Республикалық жоба ауылдық аймақта жүзеге асуда⁣⠀⁣⁣⠀

Бестамақ ауылының орта мектебінде «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептерінің әлеуетін арттыру» республикалық жобасы аясында үш айлық жұмыстың нәтижесімен бөлісті.⁣⁣⁣⁣ Шараға Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова және Тұрақты даму қорының директоры Данияр Тоқтарбаев қатысты, – деп хабарлайды осы облыс орталығындағы зияткерлік мектептің баспасөз қызметі.

Қонақтарға заманауи жабдықтармен жабдықталған 27 аудитория, STEM зертханасы, телестудия, спорт залы, өнер және технология кабинеттері ұсынылды.⁣⁣⠀– Егер бала қалада оқып, бір себептермен мектепте сапалы білім алмаса, онда репетитор жалдап, үйірмеге немесе орталыққа жазылуы мүмкін. Оның қырлары солай ашылады. Өкінішке орай, ауылда бұл мүмкін емес. Негізгі құрал – мектеп, сондықтан оны дамыту өте маңызды, – деп бөлісті Тұрақты даму қорының директоры Данияр Тоқтарбаев.⁣⁣⁣⁣⠀

Мектеппен танысу жаңартылған кітапхананың тұсаукесерінен басталды.⠀Оның форматы өзгерді. Енді кітапханаға барған кезде оқушылар кітап алып қана қоймай, ой бөлісіп, демалып, жаңа білім алып, үстел ойындарын ойнай алады.⠀Кітапхананың жанында буккроссингке арналған сөре бар. Бастауыш сыныптардың оқу кабинеттері оқушылардың бойларына қарай реттелетін отандық өндірістегі оқу парталарының болуымен ерекшеленеді.⠀

Кішкентай зерттеушілер құрылғылары бар түрлі-түсті ұялы жәшіктердің көмегімен табиғат құбылыстарын зерттей алады.⁣⁣⁣⁣ Оқушылардың жұмыстарымен безендірілген робототехника кабинетіне ерекше назар аударылды. Бестамақ балалары өздерінің алғашқы туындыларын мақтанышпен ұсынды: би роботы, кедергілерден өтетін⠀көлік және тағы да басқалар. Айта кетерлігі, бұл мектептің STEM зертханасында ғана жаңартылған конструктор бар.⠀

Бұл оқушыларға бағдарламалар әзірлеуге, оларды кодтауға және өз жобаларын жасауға мүмкіндік береді.⁣ – Жобаның басталғанына үш ай ғана уақыт өтсе де, мектептің қаншалықты өзгергенін көріп отырмыз. Осы уақыт ішінде біз Ақтөбе қаласындағы NIS және Педагогикалық шеберлік орталығымен белсенді ынтымақтастықта болдық. Мұғалімдеріміз бағалау, оқыту әдістері және оқушылармен жұмыс жасау салаларында жан-жақты қолдау алады. Осы жобаның арқасында біздің тәрбиеленушілеріміз Зияткерлік мектеп оқушыларымен араласа бастағанына қуаныштымын. Алдағы уақытта олар бірлесіп жобалар жасайды деп сенеміз, – дейді мектеп директоры Анара Истегулова.⁣

Еске салайық, жобаның негізгі мақсаты – қала мен ауылдағы білім арасындағы алшақтықты азайтуда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ маңызды рөл атқарады. NIS мұғалімдері Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесе отырып, ауыл мұғалімдері үшін озық педагогикалық тәжірибе мен тиімді әдіс-тәсілдерді жеткізуге бағытталған тренингтер, семинарлар, шеберлік сабақтарын ұйымдастырады.⁣⁣⁣

– Бұл өте маңызды әлеуметтік жоба. Ең алдымен аналитикалық сауаттылықпен жұмыс істеу керек. Білім сапасын арттыру үшін мұғалім өз тәжірибесін тексеруі керек: «Мен қандай нәтижеге қол жеткіздім?», «Қандай кемшіліктер болды?», «Мен дұрыс баға қойып жатырмын ба? Неліктен?», «Қандай тақырыптар қиын?». Ол үшін мұғалімдер мен әкімшілік мүшелерін оқытамыз, – деді «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова.⠀

Жобаға 17 мектеп тартылған. Біз 4 және 8-сынып оқушылары үшін кіріс мониторингін жүргіздік, соның негізінде білімді бағалаудың объективтілігін анықтаймыз. Сәуір айында біз дайындықтың динамикасын көрсететін қорытынды мониторинг жүргіземіз. Алынған мәліметтерді министрлікке жібереміз.

– Бүгінгі таңда ақпараттық технологиялар заманында білім беру мәселесі өткір тұр.⠀Бұл орайда мектептің алатын орны зор, бірақ мұғалімдердің, ата-аналардың, мемлекеттік органдардың бірлескен күш-жігерінің арқасында ғана жетістікке жетуге болады, – дейді Күләш Шәмшидинова заманауи білім берудің ерекшеліктері туралы.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий