Білім деңгейін көтеру бастауыштан басталады

Бүгінгі таңда жеке тұлға, яғни дарынды шығармашылық тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы болып отыр. Өйткені біз өмір сүріп отырған қоғам үздіксіз даму үстінде. Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында «Бастауыш мектептің негізгі міндеттері – баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, олардың қабілеттерін ашып, дамыту, оқуға деген ынтымақтастық тәжірибесінің берік дағдыларын меңгерту» деп айтылған.

Оқушыларға білімнің қыр-сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау, кез-келген ортада өздерін еркін ұстауға тәрбиелеу – біздің – ұстаздардың міндеті. Бұл мәселе көптеген жылдар бойы қарастырылып келеді. Қазіргі заманда оқушылардың білім деңгейін көтеру ең басты міндет. Бұл –  оларды жан-жақты тәрбиелеп, ғылым негіздерінен берік білім беру, болашақ қоғамға қызмет ететін азамат етіп шығару және бойындағы білімін ары қарай тереңдетіп, жетілдіре түсу.

Шәкірттердің шығармашылығын шыңдауда, білім деңгейін көтеру мен арттыруда білім бәсекесінің орын алуы заңдылық. Оқушылардың шығармашылығына бағыт бағдар беруде ең алғаш білім мазмұнына енгізген Мағжан Жұмабаев болатын. Ол баланың ойларын дамыту туралы «Ойлау жанның өте бір қиын терең ісі» – деп атап көрсете келіп, ұстаз баланың ойлап, үйренуіне көп күш керектігін ескертеді. Ойлап үйрену туралы сөз еткенде баланың есін, қиялын, интелектісін дамыту туралы айтылғаны  деп түсіну керек. Себебі, осы қабілеттерді дамыта отырып, оқушының білім деңгейін жоғары көтеруге болады.

Олардың ынтасын арттыруға, өз бетінше жұмыс істей білу дағдысын тәрбиелеуге ерекше назар аудару қажет. Ол үшін оқыту әдістерін дұрыс таңдау өте маңызды. Оқудың белсенді әдістерінің бірі – жұмысты жеке дара істете білу. Осы міндетті орындау үшін, әрбір балаға оқыту, тәрбиелеу, дамыту жұмыстарын ұштастыра жүргізіп, оқушыны жан-жақты қамтамасыз етуге дайын болуымыз керек. Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларына лайықты мазмұн мен оқытудың әдіс-тәсілдерін, бала жанына жақын қарым-қатынас арқылы оларды дамыту, ұстаздың қазіргі күн талабына сәйкес білім беруі, әр ұстаздың педагогикалық мақсатқа қол жеткізуі мұғалім өз оқушыларының арасында шынайы беделге ие болып оларға үлгі бола білуі қажет.

Адамның жеке басын қалыптастыру негізі бастауышта қаланатыны бәрімізге мәлім. Бүгінгі бүлдіршін – ертеңгі қоғам иесі, ал оларға  алғашқы жол нұсқаушы – бастауыш сынып ұстаздары. Шәкірттерді білім нәрімен сусындатып, өмірдің асулары мен шыңдарына қажымай-талмай шығуға үйрететін де ұстаздар. Осы жауапкершілікті барлық мұғалімдердің сезінгені – олардың ең алдымен болашақ азаматқа, кейін қоғамға, одан кейін елімізге тигізген үлкен көмегі, үлесі болмақ. Болашақ жарқын ел жастардың қолында. Ал жастар, біздің, яғни бастауыш сынып оқытушыларының қолында.

Гүлмира Аманжолқызы АБИЛОВА,
Құланөтпес негізгі орта мектебінің
педагог-сарапшысы, Қарағанды
облысының Нұра ауданы

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий