Маңғыстау облысы: Бес жылда оқушы саны 38 мыңға артты

Бүгінгі таңда облыстағы мектепке дейінгі ұйымдарға деген сұраныс күн тәртібінде тұрған мәселе. Статистикалық мәліметке сәйкес соңғы үш жылда  туу көрсеткіші 16%-ға немесе 3300 балаға өсті (2021 ж. – 23512, 2020 ж. – 21734, 2019 ж. – 20246). Бүгінде 344 мектепке дейінгі ұйымда 40 931 бала тәрбиеленуде. 3-6 жастағы балалар балабақшамен толық қамтылды. Ал 2-6 жас аралығында мектепке дейінгі ұйымдармен қамту – 82,8 %. (кезекте – 10 442 бала).

Биылғы жылы 1426 орындық 19 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым ашу жоспарланды (Ақтау-9, Жаңаөзен-2, Бейнеу-1, Мұнайлы-4, Түпқараған-3). Бүгінгі таңда 955 орындық 13 жекеменшік балабақша ашылды (Ақтау-10, Жаңаөзен-1, Маңғыстау -1, Мұнайлы-1). Сонымен қатар, балаларды екі жастан бастап қамту үшін Ақтау қаласындағы барлық балабақшалардың ұйымдық-құқықтық формасы өзгертіліп, бөбекжай болып қайта құрылды. Жылдың соңына дейін қамту көрсеткішін межеленген республикалық көрсеткіш деңгейіне, яғни 84 пайызға жеткізетін боламыз.

Орта білім беру ұйымдары оқушыларының динамикасына сәйкес соңғы 5 жылда мектептердегі оқушы саны 38 мыңға артты, өткен жылмен салыстырғанда оқушы саны биыл 8 мың жарымға артқан (2017-2018 о/ж – 128661, 2021-2022 о/ж – 167385). Бүгінде үш ауысымда оқытатын 18 мектеп, апаттық жағдайдағы екі мектеп бар. Биыл 1800 орындық 2 мектеп (Ақтау қаласы 31 «а» ш/а 1200 орындық, Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылы «Жаңа қоныс» ш/а 600 орындық), 624 орындық 2 қосымша құрылыс (Бейнеу ауданындағы Атамекен, Күйкен мектептеріне әрқайсысы 312 орындық) пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар 4390 орындық 11 жекеменшік мектептің (Ақтау қаласында-4, Мұнайлы ауданында-3) ашылуы жоспарлануда. Нәтижесінде, облыстағы үш мектеп (Ақтау қаласының №29, Бейнеу ауданының Атамекен мектебі, Мұнайлы ауданының №14 мектебі) екі ауысымға көшкенімен, өкінішке орай, Ақтау қаласының 3 мектебі (№1, 17, 21)  үш ауысымға шығады, барлығы 18 мектеп үш ауысымда оқитын болады. Биыл 2 мектепті күрделі жөндеуден өткізу үшін облыстық бюджеттен 2 млрд. 600 млн. теңге қаржы бөлініп, конкурстық рәсімдер жүргізілуде (Жаңаөзен қаласы №8, №14).

Ауыл мектептерін жаңғырту аясында 21 мектептің ағымдағы жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 400 млн. теңге бөлінді (Ақтау қаласы – 1 (№27), Жаңаөзен қаласы – 2 (№4, 15), Қарақия ауданы – 3 (№9, 10, 11), Бейнеу ауданы – 3 (Каракум, Тұрыш, Ж.Қалдығараев), Маңғыстау ауданы – 5 (Н.Жұбаев, Е.Айшуақұлы, Б.Жұмалиев, Шетпе лицей, Боздақ бастауыш мектебі), Мұнайлы ауданы – 4 (№4, 9, 10, 11), Түпқараған ауданы – 3 (З.Баймырзаев, М.Горький ат.мектеп-лицей, М.Әбдіхалықов мектеп-гимназиясы).

Жиырма бір ауыл мектебіне 63 физика, химия, биология кабинеттерін және Ақтау, Жаңаөзен қалаларының 15 мектебіне жан басына шаққандағы қаржыландыру есебінен 45 кабинет, 3 STEM лаборатория сатып алу жоспарланды. Облыста 171 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді (143 күндізгі мемлекеттік мектеп, 5 кешкі, 18 жекеменшік, 5 арнайы мектебі). Мектептерде 167 385 оқушы оқып, 7563 түлек орта білімді аяқтады (2020-2021 о.ж. – 7007). Алтын белгіге үміткер 180 түлектің 174-і (96,6%) мемлекеттік емтиханның нәтижесімен өз білімін растады (2020-2021 о.ж. – 218).

«Ел үміті» жобасы аясында «Қабілет», «Елбасы медалі» жобалары, ауыл балаларына арналған «IQanat», «Мың бала» олимпиадалары өткізілді. «Бірге оқу» онлайн мектеп жобасында төрт жүзден астам оқушы оқыды. Республикалық деңгейде өткен олимпиадалар, ғылыми жобалар конкурстары мен байқауларда 140 оқушы, ал халықаралық деңгейде 23 оқушы жеңімпаз атанды. Бес білімгер химия, математика, лингвистикадан Қазақстан құрама командасына енді. Биыл республикалық білім грантымен қоса облыс түлектері үшін қосымша 6000 білім гранты, жергілікті бюджет есебінен 175 білім гранты бөлінді.

Мектептердегі білім сапасын және оқушылардың функционалдық  сауаттылығын арттыру, педагогтарға әдістемелік қолдау көрсету, мектепті басқару жұмысының тиімділігін арттыру бағытында Ақтау қаласының, Мұнайлы, Маңғыстау, Қарақия аудандарының жекелеген мектептерінде Назарбаев Зияткерлік мектебінің, Есенов университетінің және Маңғыстау гуманитарлық колледжінің әдістемелік-тәжірибелік қолдау алаңдары жұмыс жасайды.

Пән мұғалімдерінің қауымдастықтары, үздік педагогтар қауымдастығы, «Математикалық прогрессия» жобасы жүйелі жүргізіледі. Жаңаөзен қаласының 6 мектебіне «Білім-инновация» лицейінің тәжірибесін енгізу жобасы басталды.  «Самұрық-Қазына» АҚ әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникациялар орталығы демеушілігімен «Зияткер ұрпақ» жобасы аясында Жаңаөзен қаласының 165 аз қамтылған отбасыдан шыққан 11 сынып оқушыларын ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындады.

«Z-ұрпаққа арналған мектеп: Маңғыстау облысында ауыл және қала мектептерінің алшақтығын қысқарту» бағдарламасы 15 ауыл, 15 қала мектебінде жүргізіліп жатыр. Eurasian Center for People Management компаниясы жобалық зерттеу, менторлық, диагностика және оқыту арқылы 30 мектепті жаңа бағытқа трансформациялайды. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 100 млн. тг  бөлінді. Қазіргі таңда облысымызда кадр тапшылығы 229 педагогты  құрайды (Ақтау-97, Жаңаөзен-81, Бейнеу-1, Қарақия-20, Маңғыстау-6,  Мұнайлы-13, Түпқараған-11).

Педагогтардың тапшылығын жою және білім сапасын арттыру мақсатындағы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «еліміздің төрт аймағына педагогтар тарту» арнайы бағдарламасына сәйкес облысымызға 229 педагог қабылдануы тиіс. Бұдан басқа 2022-2023 оқу жылында облыста 1800 орындық екі мектеп пайдалануға беріледі. Ашылғаннан кейін екі мектепке 240-тан астам педагог қажет етіледі. Осы мәселелерді шешуде жүргізілген талдауларға сәйкес биыл 1300-ден астам облыс түлектері педагогикалық мамандықты аяқтайды деп күтілуде.

Оның ішінде: өңірдегі педагог мамандар даярлайтын 8 колледжді биыл 434 педагог (оның ішінде қажетті 137 шет тілі, 50 орыс тілі, 23 математика, 22 бастауыш және басқа мамандықтар бойынша 224 мұғалім); Ш.Есенов атындағы КМТИУ-ін 544 педагог (125 шет тілі пәні мұғалімі, 40 орыс тілі пәні мұғалімі, 43 математика пәні мұғалімі, 72 бастауыш пәні мұғалімі және басқа мамандықтар бойынша 334 мұғалім); еліміздің басқа жоғары оқу орындарын білім грантымен 302 түлек; жергілікті білім грантымен 39 түлек, жалпы басқа қалаларда педагог мамандығына 204 студент білім алуда.

Қазіргі таңда осы 60 директор лауазымына конкурстар жарияланды. Биылғы жылы 61 басшысы (16 мектеп, 3 техникалық және кәсіптік ұйымдары, 42 балабақша)  ротацияланады. 127 643 бала (76%) қосымша біліммен қамтылған. Мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыс аясында мәдениет саласында 8486 бала,  спорт саласында 7 840 бала қамтылды. Биыл үш мың балаға қосымша білімге мемлекеттік тапсырыс берілді. Бұл мақсатта жергілікті бюджет есебінен 100 млн. тг бөлінді (1 балаға орташа шығын 12294 тг).

Шілде айынан бастап балаларды қамту жұмыстары басталады. Жыл соңына дейін облыс бойынша  78%  оқушы қосымша біліммен қамтылады деп жоспарлануда (республикалық көрсеткіш – 75,5%). Жергілікті полиция қызметімен бірлесіп жасаған жұмыстарға қарамастан жасөспірімдермен жасалған қылмыс саны өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда он бес қылмысқа немесе +187,5 пайызға өскен. Өткен жылы төрт ай ішінде 8 қылмыс жасалса, биыл өкінішке орай 23 қылмыс жасалды.

Қылмысқа 12 жасөспірім қатысты. Осы жасалған қылмыстардың барлығы да білім беру ұйымдарында емес, одан тыс жерлерде жасалған. Алайда, біз білім беру ұйымдарынан жауапкершілікті алшақтатпаймыз. Биылғы бес айда үш суицид фактісі тіркелді. Өткен жылы суицид фактілері тіркелген жоқ. Осыған байланысты психологтар жұмысының тиімділігін күшейту үшін білім басқармасына қарасты арнайы психологиялық қолдау орталығын ашу керек деп есептейміз.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде білім беру ұйымдарының бейнебақылау камералары жергілікті басқару орталықтарына қосылып, «дабыл» түймелері орнатылды. Мектептер мен колледждерде лицензияланған күзет енгізу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде жергілікті басқару орталықтарына отыз бес балабақша, 134 мектеп, бес колледж қосылды. Алпыс үш балабақша, 141 мектеп және 9 колледжде мамандандырылған күзет енгізіліп, 29 мектепте турникеттер орнатылды. Облыста 0-18 жас аралығында 287 063 бала бар.

Оның ішінде психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға (бұдан әрі-ПМПК) тіркелгені – 7490 (2020ж.-6175, 2021ж.-6482). Аймақта жыл сайын арнайы санаттағы балалардың саны көбейіп келеді. Бүгінгі таңда ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға 18 арнайы білім беру ұйымы қызмет көсетеді (ПМПК-5, ППТК-6, Оңалту орталығы-1, арнайы мектеп-3, арнайы мектеп-интернат – 1, арнайы балабақша -2). Биылдың үшінші тоқсанында Ақтау қаласынан арнайы балабақша, IV тоқсанында психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің филиалын ашқалы отырмыз.

Өңірімізде техникалық және кәсіптік  білім беруді 27 оқу орны жүзеге асырып отыр, оның ішінде жекеменшік колледждің саны – 12 (44,4%). Колледждерде 19568 студент білім алады. Соңғы үш жылда колледждер желісі өзгеріссіз. Мамандарды  дайындау  86 мамандық пен 175 біліктілік бойынша жүргізіледі. 2017 жылдан бастап мұнай-газ өнеркәсібі саласына мемлекеттік тапсырыс есебінен кадр дайындау  тоқтатылып, оның орнына мұнай-газ саласына қызмет көрсетуге қажетті мамандар дайындауға басымдық берілді.

Туризм кластерінің дамуына байланысты туризм, логистика, қызмет көрсету, қонақ үй бизнесі, ІТ саласына мамандар дайындауға мемлекеттік тапсырыс саны артты. Жергілікті ауыл шаруашылығына мамандар дайындау үшін соңғы үш жылда «Фермер шаруашылығы», «Жеміс-көкөніс өсіруші», «Бақ-саябақ және ландшафт құрылысы», «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандықтары ашылды. Жаңа кәсіптер атласына сәйкес өткен оқу жылында мамандықтар қатарына жаңа біліктіліктер қосылды: BIM-техник, BIM-қолданушы, сандық техника, техник сметашы және тағы да басқа.

2021-2022 оқу жылына 4431 орынға  оның ішінде 3500 жергілікті бюджет есебінен, 1131 орын еңбек бағдарламасы есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінді,  2022-2023 оқу жылына 5535 орын, оның ішінде 3535 жергілікті бюджет есебінен екі мың орын республикалық бюджет есебінен мемлекеттік тапсырыс жоспарлануда. Мемлекеттік тапсырысты 904 орынға арттыру көзделіп отыр. Жаңа оқу жылында жаңа кәсіптер атласына енген «Роботехника және кірістірілген жүйелер», «Құрылыс сметалық жұмыс», «Дизайн, азаматтық ғимараттарды жобалау, қалпына келтіру, қайта құру» мамандықтары ашылады.

Сонымен қатар техникалық мамандықтарға басымдық берілетін болады. Өткен  оқу жылында колледжге 9-сыныптан кейін келген 5524 оқушының 4024-і мемлекеттік тапсырыспен қабылданды (73%). Биылғы жылы мектептің тоғызыншы сыныбын 12616 оқушы бітірді. Оның 4783-і колледждерге түсуге ниет білдірді. Ұлттық жобаға сәйкес 2025 жылғы дейін  9-сыныптан кейін қабылдау толығымен мемлекеттік тапсырыс есебінен жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда  отыз алты кәсіпорыннан 436 орынға сұраныс түсті.

(«Озенпрофгеофизика» АҚ-ы, «Казпочта» АҚ, «КаскорМашзауыт» АҚ, «ӨзенМұнайгазсервис» ЖШС-і, «Ordakonstructiongroup» ЖШС-і, «TESCerviseCompany» ЖШС-і, «Орда» ЖШС-і, «АбзалLtd» ЖШС-і, «ДостарМұнай» ЖШС-і және тағы басқа). Жиырма бес колледжде  Индустриялық кеңестің құрамына жұмыс берушілер кірді. Дуалды оқыту жүйесімен оқитын студенттердің саны өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға артты (2021 жылы – 2805, 2022 жылы – 3260).

Екі жүз үш әлеуметтік серіктес мекемемен  келісімшарт жасалды. Облыстағы 17 колледжді  25 кәсіпорын мен мекеме шефтік қамқорлыққа алды. Компания өкілдері қамқоршылық және индустриалдық кеңестердің құрамына енгізілді. «Жас маман» жобасы бойынша өңірдің 10 колледжі заманауи жабдықтармен жарақтандырылды (3,1 млрд. теңге). Сегіз колледжде 15 құзыреттілік орталығы, 20 шеберхана ашылды.  Бүгінгі күнге дейін орталықтар қысқа мерзімді курстар арқылы 16,5 млн. теңге пайда тапты.

Ақтау қаласында 17 колледж орналасқан, қалада жатақханаға қажеттілік жоқ. Былтырғы желтоқсанда облыс орталығының 30 шағынауданында студенттерге арналған 140 орындық жатақхана пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта NCOC компаниясының қаражаты есебінен Ақтау қаласы 17 шағынауданнан бес жүз орындық жатақхана құрылысы салынып жатыр.    2025 жылға қарай облыста студенттердің 96,4 пайызы жатақханамен қамтылады, соның ішінде Ақтау қаласында – толық жүз пайыз.

Динара Нағимоллақызы ЖҰМАШЕВА,
Маңғыстау облыстық білім басқармасының
басшысы, Ақтау қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий