Болгария республикасының білім беру жүйесіндегі тәжірибесі

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ғалымдары биылғы 17-22 қазан аралығында Болгария Республикасында тәжірибе алмасу іссапарында болды. Іссапар барысында «Св. Кирилл және Мефодий» атындағы Велико-Тырново университетінің педагогика және филология факультеттері, «Св. Климент Охридский» атындағы София университетінің педагогика факультеті, Болгар Ұлттық ғылым академиясы өкілдерімен кездесулер өтті.

Академия ғалымдары Болгариядағы бірқатар мектептің, оқу-кітапханаларының базасымен танысып, сондай-ақ 119 «Академик Михаил Арнаудов» жалпы орта білім беретін мектепке, Елизавета Багран атындағы 51 орта мектепке арнайы барып, кешенді түрде танысты. Аталған жұмыстар 2021-2023 жылдары жүзеге асырылатын OR 11465474 «Білім және ғылым жүйесін дамытудың ғылыми негіздері» бағдарламалық мақсатты қаржыландыру жобасы аясында іске асырылды. Осы ретте Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы осы ғылыми іссапарға қолдау көрсеткені үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне алғыс білдіреді.

Болгария білім жүйесінің ағымдық жағдайы. Болгария Республикасы 2007 жылдан бастап Еуроодақ кеңістігіне енгелі ұлттық құқықтық базасын жаңартып, еуростандарттарға сәйкестендіріп келеді. Осы ретте Болгария Білім және ғылым министрлігі 2015 жылдың соңында «Мектепке дейінгі және мектептік білім беру туралы» заң қабылдауға бастамашы болды (01.08.2016 бастап қолданысқа енгізілді). Бұл мерзімнен бастап Болгар білім жүйесі жаңа заманауи талаптарға көшті.

Соған сәйкес мектепке дейінгі және мектептегі білім берудің негізгі мақсаттары анықталды: балалар мен оқушылардың жасына, қажеттіліктеріне және қабілеттеріне сәйкес интеллектуалдық, эмоционалдық, әлеуметтік, моральдық және физикалық дамуы; Болгар ұлттық бірегейлігін сақтау; Табысты жеке және кәсіби өмірге қажетті құзыреттерді меңгеру; Әрбір бала мен оқушының дарыны мен қабілетін ерте анықтау; Өмір бойы білім алу үшін тұрақты мотивацияны құру; Демократия, адам құқықтары мен бостандықтары, қоғам өміріне белсенді және жауапкершілікпен қатысу принциптерін түсіну; Ұлттық, еуропалық және жаһандық құндылықтар, дәстүрлер, процестер мен үрдістер, Еуропалық Одақтағы қағидалар, ережелер, жауапкершіліктер мен құқықтар туралы білім алу.

Нәтижесінде мектепке дейінгі тәрбие 3 пен 7 жас аралығындағы балаларға арналған және міндетті болып табылады; Бастауыш білім беру 7 жастан басталады, бірақ мектепке қабылдау 6 жастан жүргізіледі; Міндетті мектептегі білім 16 жасқа толғанға дейін жалғасады. Әлемдік тәжірибеде Болгарияның білім көрсеткіштері тұрақты саналады. Мысалы, PISA 2015, 2018 жылдар зерттеулерінде Болгария білім жүйесінде өсімдегі тұрақтылық сақталған. Бұл тікелей жаңа талаптарды интеграциялау нәтижесімен де байланысты болып отыр.  

Мемлекеттер

Оқу сауаттылығы көрсеткіші

Математикалық сауаттылығы көрсеткіші

Жаратылыстану

/ғылыми сауаттылығы көрсеткіші

Жыл бойынша

2015

2018

2015

2018

2015

2018

Болгария

49 (432)

54 (420)

47 орын (441)

49 (436)

56 (424)

Қазақстан

53 (427)

69 (387)

42 (460)

54 (423)

45 (446)

69 (397)

1-кесте. PISA 2015, 2018 жылдар зерттеулері нәтижесі (Қазақстан, Болгария үлесі)

Болгарияда жалпы 2000-нан аса мектеп бар, мектептер мемлекеттік, муниципалдық, жеке және діни болып бөлінеді. Мектеп құрылымы 2 деңгейден тұрады:1. Негізгі білім беру, ұзақтығы 7 жыл, 1-7 сыныптар, оның өзі екі кезеңге бөлінеді: а) Бастауыш кезең, ұзақтығы 4 жыл, 1-4 сыныптар; ә) Про-гимназия кезеңі, ұзақтығы 3 жыл, 5-7 сыныптар. Орта білім, 5 жылдық, 8-12 сыныптар, екі кезеңге бөлінеді: б) гимназия кезеңі, ұзақтығы 3 жыл, 8-10 сыныптар; в) Екінші гимназия кезеңі, ұзақтығы 2 жыл, 11-12 сыныптар.

Білім беру түріне сәйкес мектептегі білім жалпы, бейіндік және кәсіптік болса, ал оқыту түріне сәйкес мектептер бейінді және мамандандырылған болады. Мамандандырылмайтын мектептер де заңнамада айқындалған. Оқу жылы 15 қыркүйекте, ал спорт мектептерінде 1 қыркүйекте басталады. 15 қыркүйек, тиісінше, 1 қыркүйек мереке күні болса, ол келесі бірінші жұмыс күнінен басталады. Болгарияда оқу жылының аяқталу мерзімі әрбір білім беру деңгейі үшін әртүрлі: 1-4 сыныптар – 31 мамыр, 5-8 сыныптар – 15 маусым, жоғары сыныптар – 30 маусым.

Жыл екі семестрге бөлінеді. Оқу аптасы 5 күнді құрайды. Демалыс әдетте мерекелерге сай келеді, қарашаның басында 3-4 күн; 22 немесе 23 желтоқсанда діни мерекелерге байланысты 10 күн; екі семестр аралығында көктемгі демалысқа 1-2 күн; наурыздың соңы мен сәуірдің басында 10 күн демалыс беріледі. Тағы бір айта кететін жайт, мемлекеттік мектептерде білім алу толығымен тегін, 1-сыныптан бастап 8-сыныпқа дейін барлық оқушы тегін оқулықтармен қамтамасыз етілген. Жоғары сыныптар үшін электронды оқулықтар енгізілген.

Болгарияның бүгінгі және болашақ білім кеңістігі. 2020 жылы Болгарияның 2021-2030 жылдарға арналған «Болгария–2030» ұлттық даму бағдарламасы бекітілген. Осы құжат 13 басымдықты іске асырады, соның алғашқысы – білім беру. Білім беру басымдығының бірінші бағыты «Білімге қолжетімділік» деп аталады. Мақсаты – барлық адамның сапалы білім алу құқығын қамтамасыз ету, балалардың, оқушылар мен студенттердің білім алуға қолжетімділігін жеңілдету, қолдау көрсету және олардың оқуға деген ынтасын арттыру.

Бұл бағдарда Болгария үкіметі білім беру мекемелерін тартымды ортаға айналдыру мақсатында білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын күшейтуде. Іссапарымыздың аясында жан-жақты танысқан мектептердің бірі – Елизавета Багран атындағы 51 орта мектеп көшбасшы білім беру ұйымдарының қатарында. Мектеп жаңа материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілген. Жоғары сыныптарда өнер бағытында кәсіптік бағдар беріледі. Мектептер жүйесінде эргономикалық талаптарға сай үлкенді-кішілі спорт залдар бар.

Білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету аясында балаларды ерте дамыту бойынша ұйымдасқан топтарға кіретін 3 жастан бірінші сыныпқа барғанға дейінгі балалардың таза қатынасы пайыздық көрсеткішпен индикатор ретінде анықталған. Осы ретте бұл көрсеткіш ағымдағы уақытта Болгарияда 82.4% құрайды, бұл Еуроодақтың орта мәнімен (95.4) салыстырғанда 0,87% төмен. Сол үшін алдағы уақытта мақсатты мән ретінде 86,3 пайызға жетуді жоспарлап отыр. Қазақстанда бұл көрсеткіш 84%-ды құрайды.

Қазіргі уақытта Болгарияда мұғалім мамандығының беделін арттыруға бағытталған бағдарлама әзірленуде. Педагогикалық мамандықтар бойынша оқыту және мұғалімдердің біліктілігі арттыру жыл сайын ваучерлік жүйемен ұйымдастырылады. Бұл дегеніміз – әрбір педагогтің кәсіби дамуы үшін мемлекет қаражат бөліп отырады.

Индикатор атауы

Дереккөз

Ағымдағы мән

Мақсатты мән

Еуроодақтағы орта мәні

Бастауыш және орта білім беру ұйымдарында толық және толық емес жұмыс күнімен жұмыс істейтін мұғалімдер, белсенді халықтың жалпы санынан %.

Еуростатистика

1,7

2.0

2.1

Оқытуда АТ-ны қолдануға (өте) дайын сезінетін төменгі орта мектеп мұғалімдерінің үлесі, %.

ЕЫДҰ, TALIS

77,4

80,0

83,9

Сезетін орта мектеп мұғалімдерінің үлесі

(өте) көпмәдениетті немесе көптілді ортада оқытуға жақсы дайындалған, %.

ЕЫДҰ, TALIS

78,8

85,0

86,6

35 жасқа дейінгі мұғалімдердің үлесі, %

Еуростатистика

11,4

32,0

20,1

2-кесте. Мұғалім мамандығының тартымдылығы мен беделін арттыруға бағытталған индикаторлар (Ұлттық даму – 2030 стратегиясынан алынды).

Мектеп деңгейінде мектепті басқару органдары болып табылатын директорлар мен педагогикалық кеңестер үлкен рөл атқарады. Мектеп директоры білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты басшылыққа ала отырып, мектептің барлық қызметін ұйымдастырады және оған жауап береді; оқу үдерісі мен ұйымдастырылуына бақылауды жүзеге асыру; мұғалімдерді және басқа қызметкерлерді тағайындауды іске асырады. Ал педагогикалық кеңес мектептің даму стратегиялары; мектеп ережелері; мектептің оқу жоспарлары мен бағдарламалары; оқыту формалары; мектеп рәміздері, әдет-ғұрыптар, формалар; инклюзивті білім беру бағдарламалары; оқуды тастап кетудің алдын алу бағдарламалары; білім алушыға шектеулер мен марапаттаулар бойынша шаралар қабылдайды.

Мектеп ішіндегі іс-шараларды үйлестіру үшін Қоғамдық кеңес, Қамқоршылық кеңес, ата-аналар кеңесі және білім алушылар кеңесі қалыптастырылған. Болгария тәжірибесі білім сапасын шетелдік зерттеулермен салыстырып қарайды. Бұл бағытта келесі индикаторлар анықталған:

Индикатор атауы

Дереккөз

Ағымдағы мән

Мақсатты мән

Еуроодақтағы орта мәні

Оқу қабілеттерінің орташа деңгейінен төмен нәтижелері бар 4-сынып оқушыларының салыстырмалы үлесі, %.

PIRLS

17 (2016)

8

20

Математикалық қабілеттерінің орташа деңгейінен төмен нәтижелері бар 4-сынып оқушыларының салыстырмалы үлесі, %.

TIMSS

29 (2019)

15

25 (2019)

ТжКБ түлектерінің жұмысқа орналасу деңгейі

(1-3 жас) оқуын жалғастырмайтындар, %.

Еуростатистика

68.6% (2019)

80.0

77.6 (2019)

3-кесте. Білім сапасы индикаторы (Ұлттық даму – 2030 стратегиясынан алынды).

Ерте жастағы балаларға сапалы білім беру мен күтім жасаудың ұлттық негіздерін әзірлеу мен енгізуде функционалдық сауаттылықты, азаматтық және әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларды, практикалық білім мен дағдыларды меңгеру, шығармашылық және сыни ойлауды дамыту және АКТ саласында оқытуды кеңейту бойынша шаралар қабылдауда. STEM, білім берудегі тәрбие жұмысын жақсартуға екпін беруде.

Іссапар аясында №119 «Академик Михаил Арнаудов» жалпы орта білім беретін мектебінде болдық. Бұл мектепте – бастауыш білімді аяқтағаннан кейін (сегізінші сынып) «шағын кәсіпорынды ұйымдастырушы» мамандығы бойынша («Кәсіпкерлік және қаржы» бейіні ретінде белгілі) сыныпқа оқушыларды қабылдау іске асырылады. Бұл бір ғана мысал. Білім беру ұйымдарында тұрақты дамудың негізгі құзыреттерін қалыптастыруда мәдени, ғылыми және басқа да мекемелермен серіктестік дамытуды жоспарланған.

Сонымен бірге, білім берудің еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкестігіне қол жеткізу үшін мүдделі тараптармен ынтымақтастық жүзеге асырылу жолға қойылуда. Білім тұрақтылыққа қол жеткізудің негізгі мүмкіндігі болып отыр. Осы орайда, өмір бойы білім алу саясаты болгариялық азаматтардың (оның ішінде егде жастағы тұрғындардың) дағдылары мен біліктілігін арттыруда негізгі рөлді атқарады.

Индикатор атауы

дереккөз

Ағымдағы мән

Мақсатты мән

Еуроодақтағы орта мәні

Кемінде орта білімі бар жастардың (20-24 жас) салыстырмалы үлесі, %.

Еуростатистика

84.4 (2019)

92.0

83.9

Білім беруге жұмсалған жылдардың орташа саны

Біріккен Ұлттар Ұйымы, Адам дамуының индексі.

11.8

14

4-кесте. Өмір бойы білім алу индикаторы (Ұлттық даму – 2030 стратегиясынан алынды).

 

Өмір бойы білім алу мүмкіндіктерін кеңейту жолдары жоғары оқу орындары өкілдерімен кездесуде талқыланған болатын. Осы ретте «Св. Климент Охридский» атындағы София университетінің педагогика факультеті «Ересектерге арналған білім» монографиясын дайындаған және бұл бағытта тиісті оқыту шаралары жүріп жатқандығын мәлімдеді. Сонымен бірге университетте қосымша білім беру бойынша арнайы мамандар дайындалады. Аталмыш мамандықты аяқтаған түлектер қосымша біліммен айналысуға мүмкіндік алады.

Педагогикалық мамандықтарды беру жүйесі университетте жүйеленген. Барлық педагогикалық мамандықтардың педагогикалық компонентін тиісті факультет оқытушылық құрамы ғана іске асырады. Ересектер үшін сауаттылық деңгейін  дамытуға арналған икемді екінші мүмкіндік бағдарламаларын әзірлеуге барынша көңіл бөлуін Болгария халқының қартаюымен де түсіндіруге болады. Осы ретте Болгария Ұлттық ғылым академиясының бас ғалым хатшысы, өкілдерімен жүздесуде демография бағытында жобаларды іске асырып жатқандығын жеткізді.

Жастарды ғылымға ынталандыру, оларды елдің дамуына тұрақты тарту жұмыстары күн тәртібіне орналасқан. Жыл сайын Ұлттық ғылым академиясында докторанттардың 15% ғана толыққанды аяқтайды. Қалған мамандар туризм тартымдылығына байланысты бизнес құрылымдарға кетіп жатқандығы айтылды. Болгарияда білім берудегі цифрландыру және инновациялар қазіргі білім беру жүйесін басқарудың кешенді тәсілі етінде саналады. Цифрлық құзыреттілікті қалыптастыру, оқу мотивациясы және жоғары білім беру нәтижелері үшін АКТ-ны пайдалануға назар салуда.

Осылайша, ұлттық басымдығында Тұрғындардың негізгі цифрлық дағдылары бар үлесі ағымдық (2019) жағдайы Сандық экономика және қоғам индексі (DESI) бойынша 29% құрады, бұл Еуроодақтағы орта мәннен (57%) әлдеқайда төмен. Білім мен экономиканың цифрлық трансформациясына сәйкес келетін оқу бағдарламаларын енгізу, цифрлық оқыту мазмұнына және толықтырылған шындыққа ие электрондық оқулықтарға қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ цифрлық дағдыларды азаматтық сауаттылықпен, киберқауіпсіздікпен, цифрлық технологиямен байланыстыру бойынша шаралар қабылдауда.

Инновациялық оқу орындарының желілері құрылу және дамыту; ашық білім беру ресурстары пайдалану және инновациялық кәсіптерге оқыту үшін білім мен бизнес арасындағы интеграция жүзеге асыру жоспарланған. Қорытындылай келе, Болгария білім жүйесінің тұрақты даму негізі педагогтердің коммуникациялық құзыреттерінің жоғары болуымен ерекшеленеді. Қазіргі уақытта Болгарияда билингвизмнің кең тарауы қарым-қатынас тұрғысында жылы атмосфера қалыптастырады.

Біз барып танысқан мектептерде оқу формалары мектептің басқару органымен анықталады. Бұл да қоғамдық тәртіп пен дәстүрдің сақталуына үлес қосатыны анық. Шетел тілдерін оқытудағы «Св. Кирилл және Мефодий» атындағы Велико-Тырново университетінің тәжірибесін ерекше атап айтуға болады. Онда 20-ға жуық тілді үйретумен қатар, болгар тілінің бірегейлігін кеңейту әдістемесі енгізілген. Осы бағытта Қазақстанда тіл меңгерту және ағылшын тілін игертуде әдістемелік негіздеріне шолу жасауға болады.

Орта білім жүйесіндегі Болгарияның құқықтық-нормативтік құжаттары тұрақты, осы арқылы білім берудегі үздіксіздік пен сабақтастық жақсы сақталған. Жалпы оқу бағдарламаларында құзыреттілектер негізінде іс-тәжірибе арқылы оқыту, пәнаралық байланыс арқылы білім алушылардың ой-өрісін барынша кеңейтуге, XXI дағдыларын дамытуға барынша көңіл бөлінеді.

Нұрбек Серікұлы ПҰСЫРМАНОВ,
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
академиясының ғылым жөніндегі вице-президенті  
Маржан Әнесқызы ҒЫЛЫМЖАНОВА,
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
академиясы Үздіксіз кәсіби білім беру
институтының директоры 
Сейфулла Шай-Ахметұлы СМАЙЛОВ,
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
академиясы Орта білім мазмұны
институтының директоры

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий