“Рухани жаңғыру” орталығының тәрбиелік сипаты

Рухани жаңғыру – ұлтымыздың ұлт болып ұйысуының, тарихымызды сақтаудың, тұлғаларымызды танытудың, өткенімізді білудің, болашаққа бағдардың, келешекке кемел ғибратты із қалдырудың мәйегі болатын бастама. Бұл бүгіннен бастау алмағандығының тарихи куәгері ретінде Алаш зиялыларының «Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін» деп аңсауы ұлт тәуелсіздігі, сана еркіндігі екендігін аңғарамыз. Себебі ХХІ ғасыр қазақ халқы үшін, жаңа дәуірдің, еліміздің өркендеуі үшін жаңа белестің басталған уақыты.

Ақпараттар ағыны толассыз жаңарып, жаһандану заманында өзгенің жетегінде кетпес үшін еліміздің ертеңіне алаңдап, ұлт болашағының жарқын өмір сүруі, сол үшін істеген бүгінгі жастарымыздың игілікті істеріне байланысты. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамның рухани жаңғыруы, әр адам санасының жаңғыруына қатысты бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, революциялық емес эволюциялық жолмен даму, сананың ашықтығы бағыттары алға қойған қадамымыздың нақты көрінісі екені сөзсіз.

Әлемнің жылдам өзгеруі жағдайында, техника мен инновацияның дамыған кезінде адами капитал сапасы мен бүкіл халықтың бәсекеге қабілеттілеттігі маңызды. Бұл күнде адам ресурстары мен технология арасындағы алшақтық басым көрініс табуда. Оны алдын алу мен шешудің бір жолы – қоғамның бірлескен күшінің жұмылуы екені сөзсіз. Бұл дегеніміз – қоғамдық сананы жаңғырта отырып, бәсекеге төтеп беру, жүріп өткен жолымыздан сабақ ала отырып қадам жасау, бағытымыздың анықтығын айқындау, рухани құндылықтарды жаңғырту болмақ.

Ал рухани құндылықтар туралы философия ғылымының докторы, мәдениеттанушы Т.Ғабитовтың сөзімен айтсақ: «бала кезден, ана сүтімен бірге, өзінің ана тілі арқылы, мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығады. Адам бойына моральдық жауапкершіліктер жүктейді, сезімін айқындай түсуге мүмкіндік береді». Бұл әрбір тұлғаның азаматтық ұстанымын, қоғам алдындағы жауапкершілігін, отаншылдық қасиетін, сананың ашықтығына қолдау көрсетеді.

Себебі адамзат құндылықтарының мәні руханият және рухани құндылықтар. Әлем бір орнында тұрған жоқ, ал оған ілесу үшін бізден жылдам әрекет етуді талап етеді. Біздің ісіміздің алдында адам санасы болуы керек. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан озық әдет-ғұрып, дәстүрлері мен ізгі қасиеттерін сіңіре отырып, дені сау, рухани бай, парасатты, қазіргі қоғам дамуының үрдісіне сай білімді, жеке тұлғаны қалыптастыру тәрбиенің өзекті мақсаты болып табылады. Осы орайда, тәрбие мен білім беруде этнопедагогиканы мүмкіндігінше, әр-түрлі әдіс-тәсілдер арқылы бере отырып, төмендегідей нәтижелерге қол жеткізуге болады:

– Жастардың танымдық қабілетін жетілдіру; – Ұлттық тәрбие арқылы адами қабілеттерді қалыптастыру; – Ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу; – Шығармашылық қасиеттерін оятады; – Данышпандық, көрегендік қасиеттердің дамуына жол ашады. Ұлттың мүддесі мен мақсатын, алдымен қазақ жеткіншектерінің сана сезіміне басты нәрсе етіп орнықтырған жағдайда ұлттың тәрбиесі ықпалды болмақ. Бұл құбылысқа бастамашылық өз ұрпағымыздан қолдау тапқаны орынды.

Осы тұста, ойымызға халқымыздың ардақты азаматы Мағжан Жұмабаевтың мынадай пікірі оралады: «Әрбір ұлттың бала тәрбие қылу туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ ұлт баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті. Ұлт тәрбиесінің жақсылығы көп».

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыруын» – ел болашағы жастарға арнаған, жастар тәрбиесіне арнаған, олардың білім алуына, заманға сай тұлға болуына, жаһандану көшіне ілесе алуына, көптілділікті меңгерген, бәсекеге қабілетті салауатты тұлға болып жетілуіне, өркениетті отыз елге жетуге үлес қосатын ұрпақты тәрбиелеп отыру. Рухани жаңғыруды ҚР тұңғыш Президенті өзіңнің «қазақ» деген атына сай бол, ұлттық кодыңды сақта- деген!

Аралап туған жердің сай саласын, Ұрпағың ата жолын- қайталасын Ізіңді іштен шыққан ұлың қумай, Қалайша қазақпын деп айта аласың? – дегендей, өскелең ұрпаққа өз ұлтын сүюді, салтын сүюді, елінің тарихын, табиғатын сүюді насихаттап тәрбиелеу жауапты міндеті. Ұлтымыздың тарихи өрнегі бар табандылығы мен жігерін, батырлығы мен жасампаздығын, адамгершілігі мен мәдениетін басқа ұлттарға үлгі етуге ұмтылуымыз қажет.

Алайда,рухани жаңғыру – үлкен серпіліс жасады. Санамыз саф алтындай тазармаса, – деп сананың арылуын, жаңалыққа ұмтылуды дәріптеді. Ұлы дала ұландарының кемел болашағы, «Мәңгілік Ел» ертеңі ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетіне, саналы ойлау, бәсекелік қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осыған орай еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету мақсатындағы әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, терең білімді, ізденімпаз, шығармашылық қағиданы ұстанатын тұлғаны тәрбиелеу ісінде «жаңа қазақстандық патриоттық тәрбие беру» мәселесінің маңыздылығы ерекшелініп тұр.

Ал, бүгінгідей тәуелсіздіктің ақ таңында өмір сүріп отырған қоғамда өз ұлтының ұлттық қаймақтарын, соның ішінде тіл, дін, діл, салт-дәстүр, ұлттық тәрбие сияқты негізгі құндылықтарын бетке шығармаған ұлт өз мәртебесін жоғалтады. Сондай-ақ, ұлттық мүддені сақтау және оны қорғау сол ұлттың әрбір азаматының адамдық борышы. Әрбір мәдениетті, білімді адам өзінің дүниетанымдық, кәсіптік деңгейін ұлттық мәдениетпен ұштастыра білуі керек. Білімді болғанымен, ұлттық мәдениетті бойына сіңіре білмеген болса, ондай адам ұлт алдында мәңгүрт, мәдениетсіз болып көрінеді де, халықтың наразылығына ұшырайды.

Білім беру мен тәрбиелеудің мақсатын айқындау үшін, Жүсіпбек Аймауытовтың айтқан сөзін еске түсірейік: «Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек», – деген екен. Қорыта келе, қазіргі жаhандану кезінде әлемнің алпауыт елдерімен ұлттық салт-сана мен дәстүрімізді сақтап және оны болашақ ұрпақтың санасына сіңіру арқылы бәсекеге түсуіміз керек.

Ол үрдіс адамның сәби кезеңінен бастап, жеке тұлға болып қалыптасуына дейін жалғасуы керек. Осы орайда «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» деген аталы сөздің де алар орны ерекше. Баладан әке үйренбесе, анадан қыз ақыл –өнеге алмаса, ұстаздан білім мен тәлім алмаса – өскелең ұрпақ қайдан өнегелі болмақ?! Ұрпағымыз, жастарымыз ата жолын қайталасын, даланың дархандығындай мінездері жайсаң болсын, ең бастысы елін жерін сүюге, тәрбиеленсін. Сүймейді сергек халық жалғандықты Тектінің тұқымында талғам мықты Алып шың, асқар таудың жотасына, Отаның иығыңа салған жүкті, – деп, Рухани жаңғыруындағы ізгілік нұрын өскелең ұрпаққа жеткізейік, – деп ұран тастағым келеді.

Лаззат Нурахановна ЕЛЕШОВА,
«Өзін-өзі тану» Адамның үйлесімді
дамуы гуманитарлық колледжінің
тарих пәнінің оқытушысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий