Балаларды оқуға қалай ынталандыруға болады?

Ойындардан, әлеуметтік желілер мен фильмдерді көруден алшақтатып, қалай қызықтыруға болады? Бүгінде бұл Қазақстандағы білім берудегі ең өзекті мәселе шығар. Мұғалімдер мен ата-аналар үшін ең үлкен сын-қатер. Шешімі бар, бірақ оны көпшілік біле бермейді.

Білім беру саласындағы зерттеуші Нұрлан Иманғалиев балалар қабілетті әрі өте ақылды болса да, оқығысы келмейді дейді. Анығы, ниет жоқ. Мұның бір себебі мектептегі сабақ әлеуметтік желілер мен түрлі ойындарға есе жіберіп отыр. Кез-келген ата-ана мұнымен күн сайын кезігеді. Компьютерлік ойындар мен фильмдерде назар аудару мен көрерменді баурап алуда түрлі қызықты әдістер қолданылады. Ал көптеген мектеп мен университетте оқу үдерісі өзгеріссіз қалып отыр.

– Ең сорақысы, балалардың енжарлығы мұғалімдерге де әсер етеді, – дейді Нұрлан Иманғалиев. – Мұғалімдер де сабақ беруге деген құлшыныс танытпайды, балаларды қызықтыру үшін күш салмайды. Бұдан балалардың қызығушылығы кеміп, селқостық күшейе түседі, сосын мұғалімдер де сабақ бергісі келмейді.

Қазіргі заманғы технологиялар бұл мәселелерді шешетінін көпшілік білгісі де келмейді. «Керісінше, біз балаларды гаджеттерден ажырата алмаймыз!». Бұған қоса, мұғалімдер де жиі абдырап, жайсыз сезінеді. Технологиялар, ресурстар, құралдар көптеп пайда болды әрі барлығы үнемі жаңарып отырады. Заман ағысынан қалмай жүру оңай емес. Алайда тәжірибе керемет әсерлі нәтижені көрсетті.

-Біз тыйым салып, бір нәрсені толығымен алып тастауды емес, оны қалай пайдалануға болатынын көрсетеміз, – дейді Нұрлан Иманғалиев. – Мысалы, ТМД-да Apple Education бойынша Юлия Андреевамен 2012 жылдан бастап мұғалімдерге жаңа технологиялар зиян емес, керісінше өте пайдалы екенін көрсету үшін жұмыс істейміз. Юлия мұғалімдерге заманауи технологияларды қолдана отырып, күнделікті мәселелерді шешуді үйретеді. Бақылауды тексеруге бірнеше күн жұмсайтын мұғалімдер әлі де бар. Сол шаруаны 2 минутта тексеретін мұғалімдер де жоқ емес. Айтсаң ешкім сенбейді. Егер көрсетсең, бұрын білмедік деп барлығы таңғалады.

– 2012 жылы мен Apple Education-ды дамытуды бастаған кезде, салада қандай мәселелер бар екенін түсіну үшін ЖОО-да сабақ бердім, ғылыми зерттеулер жүргіздім. Осылайша, тұрақты тренингтер мен мұғалімдермен жұмыс істеу қашықтан тиімді оқытуға көмектесетін белгілі бір формуланы табуға көмектесті. Біздің тренерлеріміз – Apple педагогтар қауымдастығы – әлем бойынша 3 мыңға жуық адам, – дейді Юлия Андреева. – Ең бастысы, олар күнделікті жаңа технологияларды белсенді қолданатын және озық тәжірибелерімен бөлісетін практик-педагогтар. Бұл бірегей бағдарлама, өйткені әлі күнге дейін әлемде бірде-бір адам күнделікті педагогикалық тәжірибеге негізделген осындай кең ауқымды білім базасын жасаған жоқ.

Нұрлан Иманғалиевтің айтуынша, 10 жыл бұрын Юлия Андреевамен бірге мектептерде айпадтарды енді ғана қолдана бастаған кезде, балалар оқулықсыз-ақ мәселені шеше алған.

– Балалар оқулықты айпад арқылы сканерледі, – дейді Нұрлан. – Барлығын пдф форматында сақтап, кітапхана құрып, сыныптастарымен бөлісті. Енді бірде-бір оқушы оқулық жоқ немесе үйде ұмытып кеттім деп айтпайды. Ауыр кітаптарды арқалап жүрудің қажеті жоқ. Сонымен қатар, егер баланың көру қабілеті нашар болса немесе мәтін кішкентай болса, суреттерді үлкейту функциясы бар. Бұл Юлия жұмыс істейтін тағы бір бағыт – ерекше қажеттілігі бар және есту, көру қабілеті бұзылған балалардың мәселесін iPad шеше алады. Батыста және көптеген дамыған елдерде кез-келген оқулық баспагері нашар көретіндерге және нашар еститіндерге арналған сол оқулықтың нұсқаларын шығаруға міндетті. Өкінішке қарай, бізде ондай жоқ. Бірақ Юлияда көмекші технологиялар деп аталатын бірнеше тренинг бар, ол көру және есту қабілеті нашар балаларға толыққанды білім алуға көмектеседі.

Сонымен қатар, заманауи шешімдер баланы оқуға деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді. Үй тапсырмасын орындаудың бір ғана тәсілі көп нәрсені шешеді.

Егер бұрын үй тапсырмасы тапсырмаларды шешуге, эссе жазуға, кейбір ақпаратты есте сақтауға арналса, қазір балалар көптеген қызықты нәрсені жасай алады: комикстер салады, шағын бейнелер мен деректі фильмдер түсіреді, тақырып бойынша подкаст жасайды. Бұл үй тапсырмасына деген креативті тәсіл, балаларға өте ұнайды.

Алғашқы болып білім берудің жаңа технологиясы мен тәсілдерін игере бастаған мұғалімдердің өздері де нәтижесін көрген.

– Мен оқушылардың коллаборациясын шығармашылық тапсырмалар үшін белсенді қолданамын, – дейді Haileybury мектебінің қазақ тілі мұғалімі Гүлжахан Досмамбетова. – Мысалы, балалар бірлесіп кітап жасайды. Барлық командалық жұмыс оңай ұйымдастырылады, уақытты ысырап етпеймін, балаларға көмектесіп, жобаны өңдеп, ескертулер жасай аламын. Сыныпта 15 адам бар, бұрын мұндай технология болмаған кездегі қарағанда өте үнемді жұмыс істеймін. Бұл өте жақсы, уақытты үнемдеймін, нақты жұмыс істеймін және балалар қызықтырады, көзінде от пайда болады, шабыты артады. Бұған қоса, бұл оларды біріктіреді. Тесттерді құруға арналған ресурстар бар. Бала еш жерден көшіре алмайды, тек өзіне сеніп, жақсы дайындалуы керек. Әрі оны объективті бағалауға болады. Мұны білген оқушылар тыңғылықты дайындалады.

Маған Apple-де суреттермен жұмыс істеуге арналған көптеген опциясы ұнайды. Суретті бірден кесіп, жақтауға салып, үлестірмелі материал дайындауға болады. Бұл бұрынғыға қарағанда бірнеше есе жылдам. Мұндай құралдар жетіп артылады.

Әрине, барлығының бір ғана тамаша шешімі жоқ. Бірақ осы мысалдардан көргеніміздей, тіпті кішкентай қадамдардың өзі оң нәтиже береді.

– Мектептерде технологияның нағыз промоутерлері бар, олар айпаданы сатып алсаң, барлығы бірден жақсарады деп айтады, – деді Нұрлан Иманғалиев. – Бұл да өтірік. Мәселе технологияда емес. Мен сол Африканың мектептерінде болдым, онда қабырғадан басқа ештеңе жоқ. Бірақ сол жерде сапалы білімнің мысалдарын көрдім. Барлық технологиямен жұмыс істейтін Юлия екеуміз мәселе мұғалімдерде деп ойлаймыз. Бірақ технологияны меңгерген мұғалім шынымен де өте тиімді еңбек етеді.

– Интернеттің пайда болуымен мұғалімнің мәртебесі өзгерді, – дейді Юлия Андреева. – Мұғалім бұрынғыдай білімнің қайнар көзі болып саналмайды. Өйткені, бала бәрін мұғалімсіз Google-ге жүгіну арқылы біле алады. Бірақ мұғалім бірнеше секунд ішінде балалармен тапсырманы тексеріп, тест нәтижесін көрсеткенде, бұл оқушыларға қатты әсер етеді. Олар мұғаліммен бір тілде сөйлейтінін және жаңа технологияларды меңгергенін түсінеді. Мұғалімдер де мұны өздері байқап, тәжірибесін бөліседі.

Демек, жаңа технологияларды игеру, инновацияларды енгізу саласында жұмыс істесе, мұғалім әлі де сол сапалы білімнің ұйытқысы бола алады. Егер жаңа технологияларды игеретін оқушылардың қызығушылығын дәл болжауды үйренсе, тіпті жақсы. Міне, мұғалім бір қадам алда, икемді және ұтқыр, оқушыларға қарағанда тәжірибелі болуы керек. Сол кезде өзінің мәртебесін сақтап, беделін арттыра алады.

Apple Authorized Reseller мәртебесі бар Apple серіктесі, iTeacher Academy негізін қалаушы Юлия Андреева Apple Education жобаларын жабдықтаудан мұғалімдерді оқытуға дейінгі дүниені кешенді түрде жүзеге асырады.

Мұғалімдер мен білім саласындағы қызметкерлерге сабақта қолдануға болатын пайдалы материалдар дайындадық, Instagram-да сілтеме арқылы жүктеуге болады:

@iteacher_academy → taplink.cc/iteacher_academy → «әдістемелік

Материалдарды жүктеу» және «қосымшалар тізімін жүктеу»

Юлия Андреева
негізін қалаушы
iTeacher Academy

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий