Ақмола облысы: “Оқуға құштар мектеп” жобасы жүзеге асырылуда

Ақмола облысының білім беру ұйымдарында “Оқуға құштар мектеп” жобасы іске асырылуда. Оның аясында мектеп кітапханаларының барлық қызметі кітап пен оқуды ілгерілетуге, патриоттық тәрбиеге, оқу сауаттылығын, отбасылық оқуды қалыптастыру мен жетілдіруге, шығармашылық ойлауды дамытуға бағытталған, – деп хабарлайды осы аймақтағы салалық құрылымның баспасөз қызметі.

” Оқуға құштар мектеп ” аймақтық жобасы алты бағыттан тұрады.
“Оқу сауаттылығын қалыптастыру және жетілдіру”. Осы бағыт шеңберінде мектеп кітапханаларында виртуалды және дәстүрлі кітап көрмелері ресімделеді, кітапхана сабақтары, көрме алдында әңгімелесу, дауыстап оқу сағаты, сүйікті кітаптардың тұсаукесерлері, жаңа кітаптың тұсаукесер – ұсынымдары өткізіледі, әдеби визиткалар жасалады, сондай-ақ “Кітапханаға кітап сыйла” акциялары өткізіледі. Бұл мектеп кітапханаларының қорын көркем және танымдық әдебиеттермен толықтыруға мүмкіндік береді.

“Оқу өзін-өзі тану тәсілі ретінде”. Бұл бағытта оқушылардың мектеп сайыстары, кездесу кештері, ерлік сабақтары, “Оқимыз-сурет саламыз” суреттер көрмесі өткізіледі, медиа-журналдар, жадынамалар жасалады, мектеп буккроссингтері жұмысын жалғастыруда. Ұсынылған тақырыптық әдебиеттер тізімі, “оқуды ұсынамын”онлайн шолулары жасалады.

“Заманауи отбасылық оқу дәстүрлері”. Осы бағыт аясында “Өмір кітабы бар”, “Дауыстап оқу сағаты”, “Бүкіл отбасымен оқимыз” мектеп, қала акциялары, сондай-ақ театрландырылған қойылымдар өткізіледі, кітаптар бойынша буктрейлерлер, интерактивті викториналар, дайджесттер құрылады, ақпараттық стенділер ресімделеді. “100 кітап” жобасы. “Үздік буктрейлер” конкурстары өткізіледі, көркем әдебиеттің ұсыныс тізімдері, онлайн-шолулар жасалады.

“100 кітап” жобасының әдебиеті оқырманға мобильдік көрмелердің QR кодтары арқылы ұсынылады, кітапханада тілдесу күндері өткізіледі. – Оқу уақыты: барлық пәндер арқылы оқу”. Бұл бағытта әр түрлі формадағы іс-шаралар өткізіледі: Google нысандарындағы кітаптар бойынша онлайн-викториналар, театрландырылған қойылымдар, буклеттер шығару, “Қалам үлгісі” – оқушылардың әдеби шығармашылығы, Алғыс айту күні, әдеби кейіпкерлермен арт-кездесу, “Наурыз” мерекесі және тағы да басқалар.

“Мектеп кітапханаларының материалдық-техникалық базасын дамыту”. “Мектеп кітапханаларының материалдық базасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, көркем әдебиет сатып алынуда. Мектеп кітапханалары компьютерлік техникамен, көпфункционалды құрылғылармен, принтер-ксерокстармен және сканерлермен жабдықталады”, – деп атап өтті облыстық білім басқармасының әдіскері Анар Қалауиденова.

Кітапхана мазмұнын есепке алуды жүйелеу және жеңілдету үшін мектеп кітапханаларында әртүрлі автоматтандырылған кітапхана-Ақпараттық жүйелер орнатылады. Мысалы, 339 мектеп кітапханаларында МАРК-SQL жүйесі орнатылған, Бурабай ауданы мен Көкшетау қаласының 7 мектебінде КАБИС автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйесі орнатылған, Ақкөл қаласының 4 мектебінде “Е-кітапхана” жүйесі жұмыс істейді.

Осы бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда. 2022 жылы мектеп кітапханаларының қорын толықтыру және жаңарту мақсатында әр түрлі жанрдағы, сондай-ақ әр түрлі жас санатындағы оқушыларға 66 мың дана көлемінде көркем әдебиет сатып алу жоспарлануда. Естеріңізге сала кетейік, білім беру ұйымдарының кітапханаларын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыру мақсатында Ақмола облысының білім басқармасы оқушылар арасында Оқу мәртебесін арттыру және оқу сауаттылығын дамыту бойынша “Оқу мектебі” өңірлік жобасын әзірлеп, бекіткен болатын.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий