Дарынды оқушы қалыптастыру жолындағы – мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі

Қазіргі заман талабы өзіндік  ой-пікірін еркін жеткізе алатын, жан-жақты дамыған, көшбасшы болатындай дарынды оқушыларды дамытып шығару. Бала бойындағы талантты бастауыш сыныпта болсын мейлі, жоғарғы сынып оқушысы болсын мейлі  көретін мұғалім көреді. Бала өз бойымда талант бар деп ойламайды. Бірақ бала ән салсын, би билесін, сурет салсын,есепке жүйрік болсын, сөзге ширақ, есте сақтау қабілеті жоғары болсын ,өз бойындағы қабілетіне  қарай әрекет  етеді. Бала тұйық бала болсада, үндемей отырып есебін басқалардан бұрын тез шығарады, сурет салуға таланты болса тіпті үн-түнсіз беріліп отырып сурет салады.

Мұғалім осы талантты дамыта білу керек, ол баланы жоғалтып алмауға еңбек  ету керек дер едім. Ал дарынды ашу ол кез-келген ұстаздың жұмысынан нәтиже бере бермейді.Осындай нәтижеге шығара алатын – кәсіби құзыретті мұғалім ғана.  «Ұстаз қандай болса қоғамы сондай» деген бұлжымас заңдылыққа сай қоғамда да көкейкесті. Сондықтан да бүгінгі күннің өзекті мәселесі – педагогтердің құзыреттілігін үздіксіз дамыту. Өздігінше еркін ойлау қабілеті бар, тәрбие-білім беру үрдісін модельдей алатын, тәрбие беру және білім берудің технологиялары мен жаңа идеяларын өздігінше іске асыра алатын мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің деңгейін арттыру – өзекті мәселе.

Себебі, біріншіден, кәсіби құзыретті мұғалім мектептің тәрбие-білім беру процесінде шығармашыл оқушылардың қалыптасуына дұрыс әсер етеді; екіншіден, өзінің кәсіби қызметінде жақсы нәтижелерге қол жеткізе алады; үшіншіден, кәсіби мүмкіндіктерінің іске асуына ықпал жасайды. Қазіргі таңда мұғалім құзыреттілігін үздіксіз жетілдіруде мынандай міндеттер жүктеліп отыр: мамандығы бойынша негізгі дайындығының болуы; адамдардың адамға, қоғамға қатынасын реттейтін құқықтық және этикалық нормаларын білуі; қазіргі білім беру технологиясын пайдалана отырып жаңа білім алуы және өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра білуі; компьютерлік техниканы меңгеруі.

Бесінші – ғылыми іскерлік, қоғамдық, саяси, және тұрмыстық тілдер ауқымында мемлекеттік және шетел тілдерінде сөйлесе білуі. Ресей ғалымы Н.Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз – педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы», – дейді. Демек жаңашыл, кәсіби құзырлы маман заман талабына сай жиырма бірінші ғасырдың дарынды оқушыларын қалыптастыра алмақ. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді.  

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың: «Мұғалімнің еңбегі – адамзат игілігімен астасқан өлшеусіз еңбек» деп айтқаны да мәлім. Бүгінгі күні өлшеусіз еңбек атқарып жүрген мұғалімдердің мәртебесін көтеру бағытында заңға нақты заңнамалар енгізілді. Демек, ұстаз өз құзыреттілігін тиімді қолдануына жағдай жасалмақ және дарынды оқушынының қабілетін нақты нәтижеге бағыттауға мүмкіншіліктер ашылады. Нәтижеге бағытталған білім сапасын арттыру Қазақстанның ғана емес дүниежүзілік қоғамдастықтың өзекті мәселелерінің бірі.

Бұл мәселенің шешуі білім беру мазмұнын модернизациялау мен үрдісін ұйымдастыру тәсілдері мен технологияларын жетілдіруді, яғни білім берудің мақсаттары мен нәтижелерін қайта ой–елегінен өткізуді қажет етеді. Қоғамымыздың болашағы, дұрыс бағытта дамуы жас ұрпақтың іс-әрекетіне, тәлім–тәрбиесіне, сана–сезіміне, дүниетанымына тікелей байланысты. Сондықтан да ұрпақ тәрбиесі мен білімі мәселесі егеменді еліміздің болашағын айқындайтын ең маңызды міндеттердің бірі. Осы міндетті шешу педагогтердің кәсіби құзыреттілігінде. Олай болса, қоғам педагогтерге үлкен үміт артып, педагогикалық шеберлікті, үлкен жауапкершілікті, кәсіби құзыреттілікті талап етеді.

Гаухар Темірханқызы ҚАЗИЕВА,
“Ақтөбе – Дарын” өңірлік ғылыми
тәжірибелік қосымша білім беру орталығы
ақпараттық-басылым қызметі бөлімінің әдіскері

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий