Батыс Қазақстан облысы: Сапалы білім беру – басты назарда

Биылғы жылды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Балалар жылы» деп жариялағаны белгілі. Осыған орай өңірімізде арнайы жоспар аясында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. Жыл еншісіндегі іс-шаралар барысында балалардың сапалы білім алуына жағдай жасау, олардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, шығармашылық тұрғыда дамыту, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау мақсаттары көзделді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда, облыста жекеменшік балабақшаларды ашу, басқа ғимараттарды қайта жаңғырту арқылы мектепке дейінгі ұйымдардың желілерін дамыту бойынша шаралар қабылдануда. Жалпы 32 мыңға жуық баланы қамтыған 523 мектепке дейінгі ұйымдар бар, оның ішінде 414-і мемлекеттік, 109-ы жеке меншік. Екі мен 6 жасқа дейінгі балалар мектепке дейінгі біліммен  87,4%,  3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар жүз пайызға толық қамтылды.

Соңғы жылдары жеке мектепке дейінгі ұйымдар желісі өсуде. Өткен жылы 1567  орындық 29 мектепке дейінгі ұйымдар ашылса, оның  26-ы  жеке (1510 орындық). Шығармашыл  тұлғаның табиғатын ашуға,  4К моделін  дамыту, педагогтердің тәрбилеу мен оқытуда түрлі әдіс-тәсілдерді жетілдіру үшін инновациялық технологияларды пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етуде мектепке дейінгі ұйымдарда «Бәрің білгім келеді», «Эко балабақша» жобалары іске асырылуда.

Білім беру нысандарының күрделі жөндеуі, құрылысы және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі. Мектеп жасындағы балалардың алаңсыз сапалы білім алуына жағдай жасау, олардың жайлы ортасы мен жарқын болашағын қалыптастыру – күн тәртібінен түспейтін міндет. Ағымдағы жылы екі мектеп пайдалануға беріліп, тағы 5 білім ордасының құрылысы жүргізіліп, өңірдегі апатты жағдайдағы және үш ауысымда оқытатын мектептер санын азайту бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Биылғы жылы КПО.б.в компаниясы қаражаты есебінен алпыс және 108 орындық он бес шағын жинақты мектептер құрылысы басталады. Сонымен қатар биыл 19 білім беру ұйымының күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сексен тоғыз мектепте 227 пәндік кабинеттер жасақтау, 64 мектепке арнайы жиҺаздар және елу төрт мектепке балаларды тасымалдайтын автобустар сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ облыс орталығындағы 41 мектеп асханасы автоматтандыру жүйесіне қосылды.

Орта білім саласындағы маңызды міндеттердің бірі – қала және ауыл мектептері арасындағы оқыту сапасының алшақтығын қысқарту. 2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша оқушылардың білім сапасы -60,3%-ды құрайды (өткен оқу жылында елу сегіз пайыз). Облыстың жоғары оқу орындары, педагогикалық колледж және білім беру орталықтарымен оқушылардың білімін толықтыру бойынша кешенді жұмыс жоспары, білімдегі олқылықтарды, қала мен ауыл арасындағы білім сапасындағы алшақтықты жою, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру  бойынша Жол картасы жасақталды.

Жол картасы аясында төмендегідей жобалар іске асырылуда: «Батыс Innovations» жобасы, тьюторлық жүйеде 27 инновациялық мектептер 48 жетекші мектептермен жұмыс жүргізілді. Оқушыларды халықаралық зерттеулерге, түлектерді аралық және қорытынды аттестаттауға, Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындауды жетілдіру мақсатында «Үзілістегі дайындық», «Көмекtimes» жобалары және «Teaching School», «Сенбілік мектеп», «Кеңес мектебі», «Master school», «Open school» жобалары ұйымдастырылып, 2021-2022 оқу жылында онлайн форматта  алты жүзден астам сабақ пен кеңестер өткізілді.

Педагогикалық жоғары оқу орындары мен колледждердің 500-ден астам студенттерінің каникулдық мектебі, волонтерлік қызметі ұйымдастырылды. 9, 11 сынып түлектерін колледж бен жоғары оқу орындарына түсуге дайындау үшін «Аlternative tutor» онлайн-репетитор жобасы аясында негізгі пәндер бойынша сабақтар өткізілуде. «Мобильді мұғалім» жобасында тәжірибелі мұғалімдері бірнеше елді мекендегі шағын жинақты мектептерде көшпелі сипатта педагогикалық қызметті жүзеге асырады.

«Шағын жинақты мектептегі үш күн» жобасында көрсеткіштері төмен мектептерге мықты, көшбасшы мектептер әдістемелік көмек көрсетеді, жұмыс тәжірибесімен бөліседі. Ауыл мектептеріне қолдау көрсету бағытында «Mobile School» жобасы енгізіліп, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті және Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университеттері аудандар мектептерімен бірлескен шаралар атқарылуда.

Озық  тәжірибелерді ұсыну, білім алушыларға білім беруде, математикалық сайыстарға дайындауда бағыт-бағдарлар беру «Интеллект әлемі» жоба аясында «Математикалық  құзыреттілік»,  «Олимп жолы», «Сабақ – оқытудың басты формасы», «Әдістемелік шеберлік» тірек мектептері  жұмыс жасады. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысында бойынша 39 оқушы жүлделі орындарды иеленді. Олимпиаданың қорытындысында аймақтың төрт мектебі республика бойынша «100 Үздік мектеп» қатарына енді.

2022 жылы халықаралық олимпиадалардың нәтижесі бойынша облыс оқушылары бір алтын, 1 күміс, алтын қола медаль иеленді. Болашақ мамандықты саналы түрде таңдауы мақсатында 8-11 сынып оқушыларына арналған он бес мектепте 6 бағыт бойынша ашылған жиырма бір тәжірибелік алаң жұмыс жасауда, соның ішінде 144 оқушыны қамтыған жеті мектепте 9 педагогикалық сыныптың эксперименттік алаңы бар. Биыл осы педагогикалық сыныпта оқып, кейіннен педагогикалық жоғары оқу орындарында білім алған 12 алғашқы түлектері жоғары оқу орындарын аяқтайды.

Облыс мектептерінде 15 623 педагог жұмыс істейді. Орта білім беру ұйымдарындағы жаңа форматта аттестаттаудан өткен педагогтар  үлесі 65,8%-құрайды. Ағымдағы жылы 70 білім беру ұйымының басшыларына ротациялау жүргізілді. Балаларды бос уақытында түрлі мәдени және спорттың іс-шараларға тарту арқылы да олардың таным көкжиегін кеңейтуге, өмірге оң көзқарасын қалыптастыруға болатыны сөзсіз. Облыста елу қосымша білім беру ұйымдары жұмыс жасап, оларда оқушылардың 91,3%-ы бірнеше үйірмемен қамтылса, оқушылардың 72,4 пайызы тек бір үйірмемен қамтылған.

Жергілікті барлық мектепте әр түрлі бағыттағы 1 950 спорттық секциялар жұмыс жасап, оларда  оқушылардың  49,3%-ы  қамтылған. Былтырдан бастап қосымша білім беру ұйымдарына қабылдау «Қосымша білім беру навигаторы» бағдарламалық модулі арқылы жүзеге асырылып, ата-аналар мен балаларға қызығушылықтары мен қалауына сәйкес облыстың қосымша білім беру ұйымдарында үйірмелер таңдауға мүмкіндік берілді. Бұл жүйемен қосымша білім беру ұйымдарына 43 мыңнан астам бала қабылданды.

Балалар жылына білім беру мекемелерінде түрлі жобалар жүзеге асырылуда. Айталық, “Aqjayiq” телеканалымен бірлесе жасалған «Bilim High» тележобасы, “Balatime” жобасы, аймақтық “Juniorskills-2022” чемпионаты,  «Экомектеп», «Эко балабақша» жобалары жүзеге асырылуда. Облыс бойынша психологиялық – дәрігерлік – педагогикалық кеңес беру мекемесі есебінде 6 мыңнан астам ерекше білім беруге қажеттілігі бар бала тұр. Балаларды инклюзивті біліммен қамту барлық ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар санының 68,4%-ы құрады.

Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды анықтау және олардың білім алуына жағдай жасау мақсатында облысымызда үш психологиялық – дәрігерлік – педагогикалық кеңес беру мекемесі жұмыс жасайды. Сондай-ақ, облыстың әр ауданында және Орал қаласында 13 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде арнайы педагогтер балаларға түзету-дамыту көмегін көрсетеді. Арнайы түзету мектептері үш бірлікті құрайды. Арнайы түзету мектептерінде 542 оқушы оқиды.

Арнайы білім беру саласында тіл мүкістігі бар екі мыңнан астам оқушыны қамтыған 98 логопедиялық бөлімше бар. Логопедиялық бөлімшелер саны былтырғы жылмен салыстырғанда жеті бірлікке көбейді. Облыс бойынша мүмкіндігі шектеулі 10 немесе одан да көп бала оқитын жалпы білім беретін мектептерде жүз жетпіс екі дефектолог пен 214 логопед енгізілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда он алты бірлік дефектологқа және 55 логопедтің бірлігіне көбейіп отыр.

Төрт мектеп жанынан ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған психологиялық-педагогикалық қолдау кабинеттері ашылып, қызмет көрсетуде. 2022 жылы облыста аутизмі (аутистикалық спектрдегі бұзылыстары) бар балаларды қолдау орталығы (autism-орталығы) жұмысын бастады. Облыстың техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде отыз төрт колледж (25 мемлекеттік және 9 жеке меншік) жұмыс істейді. Колледждерде 17 мыңнан астам студенттер білім алса, оның  65,8%-ы  (11 447 студент)  мемлекеттік тапсырыс білім алуда.

Биылғы жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша төрт мыңнан адам қабылданады. Отыз мамандық және 44 біліктілік бойынша жиырма бір мемлекеттік және 5 жеке колледждерінде дуалдық оқыту жүйесі ендірілген. Дуалды оқыту екі мыңнан астам  студентті қамтиды. Тоқсан сегіз өндірістік кәсіпорындармен 2180 шарт жасалып, шарттар аясында кейіннен жұмысқа орналастыру үшін түлектер машықтанудан өтуде. Колледждердің негізгі серіктестері болып «Орал трансформатор зауыты» ЖШС, «Стройкомбинат» ЖШС, «Уральскагрореммаш» АҚ, «Балзия» ЖШС және тағы да басқалар.

Жиырма екі колледжді өз қамқорлығына алу жөнінде 25 кәсіпорынмен келісімдер жасалды. Жиырма алты колледже индустриялдық кеңес құрылды. Алты колледжде 48 кәсіпорынның 91 маманға деген мақсатты мемлекеттік тапсырысы бөлінді. Алдағы уақытта да білім саласын  дамытудағы жұмыстар өз жалғасын табатын  болады.

Айгүл Әділгерейқызы МЫҢБАЕВА,
Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының
басшысы, Орал қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий