Жамбыл облысының Тараз қаласы: Өндіріс мамандарын дайындайтын арнаулы оқу орны

Жамбыл облысына іссапар барысында облыстық білім басқармасына қарасты тағылымға толы терең тарихы бар Жамбыл политехникалық жоғары колледжіне барып, тыныс-тіршілігімен жете танысудың сәті түсті. Бұл ұйысшыл ұстаздар ұжымының директоры отандық педагогика саласына еңбегі сіңген аға буын өкілдерінің бірі, жамбылдық жерлестеріне танымал тұлға, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі Абдраимов Дүйсенбек.

Дүйсенбек Исахметұлының айтуынша аймақтағы өндіріс орындарына арнаулы кәсіби мамандарды дайындайтын бұл оқу орны сонау кеңестік кезеңде, яғни 1954 жылы  СССР Министрлер Кеңесінің № 1254 қаулысына сәйкес суперфосфат зауытының базасында Жамбыл кешкі химико-механикалық техникумы (ДХМТ), сонымен қатар Қаратаудың тау-химия комбинатының жанында кешкі филиалы ретінде ұйымдастырылған екен. ҚазССР Министрлер Кеңесінің 1965 жылдың 21 қыркүйегіндегі №1603-р өкімінің негізінде Қаратау қаласындағы Жамбыл кешкі химико-механикалық техникумының кешкі филиалы Қаратау кешкі тау-құрылыс техникумы болып қайта құрылыпты.

1995 жылы техникум Жамбыл политехникалық техникумы болып атауын өзгертті. 1996 жылы оқу орнына колледж мәртебесі берілді және 1997 жылы ол Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының құрамына енді. 1998 жылы екі оқу орны: Жамбыл политехникалық және Жамбыл қазақ-түрік есеп – экономикалық колледждері бірікті. 2009 жылдан бастап колледж Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл политехникалық колледжі» МҚКК болып атауын өзгертті. Облыс әкімінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі №207 қаулысымен оқу орнына жоғары колледж мәртебесі берілді.

 

2019-2020 оқу жылынан бастап 1304000 “Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру” мамандығының қолданбалы бакалавриат біліктілігі бойынша кіші инженерлер даярлануда. Жамбыл облысы әкімінің 2018 жылғы 14 қыркүйектегі №165 Қаулысына сәйкес «Жамбыл политехникалық жоғары колледжіне» «Тараз химия-технологиялық колледжін» қосу жолымен қайта ұйымдастырылды. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 77-ші қадамында экономиканың алты негізгі саласы үшін 10 алдыңғы қатарлы колледж және 10 жоғарғы оқу орнында білікті кадрларды әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибені еліміздің басқа оқу орындарына тарату белгіленді.

«Жамбыл политехникалық жоғары колледжі» МҚКК  тарих пен дәстүрге бай. Бүгінгі күні колледж ҚР ТиПО жетекші оқу орындарының бірі болып табылады,  ол еңбек нарығының талаптарын және аймақтың даму перспективасын  ескере отырып химия, энергетика, құрылыс салаларына жоғары білікті мамандарды дайындайды.

– Маған осы жауапты қызметті атқару міндеті жүктелген мың жылдықтар тоғысындағы кезде көптеген қиындықтарға тап келдім. Ұжым қызметкерлерінің саны бар болғаны 18 адам. Жинақталған қарыз көп. Жарық пен жылу жоқ. Бірақ бұл тығырықтан да шығудың жолын іздеп тауып, жұмыстар жүйелі жолға қойылды. Қазіргі тіршілігіміз мемлекеттің қолдауы мен облыс басшылығының көмегінің нәтижесінде бірқалыпқа түсіп, ілгері жылжудамыз. Колледж былтыр институционалдық және тоғыз білім беру бағдарламалары бойынша мамандандырылған аккредиттеуден өтті.

Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде 2022-2023 оқу жылы 33 мамандық бойынша 2516 студент, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде – 1754,  оның ішінде «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша 481 бала, ақылы келісім-шарт негізінде – 762 студент білім алды.  Сырттай бөлімде – 233 студент оқиды. Барлығы 116 топ, оның ішінде «Еңбек» МБ – 22,   жергілікті бюджет – 59 (жұмысшы мамандық – 24 топ), ақылы – 35 топ, – дейді колледж директопы бізбен әңгімесінде.

2022-2023 оқу жылы колледжді 835 түлек (оның ішінде мемлекеттік тапсырыс – 644) түлек аяқтады.  Жұмысқа орналасқаны –794 түлек (83,4%). Негізгі жұмыс берушілер: «Казфосфат» ЖШС, «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС, «АулиеатаПассТранс» ЖШС, «Энерджи-Тараз» ЖШС. 2022-2023 оқу жылы қабылдау бойынша – 796 орын жергілікті бюджет – 662) бөлінді. Оның ішінде: қолданбалы бакалавр бойынша – 20 орын, орта буын маманы бойынша – 330 орын, жұмысшы мамандықтар бойынша –  312 орын.

Кәсіптік практиканы жүргізу үшін облыстағы және Тараз қаласындағы 120 кәсіпорынмен келісім-шарт жасалынған, 85 кәсіпорында дуальдік оқыту жүйесі енгізілген. Дуальдық оқыту жүйесінде оқитындар саны – жиырма үш мамандық бойынша 1337 (53%). Колледждің  материалдық-техникалық базасы – 2 оқу корпусы, екі шеберхана, 2 жатақхана (320 адамдық), сексен екі пәндік кабинет, 19 оқу зертханасы, он бес компьютерлік кабинеттер, 21 шеберханалар, үш спорт зал, 1 спорт алаңы, оқу полигоны, екі кітапхана, 2 акт залымен (215 және 360 орындық) етілген.

2020 жылы колледж «Жас маман» жобасын жүзеге асыру үшін 180 колледждің қатарына еніп, «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» және «Механикалық өңдеу, өлшеу-бақылау аспаптары және автоматика» мамандықтары мамандар даярлануда. Аталған мамандықтар бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде 100 студент білім алуда. Оқу жұмыс жоспарлары финдік «SOPRANO» компаниясының білім беру бағдарламасы негізінде  жасалынды.

«Жас маман» жобасы бойынша бюджеттен 380 млн теңге қаржы бөлініп, «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» және «Механикалық өңдеу, өлшеу-бақылау аспаптары және автоматика» мамандықтары бойынша жаңа үлгідегі жабдықтар алынды. 2022 жылы колледж базасында «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» және «Мехатроника» құзыреттіліктері бойынша құзыреттілік орталығы ашылды.

Колледж өз қаражатымен «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша оқу гараждары салынды. Жамбыл политехникалық жоғары колледжі биыл облыстық «Үздік колледж» байқауының жеңімпазы атанып, 500 мың теңге сертификатына ие болды. Жастардың кәсіби шеберлігін қолдау және дамыту, жастарды жұмысшы мамандықтарға тарту, еңбек нарығында олрдың бәсекелестігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған кәсіби жастардың «Профи-2022» облыстық байқауы бар.

Осы байқауға «Дәнекерлеуші» номинациясы бойынша қатысқан өндірістік оқыту шебері А.Ибраимов жүлделі бірінші орынға ие болса, «Аспаз» номинациясы бойынша қатысқан колледж студенті Ж.Бимырза алғашқы қатардан көрінген болатын. «Аспаздық ісі» құзыреттілігі бойынша өндірістік оқыту шеберлері арасындағы «MasterSkills» облыстық чемпионатына қатысқан өндірістік оқыту шебері Қ.Бекбергенова екінші орынмен марапатталды.

Дүйсенбек Абдраимов қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті және еңбек нарығындағы сұранысқа сай білікті мамандар даярлаудағы жетістіктеріне тоқталып, “Worldskills-2021” ұлттық чемионатында “Мехатроника” құзыреттілігі бойынша Яковенко Антон, Хаиров Ратмир, «Визуалды мерчендайзинг және витринистика» құзыреттілігі бойынша Жамалбек Сұлтанәлі үшінші орынды иеленгенін және «СББ токарлық жұмыстар» құзыреттілігі бойынша Нұрланов Бекнұрға «Үздік маман» аталымы табысталғанын айрықша атап айтты.

Жамбыл облысындағы колледжер арасында шоқтығы биік бұл арнаулы кәсіби білім ордасының алдағы уақытта да биік блестерді бағындыра алатындығына сенеміз. Себебі бұл іргелі ұжымның метариалдық техникалық базасы мықты және оқытушы тәлімгерлердің де біліктілігіне қоса білімі биік дейгейде екендігін байқадық.

Ләззат ТҮРКІСТАНОВА,
Астана – Тараз – Астана

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий