Ахмет Байтұрсынұлы – 150: Ұлт ұстазының педагогикасын бастауыш сыныпта қолдану

Алаш арысы балаларға білім берудің алғашқы сатысы бастауыш мектеп екендігін айқындап, 1914 жылы «Бастауыш мектеп» атты көлемді мақаласын жариялады. Сауат аштыру әдістерінің жөн – жобсын Ахмет Байтұрсынов «Әліп би астары» атты еңбегінде де көрсетеді. Бастауыш мектеп балаларына арнап жаған оқулықтары «Әліппе», «Әліп – биде» әдіскер -ұстаз тәжірибелілік көрсетеді. Оқушыларға түсінікті болуын көздейді. Әліппені жинап, құрастырып қана қоймай, қалай оқыту жолдарына да талдау жасайды.

Оқытқан уақытта сұрақтарды көшіру, жауап жазу, сөз туғызу, оқушы ойын дұрыс жеткізе білу секілді тапсырмаларды көрсеткен. «Оқу құралының» бетінде әріп таңбалары беріліп, төменде сілтеме арқылы хат таныту жолы, сабақ әдісі беріледі. Ахмет Байтұрсынұлы әліппелеріндегі жадығаттардың тілі, алынған мәтіндердің мазмұны, сөйлем құрылымы – бәрі де оқушысының ұғымына жеңіл, баланың жас ерекшеліктерін ескеріле жазылған. «Баяншы» атты әдістемелік нұсқауында балаларға дыбыстарды меңгертуде ауырлық, салмақ түсірмеу жағы баса айтылған.

Жеңілден ауырға қарай жүру  ұстанымын қатаң ұстауды ескерген. Ахмет Байтұрсыновтың «Оқу құралында»: «Бұл үш харіфті балаларға үйрету үшін әуелі әрбірін бөлек – бөлек бір -бір жапырақ қағазға үлкен етіп жазу. Сонан соң А- дан бастап әрбірін балаларға бөлек – бөлек көрсету. Балалар әрбірін жаңылмайтын болып білген соң, алфбаға қаратып оқыту. Бормен жазатын үлкен тақтай болса, әрбірін бөлек – бөлек тақтайға жазып көрсетсе де болады, – деп жазылған. Сол сияқты 1- сыныпта әрбір әріпті оқушыларға таныстыған кезде біз осы әдісті қолданамыз.

Ермек – еңбек

/ Ораз /

/ зор /

/ ор /

/ зор /

/ озар /

/ оз  /

/ араз /

/ азар /

/ аз /

Бұл тоғыз сөзден: сөйлемдер жасату; жаңытпаш жасату. Сөйлемдер, мәселен: Ор, Ораз! Ораз азар; Ораз,ор! Ораз орар; Оз, Ораз! Аз озар; Ораз, ора! Аз орар. Бұлар екі сөзден жасалғандығысы. Екі сөзден емес, үш сөзден қосып жасауға да болады. Зат суреттері тұтас тұрады, ат жазулары сызық бойымен бөлек – бөлек кесіледі. Олар қарташа үлестіріледі. Заттар аттарымен жабылады. Заты жоқ, тек атын ұстап қалған екеуі сөзді үлесіп алады, жазып шығады.

Сын атына зат аты.

Торы   __________________

Сынақ __________________

Қысқа __________________

Қызық __________________

 

Сары   __________________

Ыстық __________________

Сатық  __________________

Қатар   __________________

 

Зат есімді сын есімді оқытқан кезде. Сол сияқты Ахмет Байтұрсыновтың «Оқу құралында» туған – туысқан ілікдес, киімдер, ойын – ойыншықтар, тамақтар – сусындар, дене мүшелері, үй саймандары, ыдыс-аяқ, малдар, құстар, малдан басқа төрт аяқтылар, жер түгінің аттары топтап берілген. Оны да бастауыш сынып мұғалімдеріне пайдаланған дұрыс деп санаймыз.

Ардак ЖАНСЕИТОВА,
Үлкен Нарын ауылдық лицейінің
директоры, қазақ тілі және әдебиеті
пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші,
Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай
ауданындағы Үлкен Нарын ауылы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий