ЖАНТАҚ ӨСІМДІГІНІҢ ҚҰПИЯСЫ НЕДЕ?

Түркістан облысы, Келес ауданындағы №53  Құркелес жалпы орта білім беретін мектептің 8 сынып оқушысы Жанна Жанхазықызы Тәшібай бірнеше жылдан бері жантақ өсімдігін зерттеп келеді.

Жас ғалым ғылыми зерттеу жұмысын жинақы, тиянақты жүргізген. Ғылыми жетекшісі Сейдулла Қуаныш оқушысының бәрінен бұрын жауапкершілігінің мол болғанына дән разымын дейді:

Оқушым ғылыми жұмыста жантақ өсімдігі туралы толық түсінік берген. Жантақ өсімдігінің пайдасы, емдік қасиетін зерттеп, ерекшеліктерін атап өткен. Өсіп-өнуі, табиғатта таралуы туралы да анықтаған. Халық медицинасында жантақ түрлі ауруларды емдеуге кеңінен қолданылады, – дейді биология пәнінің мұғалімі.  

Жантақтың бірнеше түрі еліміздің оңтүстік өңірінде ғана өседі. Емдік қасиеті мол өсімдік турасында жас зерттеуші былай дейді:

– Біздің елімізде бірі білсе, бірі біле бермейтін емдік шөптер өте көп, солардың қатарында адам өміріне де, мал шаруашылығына да тигізер пайдасы орасан зор емдік қасиеті бар шөптердің бірі – жантақ өсімдігі. Бұл – ерте заманнан далалық жерде, әсіресе шөлді-қырлы өңірде кездесетін өсімдік. Түрлі ішкі ағзада болатын аурулармен ауырғанда адам денсаулығы үшін керекті дәрумендерді осы өсімдіктің құрамынан кездестіреміз.

Жаннаның бұл жобасы оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңінде жоғары бағаланды. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, Жаннаның бұл жетістігінде әлбетте, ұстазының да еңбегі зор. Биология пәні мұғалімі Сейдулла Қуаныш өзі де жас маман бола тұра, Жанна секілді қырағы шәкірттеріне бағыт-бағдар беріп, ғылым әлеміне қарай аяқ бастырып үлгерді. Оның жетекшілігімен жүзеге асып жатқан ауқымды жобалар әлі де тыңғылықты зерттелуде.  

 

Орынгүл МАХМУД

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий