Жас педагог мектебі: Кадрларды қалыптастырудың маңызы

Заман талыбана сай қазіргі таңда сапалы кәсіби білім беруді жүзеге асыру үшін, кәсіби құзыретті, дербес ойлайтын жас мамандар қажет. Педагогикалық қызметке жоғары дайындық деңгейімен келген жас маманның жеке және кәсіби бейімделуі ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Жас мамандармен жұмыс жүргізу  оқу орнының әдістемелік жұмысының маңызды компоненттерінің бірі болып табылады.

Біздің арнаулы оқу орнында жас мамандардың кәсіби және жеке қалаптасуына әкімшілік тарапынан бар жағдай жасалған. Колледжде «Жас педагог мектебі» құрылған. Жас педагогтың сәтті бейімделуі үшін «Жас педагог мектебінің»  жұмыс жоспары әзірленген. Жоспардың мақсаты: жас мамандарға педагогикалық, студенттік және ата-аналар ұжымдарына бейімделу кезінде көмек көрсету.

Міндеттері: жас маманның педагогикалық қызметін жандандыру; талантты, шығармашылық бағытта  жұмыс істейтін жас мамандарды  анықтау; жас мамандардың кәсіби және тұлғалық дамуын ынталандыру, олардың биік кәсіби жетістіктерге жетуіне жәрдемдесу; заманауи педагогикалық өзгерістерді меңгеруін қамтамасыз ету; табысты педагогикалық қызмет тәжірибесімен алмасу; жас мамандардың өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау; жас педагогтарға психологиялық қолдау және әдістемелік көмек көрсету.

Атаулы мақсат, міндеттерді жүзеге асыру үшін, жас педагогтарға жұмыс тәжірибесі мол тәлімгерлер бекітіліп, жеке жұмыс жоспарлары құрылды. Қыркүйек-қазан айларында колледж әдіскерлері мен тәлімгерлері туындаған мәселелерді шешуге, жұмыстағы қиындықтарды анықтауға көмектесетін түрлі диагностика жүргізді. Жүргізілген диагностика қорытындысы бойынша: жас мамандарға модульдік оқытудың оқу жұмыс бағдарламаларын құруда үлкен қиындықтар туындағаны анықталды (жас педагогтардың жалпы санының елу пайызы); сабақтардың түрлері мен нысандарын таңдау (45%); сабақтарды жүргізудің нысандары мен әдістері (жиырма бес пайыз).

Жас педагогтардың шығармашылық мүмкіндіктерін анықтау бойынша сауалнама талдауының нәтижесі: жас мамандардың өзін-өзі бағалауы өте жоғары деңгейде, өздігінен білім алуға құштар, шығармашыл педагог ретінде анықтаған. Өздігінен білім алудың басты фаторы деп – «жұмысқа деген қызығушылық» (79%), «сенім» (65%), «әріптестердің ықпалы» (34%) деп жауап берілген.  «Жас педагог мектебінде» жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін тиімді дамыту, жоғары кәсіби идеалдарды, әдістемелік дағдыларды қалыптастыру, өзін-өзі үнемі дамыту және өзін-өзі жетілдіру қажеттілігі үшін жағдайлар жасалған.

Колледждің тәжірибелі оқытушылар жас педагогтар үшін оқыту семинарлары, мастер-кластар, тренингтер, ашық сабақтар өткізді. Сондай-ақ, әңгімелесулер, консультациялар өткізілді, онда білім беру процесін ұйымдастырудың нормативтік-заңнамалық және оқу-әдістемелік мәселелері зерделенді; есеп беру және оқу-әдістемелік жұмысты ресімдеуде бірыңғай талаптарды сақтау; жас педагогтардың кәсіби және әлеуметтік бейімделу процесін жеделдетуге көмектесу; педагогтарды ғылыми-зерттеу қызметіне тарту.

Педагогтардың педагогикалық құзыреттілігінің өзін-өзі диагностикалау мен диагностикасын жүргізуге көмек көрсету. Жас педагог мектебінің онкүндігі аясында колледждің тәлімгер-оқытушылары Т.Пряда, Б.Жакипова, Т.Бикина, Ж.Мубараковалар «Білім берудегі озық тәжірибелер» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Арнайы пәндер оқытушысы Лариса Петровна Нагорная жас әріптестеріне «Шешендік өнер» мастер класын өткізді. Басында шешендік өнер туралы қысқаша айтып өтті. Жас педагогтармен шешендік өнерді меңгеруге арналған жаттығулар өткізді. Жас мамандар  4-5 адамнан тұратын кіші топтарға бөлінді.

Білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша сабақты жоспарлаудың кезеңдеріне тоқталып өтті. Гүлнар Маратовна мен Людмила Валентиновна әріптестеріне білім берудің тиімді технологияларының бірі – ақпараттық коммуникативтік технология элементтеріне тоқаталды. Ақпараттық коммуникативтік технологиялар оқушының қабылдауын, ойлауын, өз бетімен жұмыс жасай білетін, бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына мүмкіндік береді. «Capturerecorder», «Inshot», «Vivavideo», «Voicealoudreader» бағдарламаларының көмегімен қажетті бейне материалды жасау жолдарын көрсетті.

Колледж әдіскерлері А. Болгамбаева, А. Балагазинова, әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Мадина Баймурзаевна бірлесіп «Заманауи педагог имиджі, қарым-қатынас этикасы» тақырыбында семинар-практикумын өткізді. Жас педагогтар үшін презентация ұсынылды, онда имидждің құрылымдық компоненттері туралы айтылды. «Өзіңді біл», «Конструктивті мінез-құлық дағдылары», «Үш плюс ережелері» пратикумдары өткізілді. Практикум барысында жас педагогтар ситуациялық тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, өздерінің шығармашылық қабілеттерін танытты.

Сонымен қатар онкүндік аясында жас педагогтар да белсенділік танытып, оқыған-тоқығанын ортаға салды. Жас педагог мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес жас мамандардың қызметі екі кезеңде бағаланды:  жас педагогтардың өзін-өзі таныстыруы (өзін презентациялауы). Жас мамандар ұжымға өздері жайында толық мәлімет берді. Жас педагогтар бұл тапсырманы орындауда шығармашылық танытқан.

Педагогтың бірі өзін өлеңмен таныстырса, енді бірі ән атйып шықты, кейбірі тіпті өзі жайлы бейнефильм даярлаған. Әр жас маман тарапынан жауапкершілік танылды. Жас педагогтардың өткізілген  сабақтарына колледж әкімшілігі мен тәлімгерлер жақсы бағасын берді.  

Мадина Баймурзаева КЕНЖЕГАЛИЕВА,
Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары
көпсалалы колледжі
ндегі әдістемелік
кабинеттің меңгерушісі,
Павлодар облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий