Бастауыш сынып оқушыларына арналған дидактикалық тапсырмалар – жеке тұлға қалыптастыруда негізгі құралдардың бірі 

Мектеп жасындағы балаларды оқытуда дидактикалық ойын мазмұнды құрал болып есептеледі. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» -деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алды. Сабақты ойын арқылы өту баланың жеке басының дамуына игі ықпал ететін жетекші, басты құбылыстардың бірі деуге болады.

Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай оның өмір құбылыстары жайлы таным түсінігін де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып, жақсы ұғысады, бірін-бірі ептілікке үйретеді. «Дидактикалық тапсырмалар жиынтығы» тақырыбын алған себебім балалар алған білімдерін ойын барысында көрсетеді. Тапсырмалалар барысында бала өзін еркін ұстайды, ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы.

Тапсырмалардың түрлері өте көп. Соның ішіндегі маңыздысы – дидактикалық тапсырмалар. Бұл тапсырмалар арқылы – баланың ой-өрісін дамытып, сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Тапсырмаларды орындағанда балалардың өз ойларын толық жеткізуге ықпал етеді. Менің ойымша, жеке тұлға қалыптастыруда негізгі құралдардың бірі – дидактикалық материалдар (ойын, логикалық есеп – тапсырмалар, жұмбақтар, метаграммалар, анаграммалар, құзыретті қабілеттерді қалыптастыруға бағдарланған тапсырмалар).

Дидактикалық материалдар бастауыш сынып оқушыларына өте тиімді. Дидактикалық материалдардың негізгісі – ойын. Ойын арқылы оқыту мен тәрбиелеу баланы жалықтырмайды, қызығушылығын оятады, белсенділіктерін арттырады, денсаулықтарын нығайтады. Дидактикалық материалдарды пайдалану нәтижесінде оқушылардың бойында ойлау, тапқырлық, шыдамдылық, белсенділік, өмірге бейімделуі, құзыретті қабілеттері, ұйымдастырушылық қасиеттері қалыптасады.

Берілген тақырыпта оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, танымдық қабілеттерін жоғарлату, сабақты түрлендіру, балалардың шығармашылығын арттыру мәселелелерін тереңінен қарастырады. Мен осы дидактикалық тапсырмаларды орындату барысында оқушылардың қызығып орындағанын байқадым. Сол себепті әрбір сабағыма осы тапсырмаларды жиі пайдаланамын.

Халияш Кадиркуловна РАПИТОВА,
№ 65 мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі, Астана қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий