“Өрлеу” Қарағанды филиалында жаңа буынның “Педагог” кәсіби стандартын енгізуде ақпараттық – түсіндіру жұмыстары бастау алды

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Оқу-ағарту министрлігі педагог мәртебесін арттыру бойынша жүйелі, дәйекті жұмыс жүргізу үстінде. Бұл бағыттағы жаңа маңызды қадам – бұл ҚР Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген жаңа буынның «Педагог» кәсіби стандарты. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов «Әрбір педагог жаңа буынның «Педагог» кәсіби стандартын құруға өз үлесін қоса алады» дей отырып, оларды осы құжаттың жобасымен танысуға, оны талқылауға қатысуға және өз ойлары мен ұсыныстарымен бөлісуге шақырды.

«Өрлеу» ұлттық орталығының Қазақстанның барлық өңірлеріндегі филиалдары 17 қазаннан бастап білім берудің барлық деңгейлеріндегі педагогтер арасында жаңа стандартты енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын бастады. Қазірдің өзінде 19534 педагог қамтылған 81 вебинар, сондай-ақ біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары үшін 4937 адам қамтылған  87 ақпараттық күндізгі сағат өткізілді, – деп хабарлайды осы аймақтық құрылымның баспасөз қызметі.

Қарағанды облысында «Педагог» кәсіби стандартының негізгі мазмұндық бағыттарын түсіндіру бойынша іс-шараны өткізуде «Өрлеу» Қарағанды институты алғашқылардың бірі болды. Аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшыларына, мектепке дейінгі ұйымдардың, орта, техникалық және кәсіби даму ұйымдарының директорларына арналған вебинар жұмысына барлығы 267-ден астам қатысушы қатысты, олардың ішінде облыстық білім басқармасының, білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің, облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері де болды.

Алғаш рет 2017 жылы «Педагог» кәсіби стандарты ҚР Білім және ғылым министрлігімен әзірленіп, «Атамакен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бекітілген болатын. Бірақ ол кезде бұл құжаттың бірінші кезекте еңбек нарығына бағдарланған әрі жаңа буын стандартында белгіленген міндеттері мен функциялары орындалмаған еді. Алдыңғы стандарттың: педагогтің біліктілік деңгейлерін, еңбек функцияларын және кәсіби даму дәрежесін саралап бағалау; нақты педагогтің мамандыққа дайындық пен кіруден бастап педагогикалық шеберлікке дейінгі үздіксіз кәсіби дамуын нақты сипаттау; белгілі бір педагогтің еңбек қызметін және кәсіби танылған тәжірибе стандартын салыстыру сияқты мазмұны жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етілмеді.

Жаңа кәсіби стандарт педагогтің өз қызметінің басынан бастап шыңына дейін қандай болу керектігін анықтап, оның кәсіби дамуының навигаторына айналатыны сөзсіз. Және де педагогтің өз жұмыс орнында нені білуі, не істей алуы, не істеуі керектігін сипаттайды. Жаңа буынның «Педагог» кәсіби стандартының 2017 жылғы стандартынан маңызды айырмашылығы, онда стандарттың қолданылу салалары айқындалған, педагогтердің біліктілік санаттары бойынша құзыреттілік критерийлері әзірленген, өсу қағидаты бойынша құрылымдалған, кәсіби қызметтің міндеттері мен педагогтың жеке құзыреттеріне қойылатын талаптар көрсетілген.

Жаңа буынның «Педагог» кәсіби стандарты мазмұнының жаңа элементтерінің бірі «Педагогтің кәсіби құзыреттілігінің шеңбері» болып табылады, онда педагог мамандықтарының қажетті білім, білік және дағдылары Ұлттық біліктілік шеңберіне және салалық біліктілік шеңберіне сәйкес айқындалады. «Педагогтің кәсіби құзыреттілігі шеңберінде» педагогтердің негізгі және қосымша кәсіби қызметінің мазмұны нақты айқындалған.

Бұдан басқа, педагогтің 4 құзыретінің әрқайсысына тағылымдамадан өтуші педагогтен бастап педагог-шеберге дейінгі педагогтердің біліктілік санаттарына сәйкес дескрипторлар әзірленді. Осылайша, «Педагог» кәсіби стандарты білім берудің барлық деңгейлеріндегі педагогтердің кәсіби даму траекториясының бірыңғай бағдарына айналатын болады. Сондықтан осы кәсіби стандартты ескере отырып, жоғары оқу орындарында педагогтерді даярлаудың білім беру бағдарламалары, аттестаттау және сертификаттау рәсімдері, үздіксіз кәсіби дамудың мазмұны әзірленіп, жаңартылатын болады әрі педагог кадрларды қызметте жоғарылату стратегиясы құрылады.

«Өрлеу» Қарағанды институтының жаңа стандартты енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өз жалғасын табуда. Осыған байланысты 19 қазанда Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің, «Болашақ» академиясының, О.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің педагогикалық мамандықтарының оқытушылары, магистранттары, докторанттары үшін вебинар өткізіліп, 196 адам қатысты. Вебинар интерактивті түрде өткізілді. Оған қатысушылар педагогтерді ЖОО-да даярлаудың білім беру бағдарламаларын әзірлеудегі жаңа буынның «Педагог» кәсіби стандартының рөлі туралы пікір алмасты, «Мамандық карточкасы» тарауына мектеп педагог-психолог мамандығын енгізу қажеттігілі жайына тоқталды.

Біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары – Қарағанды облысы мектептерінің директорлары мен директорлардың орынбасарлары, орта білім беру ұйымдарында тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтер мен география пәні мұғалімдері арасында жаңа стандарт жобасын талқылау белсенді түрде әрі аса қызығушылықпен өтті. Олар өсу қағидаты бойынша құрылымдалған «педагог»/«тағылымдамадан өтуші педагог», «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілік санаттары бойынша педагогтердің біліктілік критерийлерінің стандартқа енгізілген үздіксіз кәсіби дамуы үшін пәрменділігін атап айтты.

Мұндай құрал педагогтерге өз қызметінің тиімділігін талдауға және кәсіби өсу перспективаларын құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, курс тыңдаушылары мектеп мұғалімдерінің негізгі қызметінің міндеттерін нақтылау бойынша өз ұсыныстарын енгізді. «Өрлеу» Қарағанды институтының «Педагог» жаңа стандартын енгізу бойынша жұмысы жалғасуда. Педагогтердің әр санатына, әсіресе, мектепке дейінгі ұйымдардың, мектептердің, колледждердің педагогтері, қосымша және арнайы білім беру педагогтері үшін жеке вебинарлар өткізіледі.

Мұндай тәсіл белгілі бір педагогикалық мамандық қызметінің ерекшеліктеріне сүйене отырып, ұсынылған стандарт жобасын толығырақ зерделеуге және осы маңызды құжаттың тиімділігін арттыру бойынша сындарлы ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді. Біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары үшін әр топта жаңа буынның «Педагог» кәсіби стандартын, оның мазмұны бойынша облыс педагогтерінің идеялары мен ұсыныстарын талқылау мақсатында ақпараттық сағаттар да өткізілуде. Бүгінгі таңда «Өрлеу» институтында педагогтердің 19 тобы, нақтырақ айтқанда, Қарағанды облысының балабақшалары мен мектептерінен 2260-тан астам адам оқытылуда.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий