Эстония тәжірибесінен: “Тілдік ену” пилоттық жобасы

Былтырғы 2021 жылдың күз айында ҚР Президентінің “Болашақ” халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысып, байқаудың барлық кезеңдерінен сәтті өтіп, Болашақ стипендия иегері атандым. Солай әлемнің үздік университеттерінің бірі Балтық өңіріндегі жалғыз университет – University of Tartu -да  тағылымдамада өтудемін. 

Тағылымдаманың бірінші күнінен Эстонияның білім бағдарламасымен танысу барысында  бірнеше жыл бой жүріп жатқан «Тілдік ену» пилоттық жобасымен таныстық.  «Тілдік ену» пилоттық жобасы бала-бақшалар мен мектептерінде эстон тілін үйренуде тілдік ену әдістемесін қолданады.

Тілдік ортаға ену – эстон тілін, яғни, мемлекеттік тілді жақсы меңгеру мақсатында Эстонияда мемлекеттік бағдарлама ретінде енгізілетін оқыту түрі. Эстониядағы кез-келген бала мемлекеттік тілде оқуға құқылы.

Мынадай модельдер белгіленді: ерте толық тілдік ену (балабақша немесе мектептің 1-сыныбы), ішінара тілдік ену (балабақша), кеш тілдік ену (мектептің 6-7-сыныбы), екі жақты тілдік  ену.

Бұл бағдарламаның мақсаты – балалардың тілдік деңгейіне жету: олар оқу тілінде түсініп, сөйлей, оқи және жаза алады, оқуын эстон тілінде де, орыс тілінде де жалғастыра алады,  өз жасына сәйкес деңгейде ана тілін еркін меңгереді, олар өздерінің ұлттық бірегейлігін және басқа мәдениеттерге құрметпен қарауды сақтай алды.

«Тілдік ену» пилоттық жобасының бала-бақшада 3 түрлі моделі бар:

– ерте толық ену топта бес жастағы  орыс тілді балалар, оқу-тәрбие жұмысы тек эстон тілінде жүргізілуде;

 – ішінара ену – топта 3-4 жастағы орыс тілді балалар, оқу-тәрбие жұмысын екі мұғалім кезектесіп, бірінші жартысында орыс тілінде-бір мұғалім,  екінші жартысында келесі мұғалім эстон тілінде еш аудармасыз тек толықтыру барысында сабақ өтеді;

– екіжақты ену – 3-4 жастағы орыс тілді және эстон тілді тең санды  топты балалар, оқу-тәрбие жұмысы екі мұғалім кезектесіп, бірінші жартысында эстон тілінде-бір мұғалім,  екінші жартысында келесі мұғалім орыс тілінде еш аудармасыз тек толықтыру барысында сабақ өтеді. Тілдік ену  тобын бітіргеннен кейін бала бірінші сыныпқа эстон немесе орыс тілінде оқытатын мектепке немесе толық тілдік ену сыныбына бара алады.

Мектептердің жұмысын талдау барысында ерте тілдік ену  бағдарламасы бірінші сыныптан басталады, онда барлық пәндер эстон тілінде оқытылады, кеш тілдік ену  (мектептің 6-7-сыныбы), екі жақты тілдік батыру. Эстониядағы кез-келген бала мемлекеттік тілде оқуға құқылы. Шомылу тобын бітіргеннен кейін бала бірінші сыныпқа бара алады: Эстон немесе орыс тілінде оқытатын мектепке немесе толық тілдік батыру сыныбына.

Ал кеш тілдік ену  5-сыныптан басталады, онда оқу жұмысының 1/3 бөлігі эстон тілінде жүргізіледі. Мектепте тарих, эстон тілі, математика, ағылшын тілі, өнер, музыка, адамтану, ана тілі мен әдебиеті пәндерінің интеграциясы қолданылады. Бұл ретте оқушылар әртүрлі мысалдармен өз білімдерін толықтыруы үшін интеграцияның негізіне ең күрделі тақырыптар алынады.

Эстон тілін белсенді қолданумен қатар, басқа пәндер де оқу процесінде және белсенді іс-әрекет процесінде оқытылады.  Тілдік енудің мақсаты – ана тілінде, эстон тілінде жақсы меңгеру деңгейін қамтамасыз ету. Ғылыми зерттеулерде балалар мемлекеттік оқу бағдарламасы бойынша  эстон тілін өте жақсы деңгейде біледі  онымен қатар өз ана тілінде орыс тілді бағдарламалар бойынша оқитын құрдастарымен бірдей деңгейде біледі деген болжам расталды. Бұл жағдайда бағдарламаның элитарлық болмайтындығы және қарапайым бағдарлама көлемінде оқумен айналысатын балалар тілдік ену сыныптарында жақсы нәтижелерге қол жеткізетіні расталды.

Тәжірибе алмасу барысында біз  Эстонияның Нарва қаласындағы “Narva lasteaed Sädemeke”,  Тарту қаласындағы «Tartu Lasteaed Kelluke»,  Таллин қаласындағы  «Tallinna Suur Pae Lasteaed» балабақшаларының,  Нарва қаласының «Narva Vanalinna Riigikool», «Narva Pähklimäe», Таллин қаласының «Tallinna Pae Gümnaasium» гимназияларының және Тарту қаласының  «Tartu Aleksander Puškini Kool»  мектептерінің пилоттық жоба бойынша өткізген сабақтарына қатысып, тәжірибе алмастық.  

Мектептерде 45 минут сабақта 2 мұғалім жұмыс жасайды, бір мұғалім – эстон тілінде, екінші мұғалім – орыс тілінде сабақ жүргізеді. Ұсынылған әдістеме оқушыларға эстон тілін жоғары деңгейде меңгеруге мүмкіндік береді.

Негізгі мектепті бітіргеннен кейін гимназияда оқуды оқушылардың 60%-ы таңдайды, 37%-ы кәсіби білім беру саласында оқуын жалғастыруда. Эстония бойынша мектеп түлектерінің мемлекеттік емтихандарының нәтижелері әртүрлі мектептерде және әр жылдары әртүрлі деңгейлерде болады.

Эстон тіліндегі екінші емтиханның нәтижесі жылдан жылға жоғарылап келеді. Мысалы, Эстонияның мектептерінің орташа көрсеткіші 2018-2019 оқу жылында – 62,2% болса, 2019-2020 оқу жылында – 64,4%, 2020-2021 оқу жылында  – 65,5.

Соңында айтқым келгені, Қазақстан – көп ұлтты  мемлекет және  қазақ тілін білуі – мемлекеттік мәні бар мәселе. Әрбір жеке адам, әрбір ұжым, әрбір ұжымның басшысы Еуропа мемлекеттерінің тәжірибесін үлгі ретінде қазақ тілін  балабақшалардан бастап үйретуге қолға алса деген ойым бар.

Э.Мирзалиева

«Өрлеу» БАҰО АҚ «Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институты»филиалы, «Жаратылыстану  және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, PhD философия докторы

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий