Математикалық сауаттылық: Жаңашыл әдістемелерді иегерудің маңызы мен тиімділігі

«Жамбыл – Өрлеу» кәсіби дамыту институтының басшысы Сұлушаш Сәтбекқызы Құрманбекованың барлық білікті тренерлермен кеңесе келіп, аймақтың барлық аудандарында көшпелі курстар ұйымдастыру барысында жаңа технологиямен сабақты түрлендіріп өткізу жолдарын үйретуді мақсат еттік. Арнайы іс-сапар жұмысымыздың мақсаты біліктілікті арттыруды еңбек тәжірибесімен ұштастыра отырып, нәтижеге бірлесіп жетудің мүмкіндіктерін қарастыру болды.

Т.Рысқұлов ауданы бойынша математика пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек беру мақсатында «Жамбыл-Өрлеу» кәсіби дамыту институтының  ұйымдастыруымен «10-11 сыныптарда математика курсының күрделі тақырыптарын оқытуда математика мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбы бойынша кезекті көшпелі курс жұмысы оң бағытта өріс алды.

Қазіргі таңда мұғалімнің жаңа бағытта әдістемелік тәжірибесінің толысып отыруына ықпал етуге біз де мүдделіміз. Ежелгі грек философы, әрі математигі Пифагор. «Дүние сан арқылы танылды, санда даналық, гармония, үйлесімділік бар» деп дүниенің алғашқы себебін сан деп білген. Ендеше санның тілін түсінген адам, дүние қозғалысының «кілтін» де біледі. Әр ғылым математикадан жырақ емес.

Демек мектеп оқушыларының математиканы жақсы меңгеріп шығуы үшін пәнді қызықтырып өткізуді нысанаға алып, жұмыс жүргіздік. Курстың маңыздылығынан мұғалімдердің де ынтасы жоғары болды. Тыңдаушылар өз іс-тәжірибелерін ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісіп отырды. Оның дәлелі, DESMOS қосымшасының көмегімен күрделі стереометриялық есептерді белгілі теоремалар арқылы шешілетін типтік есептерге келтіру, тригонометриялық теңдеулерді шешу әдістерімен бөлісті.

Geo Gebra қосымшасының көмегімен салуға арналған алгебралық, геометриялық есептерді шешу жолдарымен танысты. Курс барысында комбинаторика элементтері, комбинаторикалық есептерді шешуге ерекше мән берілді. Байзақ ауданы бойынша математика пәні мұғалімдерімен Kahot, galan, padlet, wizer. me, jamboart, canva, flippitu.net платформаларымен тапсырмалар орындалды. Күнделікті сабақты өтіп болғаннан соң, сол тапсырмалар бойынша топтау, жұптық, жеке тапсырмалар орындалып, соңынан қорғап көрсетуде ұстаздар белсенділік танытты.

Меңгерген тапсырмаларды бірден жоғарыдағы платформаларда орналастырып, пән мұғалімдері өз іс-тәжірибелерімен бөлісуде де құлшынысы өте жоғары болды. Тыңдаушылар мұндай платформаларымен осы курста алғаш рет танысып отырғандықтан үлкен жаңалық ретінде қабылдап, қызығушылықтары өте жоғары болды. Курстан соң осы платформаларымен сабақ өткізудің тиімділігі туралы ойларымен бөлісті. Тыңдаушылар тарапынан тағы да осындай курстар болса екен деген сұранысы ұстаздардың жаңашылдыққа құштарлықтарының жоғары екенін байқатты.

Ұстаздардың ұсынысын ескере отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыруда септігі мол осындай платформаларымен облыс бойынша семинар ұйымдастыруды жоспарлап отырмын. Жамбыл ауданының орталығы Аса ауылында «10-11 сыныптар математика курсының күрделі тақырыптарын оқытуда математика мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында курс өткізілді. Курстың мақсаты мұғалімдердің біліктілігін заманауи технологиялар арқылы жетілдіруге бағытталған.

Тыңдаушылар үшін курс дәрістері, тәжірибелері жаңалыққа толы болды. Аудан бойынша математика пәні мұғалімдері Galan, wizer me,   jambort,  canva,  flippitu.net  платформаларымен жұмыс жасап, тапсырмалар дайындап, пән мұғалімдері өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Курс барысында Geo Cebra бағдарламасымен көптеген мұғалімдер шығармашылық жұмыстарын көрсетіп, қорғады. Жаңашылдығы мол мұғалімдерді оқыту дәрістері жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Мойынқұм ауданында математика пәні мұғалімдеріне курс өткізу барысында байқағаным, мұғалімдердің жаңашылдыққа деген құлшынысы мен ізденісі, үйренуге құштарлығы менің де жұмысыма шабыт сыйлағандай болды.  Курс «10-11 сыныптар математика курсының күрделі  тақырыптарын оқытуда математика мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбы бойынша оқытылды.

Курсқа қамтылған пән мұғалімдері күрделі тақырыптарды оқушыларға түсіндіру әдістерін жан-жақты талқылады.  Geo Gebra қосымшасының көмегімен салуға  арналған алгебралық, геометриялық есептерді шешуде Youtube платформаларын қолдана отырып,  өз іс-тәжірибелерімен бөлісуде. Lesson study технологиясы бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіліп, курс қатысушылары әріптестерінің практикалық сабақтарына  қатыса отырып, заманауи технологияларды қолдану жолдарымен танысты.

Парида Пазыловна КАРКАБАЕВА,
«Өрлеу» БАҰО АҚ «Жамбыл облысы бойынша
Кәсіби даму институты» филиалының «Инновациялық
оқыту  және педагогикалық технологиялар» кафедрасының
аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий