұрын әртүрлі біліктіліктер бойынша оқыту мерзімдері қатаң реттеліп, белгіленсе, қазіргі кезде бұл қағида «Білім туралы» Заңнан алынып тасталғандықтан ендігі кезектегі тұжырым нақты білім беру бағдарламалары мен қажетті оқыту нәтижелеріне байланысты болады. Бүгінде колледждер жұмыс беру- шілермен бірлесіп, білім беру бағдарламаларының мазмұнын, оқу мерзімдерін дербес айқындайды, яғни мамандарды даярлау еңбек нарығының талаптарына сәйкес келуі қажет.

Сонымен қатар білім беру бағдарламаларының Реестрі жасалған. Оған сараптамадан өткен сапалы бағдарламалар ғана енеді. Биыл 4 мың бағдарлама осы сараптамадан өтетіндігі күтілуде. – Төртінші. Президент тапсырмасына сәйкес өңірлерде колледждерді ірі бизнеске шефтік қамқорлыққа беру практикасы енгізілді. Облыс әкімдіктері «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, колледждерді шефтік қамқорлыққа алатын ірі кәсіпорындардың тізбесін айқындады.

Қазіргі уақытта 410 колледжді 498 компания шефтік қамқорлыққа алу бойынша келісімдерге қол қойды, – деді Алтай Советұлы. Алдағы уақытта аталған кәсіпорындар колледждердің қамқоршылық кеңесінің құрамына енеді, колледждің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, студенттердің практикадан, педагогтердің тағылымдамадан өтуіне қолдау көрсетеді. Жалпы біздің министрліктің жұмысы Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға және кадрлар даярлаудың сапасын арттыруға бағытталады.

– Біздің салалық кәсіподақ еліміздегі ең ірі қоғамдық ұйымдардың бірі екендігін білесіздер. Осы орайда салалық министрлік пен жұмыс берушілер қауымдастығы арасында ортақ мүддеге сәйкес үш жақты келісім жасалған. Мақұлданған уағдаластыққа сай атқарылатын бірлескен жұмыстардың нәтижесі еліміздің барша педагогтерінің мәртебесін арттырып, құқықтарын кеңейтуге бағытталған.

Сондықтан осы еліміздің әр аймағында ұйымдастырылатын семинар кеңеске қатысушылардың заңнамаларға тиісті өзгерістер енгізу қажеттілігі бойынша айтқан барлық ұсыныспікірлері назарға алынып, құқықтық құжаттарды толықтыру барысындағы талқылауларда салалық кәсіподақ тарапынан мемлекеттік органдардың қарауына ұсынылатын болады. Және біз ұйымға мүшелікке өткен не өтпегендіктеріне қарамастан барлық ұстаздар қауымын толғандырған мәселелерді жинақтап, зерделейміз әрі қажет жағдайда құқықтық кеңес берумен қатар қолдан келгенше қолдау көрсетіп келеміз.

Алдағы уақытта да бұл жұмыстар жан-жақты жалғасын табады, – деді Айгүл Мақсатқызы. Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының құқықтық жұмыс бөлімінің жетекшісі Райхан Қыдырбаева еңбек заңнамаларындағы қызметкер құқығының сақталуы, еңбек қатынастарының реттелуі, қызмет барысындағы келіспеушіліктерді нормативтік актілер аясында шешудің тиімді тетіктері түсіндірме жасап, семинарға қатысушы жергілікті колледж директорлары мен педагог, қызметкерлердің түрлі сауалдарына семинарды ұйымдастырушылар тарапынан жан-жақты жауап берілді.

Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нұрлыбаев мәртебелі қонақтарға осы бағытта аймақта атқарылған жұмыстардың барысын баяндап, қордаланған маңызды мәселелерді оңтайлы шешудің тиімді мүмкіндіктері қарастырылып жатқанын жеткізді. – Әрине бізде де басқа өңірлердегі сияқты біраз мәселелердің барын жасыра алмаймыз.

Кейбір мемлекеттік колледждер жаңа заманның талаптарына тез бейімделе алмай, көптеген мүмкіндіктерден қалыс қалса, жеке меншіктегі бірнеше кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары сұранысқа сай мамандарды дайындаудың орнына сырттай оқытудан алынған кейбір мамандарға білім беру сынды басқа да ескі жүйеден шыға алмай келеді. Үшіншілерінің дайындайтын мамандықтары оқу орнының ресми атауына сай емес.

Бұл кемшіліктерді түзету үшін жергілікті колледж басшыларына тү- сіндіру жұмыстары жүргізіліп, олқылықтың орнын толтыру бағытында бірлескен шаралар атқарылуда. Салалық министрлік пен облыс әкімдігі тарапынан қаржылық қолдау мен қажетті көмектердің күшейтілгені себепті, қысқа мерзім аралығында маңызды мәселелердің оңтайлы реттелетіндігіне сенеміз, – деді Нұржан Мәдірайұлы. Жүздесуде тараптардың арасында еркін пікір алмасулар болып, нақты ұсыныстар тыңдалды.

Нұрлан ТІЛЕГЕНҰЛЫ,
Нұр-Сұлтан – Түркістан – Нұр-Сұлтан

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий