Ұлттық ойындар: Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы

Ойын – баланың, бүкіл балалар ұжымының дамуында басты роль атқарады. Ойын дегеніміз – тынысын кең алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат бітіретін сондай ғажап нәрсе, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы. Балаларға ұлттық ойындар арқылы халқымыздың тарихын, мәдениетін таныстыру – басты міндет. Халықтық ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні зор.

Мектеп жасына дейінгі балалардың қоғамдық құбылыстарды, қоғамдағы ересек адамдардың іс-әрекетін өз түсінігінше әрекеті арқылы бейнелеуі ойын болып саналады.Балалар тек ойнап қана қоймайды, сонымен бірге ойлайды, аңғарады, көп нәрсені білуге, зерттеуге талпынады, айналаны таниды,танымы қалыптасады. Ойын – өсіп келе жатқан бала организмінің қажеті. Ойында баланың дене күші мен белсенділігі артады, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып жетіле түседі.

Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағдылары мен танымы қалыптасып, шыңдалады. Ұлттық ойындар – байырғы бабаларымыздан бізге жеткен байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан, үйренудің күнделікті өмірде пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, ұштаса береді. Ойынсыз ақыл – ойдың дамуы жоқ және болуы да мүмкін емес.

Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе сияқты, ол арқылы бала рухани сезімін өмірімен ұштастырып, өзін қоршаған, дүние туралы түсінік алады және танымы мен ойлауы қалыптасады. Ұлттық ойын баланың дамып жетілуіне, адамгершілік қасиеттерінің артуына, психикасына да тигізетін әсері мол. Ұлттық ойындар арқылы өз халқының тарихын, жерін, даму сатысын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, қонақ жайлылығын айқындап көруге болады. Балаларға ұлттық ойындарды үйрету арқылы әділдікке, достыққа, сыйластыққа, кішіпейілділікке тәрбиелей отырып, яғни адамгершілік қасиеттері де қалыптастырылады.

Басқа ойындар сияқты қазақтың ұлттық ойындар тәртібін бұлжытпай орындауы баланың ойын барысында тәртіп сақтауы, баланы осы кезден бастап тәртіпке, әділдікке, жинақылыққа баулиды, адал, қайырымды, өжет болуға тәрбиелейді. Ұрпақ тәрбиесі жайындағы озық ұлттық мұраны бүгінгі тәлім-тәрбие жұмысына пайдалана отырып, атадан балаға жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыпымызды, салт- дәстүрімізді, тілімізді, дінімізді қадірлеуді балаға сәби кезінен қалыптастырған жөн. Тағы бір ерекшелігі, ұлттық ойындардың, әсіресе, балаларға арналған турлері әдетте өлеңмен «өрнектеліп» те отырған.

Сауле Бахтияровна МУХАНБЕТОВА,
№1 «Айгөлек» бөбекжайының тәрбиешісі,
Батыс Қазақсиан облысы, Орал қаласы

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий