Қашықтан ұйымдастырылатын байқаулардың жағымды және жағымсыз жақтары

Қоғамдағы болып жатқан өзгерістер, бүткіл адамзаттың күнделікті өміріне әсерін тигізетіні сөзсіз. Соңғы үш жылда жер жүзі адамдары жаһандық проблемамен бетпе-бет келді. Пандемия уақытында қабылданған шаралар қазақстандық мектептер үшін де жаңа әрі күтпеген жағдай болды. Қысқа мерзімде жұмыстың жаңа әдістері мен формаларын іздеуге тура келді. Қоғамда бұрын соңды болмаған «қашықтықтан оқыту» деген термин қалыптасты.

“Қашықтан оқыту – бұл оқытушы мен оқушы арасындағы тікелей байланыссыз қашықтықтан оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін заманауи ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалануға негізделген оқыту процесін ұйымдастыру тәсілі”. Бүгінгі таңда заманауи технологиялардың көмегімен қашықтан оқыту бәрімізге көп нәрсе үйретті деп сенімді түрде айта аламыз. Қашықтан оқыту сияқты барлық жоспарлы түрде өткізіліп жүрген байқаулар да «қашықтан» өткізілуі тиіс болды.

Өйткені белгілі бір шектелген орынға адам жинауға болмайтыны белгілі. Тағы да заманауи технологиялар мен платформалар көмекке келеді. Олар Zoom, Exam.net платформалары, YouTube желісі және тағы да басқалар. Әлем жаңа цифрлық дәуірде өмір сүріп жатыр. Бірақ шығармашылық бағыттағы байқаулардың қашықтан өткізілуінің жағымды және жағымсыз тұстары да жетерлік. Қашықтан оқытудың жағымды және жағымсыз жақтары. Қашықтан өткізілетін байқаулардың артықшылықтары: Байқаудың барлық қатысушылары үшін ыңғайлы уақытта өтілуі. Заманауи техникалық құралдарды тиімді пайдалану.

Байқаудың жоғары нәтижелері. Байқау кезінде ақпараттық технологиялардың жаңа жетістіктерін пайдалану. Байқауға қатысушылардың тұрған жеріне қарамастан байқауға қатысудың тең мүмкіндіктері. Қашықтан өткізілетін байқаулардың жағымсыз жақтары: әділ-қазылар мен байқауға қатысушылар арасында байланыстың болмауы. Қазылар тараптан берілген жұмысты толық сезінбеуі. Әр түрлі театрлық қойылым, ақындар мүшайрасы, өлеңді мәнерлеп оқу, ән, би байқауларында қатысушылар YouTube желісі арқылы сілтемелерін немесе бейне жазбаларын жіберіп отырды.

Кейбір бейнежазбалардың сапасы жағынан төмен болуы да шын жүйрікті анықтауда қиыншылықтарға әкеліп соққаны рас. Сапалы байланыстың болмауы. Көбіне Zoom, Exam.net платформалары арқылы өткізілетін дебат, ақындар айтысы, шешендік өнерін бағалау сияқты жарыстарда байланыстың сапасыздығы өз кедергісін келтірді. Қашықтан өткізілетін байқаулардың жақсы және жаман жақтары бар. Әрине, көптеген қатысушылар үшін төрешімен жеке қарым-қатынас кезінде олардың жіберген қателіктерін түзеу кезінде айтылған сын-пікірлер мен түсіндірмелерін “тірі” тыңдау мүмкіндігі болған кезде маңызды.

Қашықтан өткізілетін байқаулардың ең маңызды кемшілігі – жасанды байланыс. Электрондық ресурстар тірі байланысты алмастыра алмайды. Адамның нақты өзара әрекеттесуі қабылдаудың эмоционалды-психологиялық ерекшеліктерімен боялған ауызша және вербальды емес сөйлеу формаларын қамтиды. Қашықтан өткізілетін байқаулардың тиімділігі мен жетістігі пайдаланылатын материалдардың ұйымдастырылуы мен әдістемелік сапасына, сондай-ақ ақпаратты ұсыну ерекшеліктері қаншалықты ескерілгеніне, осы процеске қатысатын қатысушылардың дайындық деңгейіне және қазіргі виртуалды коммуникациялар аясында ақпаратты ұсыну мен қабылдау ерекшеліктерін қаншалықты түсінетініне байланысты.

Қорыта келе, дарындыларды қалыптастыруда бар күш-жігерін салатын әр байқау жетекшілеріне үлкен күш, міндет артылады. Ал берілген жұмысты әрі қарай сезіну, түсіну, бағалау төрешілерге үлкен сын. Сондықтан да қашықтан өткізілетін байқауларға да түсіністікпен қарап, қатысым деңгейінің төмен болмауын қадағалау қажет.  

Әсем Геннадиқызы АЙТМАҒАНБЕТОВА,
«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік
қосымша білім беру орталығындағы ш
ығармашылықты
дамыту және қосымша білім беру бөлімінің әдіскері

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий