Түркістан облысы: Еліміздің болашағы білім саласымен байланысты

Халықтың тығыз орналасуына орай еліміздегі үш ауысымды мектептердің басым бөлігі біздің өңірде шоғырланған. Өткен оқу жылында облысымызда 508 мыңнан аса оқушы білім алды. Ал, биылғы жаңа оқу жылында оған үш мың оқушы қосылуда. Аймақтағы тұрғындардың демографиялық өсімі жыл сайын жоғарылап келеді. 2021-2025 жылдар аралығында үш ауысымды мектептердің мәселесін, мектептердегі оқушы орнының тапшылығын жою мақсатында кезеңімен 199 мектептің құрылысын салу жоспарланған.

Биыл жергілікті 59 мектептің құрылыс жұмыстарын жүргізуге 20,7 млрд. теңге қаржы қаралды. Осы жоспарға сәйкес 34 мектептің (оның ішінде: бюджет қаржысы есебінен 21 мектеп, жекеменшік 13 мектеп) құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасы әзірленуде. Жобаны негізгі мақсаты: үш ауысымды, апатты мектептерді толығымен жою, білім беруге қол жеткізу талаптарының біркелкілігі мәселелерін шешуді көздейді.

Сондай – ақ, 300 және 2500 орындық мектептер салу жоспарлануда. Жоба аясында облыс аумағында 2023-2025 жылдар аралығында 86 мектептің құрылысын салу ұсынылды. Сексен алты білім ордасының құрылысы салынған жағдайда облыста 64 300 орынмен оқушы қамтылатын болады. Нәтижесінде екі ауысымда 128 600 оқушының білім алуына жағдай жасалатындығы анық. Биыл облыста төрт апатты мектептің құрылысы басталып, ағымдағы жылдың соңына дейін 2 апатты мектеп пайдалануға беріледі.

Ал, 2023 жылы қалған 2 апатты мектептің құрылыс жұмыстары аяқталып, іске қосылады. Бүгінгі күні, облыс бойынша үш ауысымға өту қауіпі бар 11 мектеп жұмыс атқаруда. Құрылысы басталған үш ауысымды мектепті алдағы жылы пайдалануға беру көзделген. Ал, қалған сегіз үш ауысымды мектептің құрылыс жұмыстары 2023-2025 жылдар аралығында шешіледі. Ағымдағы жылы өңірдегі 32 мектепті күрделі жөндеуден өткізу үшін 4 млрд теңге (оның ішінде: ОБ – 1125,8 млн.теңге, «Ауыл Ел-бесігі» – 2 886,9 млн.теңге) қаралды.  «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында жиырма үш мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 3 млрд теңге  бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Облысымызда қырық мектепті жылу қазандықтарын қатты отыннан табиғи газға өткізуге және қазандықтарды сыртқа шығаруға 443  млн.теңге бөлінді. Негізгі және орта мектептердің физика, химия, биология және STEАM пәндік кабинеттерімен қамтамасыз ету бойынша биыл «Білімді ұлт – сапалы білім ұлттық жобасындағы» көрсеткіштерін орындау мақсатында облыстағы жан басына шаққандағы қаржыландыруға өткен 92 мектептің ішінде жиырма сегіз мектепке 52 пәндік кабинеттермен (оның ішінде: физика-14, химия-14, биология-16) қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 336 млн. теңге бөлініп, игерілуде.

Осы кезде облыста жалпы 1406 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс жасауда (267- мемлекеттік, 1007- жекеменшік, 86 – мектеп жанындағы шағын орталық). Жалпы мектепке дейінгі ұйымдардың үлесінің 74,0% жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар құрайды. ҚР Премьер-Министрі мен облыс әкімі арасында түзілген меморандумда 2022 жылы 3-6 жастағы балаларды толық жүз пайыз қамту қарастырылған. Жаңа оқу жылында  961 орта білім беру ұйымында (905-мемлекеттік, 56-жекеменшік) 511158 оқушы оқитындығы болжануда.

Биылғы бірінші сыныпқа 54570 оқушыны қабылдау жоспарланған. Орта білім беру ұйымдарының білім сапасын арттыру мақсатында толыққанды оқу процесіне қажетті барлық функциялардың жиынтығы бар бірыңғай интеграцияланған «Bilim Land» білім беру онлайн платформасы арқылы жүргізілуде. Барлық орта білім беру ұйымдары «BilimLand» білім беру платформасына толық қосылды. 2022-2023 оқу жылына оқулықтар сатып алуға және тасымалдауға 5 млрд теңге қаржы бөлінген болатын.

2022-2023 оқу жылына 2-сыныптың  оқулықтарын қайта басып шығару және 7-сынып үшін «Физика», «Химия», «Биология» қостілді оқулықтары мен 5-11 сыныптар үшін «Абайтану» оқулықтары, арнайы коррекциялық мектептердің 8-9 сыныптарына арналған оқу әдебиеттері сатып алынуда. Облыс бойынша 2025 жылға дейін 324 мектепті жаңғырту шеңберінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 324 мектептің кітапханаларын  жаңғырту (материалдық-техникалық қамтамасыз ету, кітапханалардың қазіргі заманғы интерьерін жасау) жоспарлануда.

Білім беру ұйымдарындағы кітапханалар жанынан IТ жабдықтары бар Coworking – орталықтарын, кітап сақтау орындарын және оқырман залдарын жаңарту қажет. Және жиырма бір ауылдық мектептерге Дүниежүзілік банк есебінен 63 кабинет (21 физика, 21 химия, 21 биология) алынуда. Білім беру ұйымдарының бітіруші түлектеріне кәсіптік бағдар беру бағдарламасы тұрақты жүргізілуде. Облысымыздың халқы тығыз орналасқан Сайрам және Мақтаарал аудандарында 2 оқу өндірістік комбинаты қызмет етеді.

Онда он екі мамандық бойынша 4520 оқушы алғашқы кәсіптік куәлік алуда. Мектеп оқушыларын ағаш ұстасы, алғашқы медициналық көмек, автокөлік ісі, механизатор, аспаз, шаштараз шебері, тігін ісі, токарь, жүк көлігі, трактор, автобус жүргізушісі мамандықтарын игеруде. Орта мектептерде алғашқы кәсіби мамандықтарын оқыту үшін жабдықталған арнайы кабинеттер ашуға республикалық бюджеттен қаржы қаралса, бітіруші түлектер мектепті бітірумен қатар, бір мамандықты игеріп шығар еді.

Әрбір мектеп үшін кәсіптік бағдар беруші педагог лауазымын еңгізу туралы ұсыныстарды толық қолдаймыз. Аймақта дарынды балаларға арналған 13 мамандандырылған мектеп-интернаттары бар. Облыста елу үш қосымша білім беру мекемелері бар, онда 28500 оқушы, ал, мектептегі үйірмелерге 289 мың оқушы қамтылып, облыс оқушыларының жетпіс пайызды (301756) құрап отыр. Демек облыста әлі отыз пайызы яғни, 153 мың оқушы қосымша біліммен қамтылмауда.

Қосымша біліммен қамту үлесі 2021 жылы – 67,6% болса, биылғы жылы 70%-ды құрады, оның ішінде 20,8-ақ пайыз ауылдық жердің оқушылары. Бұл ауылдық жердегі оқушылардың үйірмемен толық қамтылмауы үлкен мәселе болып отыр. Жоспарға сәйкес жылдың соңына дейін қосымша біліммен қамтылған оқушылар үлесін – 75,5 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Өткен оқу жылында Түркістан қаласында «Ақжайық» саз мектебі мен «Оқушылар сарайы» ғимараттары пайдалануға беріліп, 2500-ге жуық оқушылар қосымша біліммен қамтылды.

Онда негізгі басымдық дрондар мен робототехникаға, балалар шығармашылығын дамыту жұмыстары кең көлемде жүргізілуде. Хакатондар мен тьюторлық курстарды ашу жоспарлануда. Қазығұрт ауданында (120 балаға арналған) және Келес ауданында (320 балаға арналған) оқушылар үйлері ашылып, қолданысқа берілді. Түлкібас ауданында «Өнер» мектебінің филиалы «Жанкент» жалпы орта мектебінің базасында жүз елу балаға арналып ашылды. Сайрам ауданында 300 бала қамтылған оқушылар үйі қолданысқа берілді.

Арыс, Созақ, Сауран, Сарыағаш және Отырар аудандарында оқушылар үйлерін ашып, оқушыларды үйірмемен қамту қажет болып отыр. Облыстық ювеналды полиция есебінде 2021 жылдың қорытындысымен 651 бала есепте тұрады (2020 жылы – 608). Аймақ бойынша кәмелетке толмаған балалар арасындағы қылмыстар 12%-ға, яғни, 158-тен 139-ға төмендеген. Биылғы балалар жылын ұйымдастыруға арналған кешенді жоспар бекітіліп, жетпіс үш іс-шараға 325 млн теңге бюджеттен бөлінді.

Жергілікті 919 ата-аналар комитеті жұмыс атқарады. Аудандық, қалалық білім беру ұйымдарында тоғыз жүздан астам ардагерлер, әкелер, тәлімгерлер кеңестері бар. Барлық мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен толық қамтамасыз етілген. Ендігі кезекті дабыл батырмаларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда екі жүз мектепке дабыл түймелері орнатылды. Алдағы уақытта бұл мәселені толығымен мемлекеттік-жекешілік әріптестік шеңберінде шешу жобасы қарастырылуда.

26 197-і  ерекше білім беруді қажет ететін балалар есепте тұрады.    Оларға отыз бір арнайы білім беру ұйымдары қызмет етеді. Инклюзивті білім беруге жағдай жасаған білім ұйымдарының саны – 550 (58,2%). Бұл көрсеткіш еліміз бойынша қырық бес пайызды құрайды. Жалпы орта білім беру ұйымдарында 345-арнайы педагог (2020-2021 оқу жылында 253 арнайы педагог болған), 27-педагог ассисент штаттары жұмыс істейді.

1573 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қамқоршылыққа алынып, олардың 1329-ы қорғаншылық және қамқоршылыққа, 80-і патронаттық тәрбиедегі отбасыларға орналастырылған, ал 159 бала балалар ауылында, сегізі әлеуметтік қорғау ұйымында тәрбиеленуде. Балалар ауылының түлектерін әлеуметтік қолдау үшін бір жасөспірімдер үйі 71 түлек бейімделуде. (23 жасқа дейін) және үш балалар ауылында «Қабылдаушы ата-аналардың мектебі» жұмыс жасайды.

Биыл алпыс үш жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалып үй кезегіне тұрған 63 азаматқа аудан, қала әкімдіктері тарапынан мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй берілді. Облыстағы интернаттық мекемелерсіз 884 мектептің 768-інде (36762 балаға) ыстық тамақ, отыз сегізінде (2688 балаға) буфеттік тамақ ұйымдастырылған. 78 мектепте асхана мен буфет жоқ. Бұл мектептерде ыстық тамақ жеткізіп берушілермен қамтамасыз етілуде.

Алдағы уақытта аталған мектептердің жанынан асхана салу мәселелерін қарастыруды қажет етеді. Атаулы әлеуметтік көмек алатын  отбасылардан шыққан кепілдендірілген әлеуметтік пакетімен қамтылған 6-18 жастағы 52 мыңнан астам баланы мектеп формасымен және мектеп құралдарымен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 1 млрд  857 млн. теңге қаржы бөлінді. Аталған қаржы ата-аналардың есепшоттарына аудару жұмыстары жүргізілуде. 117 елді-мекеннен 8372 баланы 111 автобус тасымалдайды.

Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 101 бірлік автобус лизингпен сатып алынды. Қыркүйек–қараша айларында жаңа автобустар облысқа жеткізіледі. Өңірдегі елу екі колледжде 25 800 студент білім алуда, оның ішінде 20 948 студенті мемлекеттік тапсырыс бойынша оқиды. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 414 студент білім алуда. Колледж педагогтарының сапалық құрамы: орта деңгейде, жоғары санатты педагогтар, педагог-шеберлер мен педагог-зерттеушілер, педагог-сарапшы, педагог-модераторлар құрамы – 1786 (60%) құрайды.

Қалған 1202 (40%) мұғалім санатсыз, сондықтан алдағы уақытта колледж басшылары мұғалімдердің сапасына аса назар аударуы қажет деп санаймын. «Жас маман» жобасын іске асыратын облыстағы 9 колледждің материалдық-техникалық базасы заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандырылды. Колледждер желісін бейіндендіру жұмыстары жүргізіліп, Созақ ауданы Таукент елдімекеніндегі №24 колледж Созақ ауылындағы №1 колледжбен біріктірілді.

Дуальды оқыту жүйесін ендірген 33 колледжде көлік, тамақтану, құрылыс, жеңіл өнеркәсіп, сервис, энергетика және байланыс салалары бойынша алты мыңға жуық студент білім алуда. Олар 362 кәсіпорында келісім-шарт негізінде тәжірибеден өтуде. «Білімді ұлт – сапалы білім беру» ұлттық жобасы шеңберінде 2025 жылға дейін 9 сынып түлектерін кәсіптік біліммен қамтуды толық жүз пайызға ұлғайту мақсатында 2022-2023 оқу жылына республикалық бюджет есебінен 10 000 орынға, жергілікті бюджет есебінен 7000 орынға, жалпы 17 000 орынға кадрларды даярлауға арналған мемлекетік білім беру тапсырысы бөлінді.

Өткен оқу жылымен салыстырғанда жергілікті бюджет есебінен бөлініп отырған мемлекеттік білім беру тапсырысы он бес пайызға артты. Жиырма бес колледжде техникалық және технологиялық бейініне сәйкес келетін мамандықтар бойынша WorldSkills бағалау жүйесі ендірілді. Биыл жыл соңына дейін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіпорын өкілдерінің қатысуымен демонстрациялық емтихандар өткізілді. Оған жалпы 1515 студент қатысып, өздерінің шеберлігін көрсетті. «Жас маман» жобасын іске асыратын колледждер базасында 2025 жылға Кентау көпсалалы колледжі базасында «Халықаралық центр компентенция орталығын» ашу жоспарланды.

Он жеті кәсіби және техникалық білім беру мекемелерінің базасында 22 құзыреттілік орталықтары ашылып, кешенді жұмыс жоспары іске асырылуда, педагогтардың біліктілігін арттыру курстары,  кәсіби шеберлік конкурстары өткізіліп, шетелдік колледждермен ынтымақтастық іске асырылуда. WorldSkills халықаралық қозғалысына қатысқан облыс құрамасы былтырғы ұлттық чемпионатта 19 медальге ие болды. Кентау қаласында орналасқан «Қазақ-Неміс политехникалық колледжі» базасында бес жүз орынға арналған, «Сарыағаш медресе колледжі» базасында 300 орынға арналған жатақханалар салынып, қолдануға берілуде.

Облыс орталығынан келесі жылы IT-саласы бойынша «Түркістан жаңа технологиялар колледжі», құрылыс саласы бойынша «Түркістан құрылыс колледжі» ашылу жоспарлануда. Аймақтағы орта білім беру ұйымдарына 240 пән мұғалімдерінің тапшылығы айқындалды. 2021-2022 оқу жылында елу үш директордан аттестациядан өту үшін өтініш беріп, оның 13-і (24,5%) ғана оң нәтиже алды. Конкурсқа қатысқан 1118 директордың орынбасарларының 815-і ғана аттестациядан өтіп, ал 144-нің санаты, бір сатыға төмендетілді, 66-ы аттестацияның тестінен өте алмады. 

Осы аралықта 118 білім беру ұйымдарының басшыларының бос лауазымына конкурс жарияланып, 37-сі (31%) байқаудан өтіп, білім беру ұйымына тағайындалды. Биыл 224 білім беру ұйымының басшылары ротацияланды. Барлық білім беру ұйымдарына  педагогтер жұмысқа қабылдауы jumys.snation.kz жүйесі арқылы жүргізілуде. Осы қызметі арқылы бес мыңға жуық бос жұмыс орындары жарияланса, 1600 педагог, 157 лаборант, 2724 тех персонал,  394 орындаушы жұмысқа орналастырылды.

Дінислам БОЛАТХАНҰЛЫ,
Түркістан облысының адами әлеуетті
дамыту басқармасының басшысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий