Жоғары білім: Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік

Білім – адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі, прогрестік, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы. Қазіргі білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, әр адамның өзінің «Менің» сезінуге, толықтыруға көмектесетіндей, сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым-қатынастарда өз орнын табуға, өзін шығармашылықпен өзгертуге белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс. Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді. Білікті ұстаз, білімді маман болу үшін – әрбір мұғалім өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс.

Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ. «Құзыреттілік» ұғымы педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылық-белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді.

Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің негізгі шарттары: тұлғааралық және еңбектегі байланыс; қызметтің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі; қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы; практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті; нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі және тиімді шешім қабылдау қабілеті.

«Құзырлылық – тек кәсіби білімі емес, тұлғаның жалпы мәдениеті мен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті»- деп түйіндейді белгілі оқымысты Т. Г. Браже. Сондықтан бүгінгі ұстаз тек кәсіби білімін толықтырып қана қоймай, үнемі шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет. Мұғалім информатор, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болуы керек.

Педагогика, технология әлеміндегі жаңалықтарға үңілу, оны зерделей, зерттей отырып іс – тәжірибеге пайдалану, өзінің техногиясын қалыптастыру – заман талабы, заман ағымына ілесу де оңай емес. Кәсіби біліктілігі жоғары өзіндік позициялы, бағалы бейімділігі бар сапалы оқушы даярлау – бүгінгі өмір талабы. Жаңа формацияның жаңа педагогын қалыптастыру үшін жаңа кәсіби мазмұн, жаңа кәсіби даярлық технологиясы қажет, әрі даярлық сапасын арттыруға бірден – бір қызмет етуі керек.

Мұғалім білімін, қабілетін, сенімін, ішкі мүмкіншіліктерін интеллектуалдық, психологиялық сапасын үнемі толықтырылып, жаңартылып отыру мақсатында мұғалімдер өзара тәжірибе алмасу керек. Мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуын жетілдіру мақсатында №25 және №9 жалпы орта білім беру мектебінде Есенов Университеті Білім берудің жоғары мектебінің педагогикалық білім беру бағдарламасы бойынша білім алып жатқан магситранттары өзара тәжірибе алмасу, оқу әдістемелік білімін жетілдіру мақсатында түрлі тақырыптарда ашық сабақтар мен өзара сабақтар өткізілді.

Ашық сабақтар мен өзара сабаққа қатысу – педагогикалық шеберлікті жетілдіру, сонымен бірге, бірлестікішілік және мектепішілік әдістемелік бақылау яғни, «Сабақты зерттеу – LS» бойынша сабақтарға қатысты. Жаратылыстану әдістемелік бірлестік жетекшісі ретінде және бірлестік ұстаздары өзара сабаққа қатысып, бір-біріне әдістемелік көмек және де қашықтықтан оқудағы тиімді платформалар мен кедергілерді талдады.

Атап айтсақ, математика білім беру бағдарламасының 1-жыл магистранты Урдабаев Тимурдың «Құрамында квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру» ашық сабағы өте жақсы өтті және де ақпараттық технологияларды меңгеріп, оны тәжірибеде қолданып жатқанын көрдік. Оқушылар суретпен жұмыс жасап, берілген тапсырманы орындап, дескрипторды қолдана отырып, өзін-өзі бағалады.

Математика білім беру бағдарламасының 1-жыл магистранты Сүлейменова Нұржамал 8 «Б» сынып оқушыларымен геометрия пәнінен «Трапеция. Оның түрлері мен қасиеттері. Трапецияның орта сызығы. Үшбұрыштың орта сызығы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: трапецияның анықтамасын білу және түрлерін білу. Үй тапсырмасы интерактивті тақтада «Көршіме сенемін» әдісі бойынша сұралды.

«Тілек тамшылары» әдісі бойынша оқушылармен психологиялық ахуал жасап алған соң, оқушылар «Трапеция», «Ромб», «Параллелограмм» және «Квадрат» топтары бойынша жұмыс жасады. Сабақтың тиімді тұсы да осы топтарға берілген тапсырмалардың жүйелілігінде болды. «Кім жылдам?» әдісі арқылы оқушыларға топтық жұмыс берілді. Одан кейін деңгейлік тапсырмалар берілді. Сабақ CLIL әдісі арқылы қорытындылады. Сабақтың соңында топ басшылары оқушыларды жинаған таяқшалары арқылы бағалады.

Кері байланыс «Padlret» тақтасына оқушылар трапеция тақырыбы бойынша қандай білім алды, нені түсінбеді пікірлерін жазды. Жас маман болса да, ұстаз түрлі тиімді әдістерді меңгеруде. Сабақ жоспарында, тапсырмалардың көбісін өзі құрастырады, «АКТ» құралдарын жақсы меңгерген. Пән мұғалімдері түрлі әдістер, кері байланыс беру арқылы оқушылармен неғұрлым жиі байланыста болып, балалардың сабаққа деген қызығушылығын артыруға қандай кезең болса да, білім беру саласы еш тоқтамайтын үздіксіз жүйе екендігін дәлелдеуде.

Жалпы, өзара сабаққа қатысу арқылы білім сапасы, оқушылардың оқуға деген ынтасы және де ұстаздардың іс-тәжірибесін сондай-ақ кедергілер мен мүмкіндіктерді анықтап оны жоюдың әдіс-тәсілдері қарастырылады.

Гүлдана ҚАРАБАСОВА,
Yessenov University білім берудің жоғары
мектебі факультетінің мектеппен байланыс
жөніндегі менеджер
і, физика магистрі,
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий