“Жаңа Қазақстан: жас педагогтардың рөлі” тақырыбындағы халықаралық форум
Солтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті білім беру ұйымдарының 300 жас педагогы “Жаңа Қазақстан: жас педагогтардың рөлі” тақырыбындағы бірінші халықаралық форумға қатысты. Оқушылар сарайындағы алқалы басқосуға жиналғандардың назарына интерактивті көрмедегі жобалар ұсынылып, оқу-тәрбие үрдісінде заманауи технологияларды қолдану мүмкіндіктерімен бөлісті.
Шараға қатысуға еңбек өтілі үш жылға дейінгі, 20-25 жас аралығындағы білім беру ұйымдарының (мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру) жас педагогтары шақырылған болатын. Жүздесуге білім беру ұйымдарының басшылары, Астана қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының өкілдері, Көкшетау қаласындағы “Founderschool” жасөспірімдер көшбасшылық мектебінің өкілдері, М. Қозыбаев атындағы университетте сабақ беріп жүрген Аризона университетінің оқытушылары қатысты.
Құрметті қонақтардың арасында Омбы облысының жас педагогтарының өңірлік жобалау зертханасының өкілдері де болды. Жас мұғалімдердің рөлі білім беру саласында өте маңызды, оқушы жас маманға өзінің қатарласы немесе досы ретінде қарайды, өзін еркін ұстайды. Баланың қабілетін байқап, талантын ашқан жас мұғалімдер баршылық. Форумды облыстық білім басқармасының қолдауымен білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы ұйымдастырды.
Жиын ұтаздар күні қарсаңында ұйымдастырылғандықтан барлық педагог мамандарды төл мерекелерімен тағы бір мәрте құттықтағым келеді. Оларың еңбегі қоғам үшін, болашақ ұрпақтың тәрбиесі үшін өте маңызды. Бұл шара облыстың педагогикалық қоғамдастығында, білім беру жүйесінде үлкен мәнге ие. Форум алаңында білім беру саласның жетекші педагогтары, тәлімгер мұғалімдер мен жас мамандар бірігеді. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі міндеті – адами әлеуетті дамыту.
Бұл міндет, ең алдымен, білім беру жүйесіне бағытталған және оны шығармашылық, креативті ойлайтын педагогтар шеше алады. Біздің негізгі мақсатымыз – жас педагогтардың кәсіби қалыптасу проблемаларына назар аудару, олардың кәсіби өсуі үшін жағдайды жақсарту, шығармашылық әлеуетті дамыту, облыстың жас педагогтары қауымдастығының жұмысын жандандыру. 2019 жылғы желтоқсан айынан бастап “Педагог мәртебесі туралы” Заң күшіне енді. Ол мектеп мұғалімдерінің мамандығын қолдауға және оқытушылық қызметтің беделін арттыруға бағытталған.
Құқықтық құжатта қазақстандық педагогтардың әлеуметтік және қаржылық әл-ауқатын қамтитын көптеген жаңалықтар бар. Облыстың білім беру ұйымдарында үш мыңнан астам жас педагог бар. Оның 260-ы осы оқу жылында еңбек қызметіне кірісті. Өңірлік университетпен бірлесіп аралас пәндер бойынша мамандар даярлау мәселесі пысықталды. Осы жылдың өзінде 56 мұғалім бітіріп шықты. Дегенмен, жыл сайын облыс мектептерінде математика, ағылшын тілі, орыс тілі, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мұғалімдеріне үлкен қажеттілік байқалады.
Бұл тапшылық мәселесі жоғары оқу орындары мен колледждердің педагогикалық мамандықтарының түлектерін қабылдау арқасында шешіледі. Бүгінгі таңда барлық бос орындар жабық, бірақ бірқатар мұғалімдердің үлкен жүктемесіне (1,5 ставкадан астам) байланысты математика мұғалімдеріне – 20 ставка, физика мұғалімдеріне – 8 ставка, ағылшын тіліне – 8 ставка, педагог-психологтарға – 10 ставка қажет. Облыста “Жаңа қадам” жас педагогтар қауымдастығы өз жұмысын бастады, ол цифрлық білім беру ортасын құру үшін жаңа платформа болып, табысқа жету жолында ең креативті жас педагогтарды біріктіреді.
Форум қарсаңында оқушының жеке басының дамуына ықпал ететін оқыту мен тәрбиелеудің оңтайлы модельдерін іздеуге бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілді. Біз “Жас маман – жаңа қадам” атты дөңгелек үстел өткіздік, онда жас педагогтердің өзекті мәселелері көтерілді, біздің өңірде заманауи білім берудің дамуына серпін бере алатын жас педагогтердің қоғамдастығын қалыптастыру мақсатында жиырма бес шығармашыл жас педагогтардың ішінен “жаңа қадам” облыстық қауымдастығы құрылды, жас педагогтарға арналған тимбилдинг ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, ҚР өңірлері мен ТМД елдерінің жас педагогтарының ғылыми-практикалық мақалалар жинағы шығарылды, оған 120 мақала кірді. Алғашқы форум – бұл жас педагогтардың кәсіби дамуына және цифрлық білім беру ортасын құруға арналған жаңа платформа. Ол облыстың және көрші өңірлердің ең креативті және талантты мұғалімдерін біріктірді. Форум спикерлері материалды ұсыну бойынша өз идеяларымен бөлісті, кейбір әзірлемелер білім беру процесінде қолданылуы мүмкін, кейбіреулері жетілдіруді талап етеді, бірақ соған қарамастан қызықты.
Бұл кәсіби мамандар мен жас, креативті педагогтар бейресми жағдайда кездескен алаң. Кездесу барлығына пайдалы болды. Біз әріптестерімізбен бірге келесі маңызды мәселелерді қарастырдық: оқыту технологияларын интеграциялау модельдері (SAMR); “Альфа” ұрпағының балаларының негізгі мәселелері; басқарудың мотивациялық механизмдері; тәлімгерліктің рөлі; кәсіби дамудың траекториясы; көрші аймақтың жобалық зертханасы; тиімді оқытудың құралдары және тағы да басқалар.
Облыстық “Дебют” байқауының жеті жеңімпазы мен жүлдегерлері гран-при, I, II, III дәрежелі дипломдармен, бағалы және естелік сыйлықтармен марапатталды. Облыстық “Дебют” байқауына әр кезеңде 70 жас педагог қатысты. Екінші турдан өткен облыстық кезеңге 28 қатысушы шықты. Бірінші турдың нәтижелері бойынша 14 педагог іріктелді, оларға өз жобаларын қорғау қажет болды. Біз тәжірибе алмасу, кәсіби сұрақтарымызға жауап іздеу, кәсіби өсуде бір-бірімізге өзара көмек көрсету үшін алаң құрдық.
Инновациялық технологиялардың қарқынды дамуы білім беру саласына қуатты серпін береді. Бүгінгі таңда мұғалімдердің уақыт талабына сай болуы бұрынғыдан да маңызды.
Нәзір Азаматұлы ЖӘШІБЕКОВ,
Солтүстік Қазақстан облыстық білім
басқармасының басшысы, Петропавл қаласы