Диалогтік оқыту білім сапасын арттыратын әдіс

Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде :«Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді». Диалогтік оқыту – мұғалімнің оқу материалын оқушыларға түсіндіріп, оқушылардың сол оқу материалын меңгеруі мақсатында оқу материалын дайындаудың және баяндаушы әңгіме жүргізудің нақтылы реттеуші ережелерін ескере отырып құрылған оқыту мен оқу тәсілі.

Оқушыларды мәселені (проблеманы) анықтап, оны шешуге итермелейді және олардың оқудағы іс-әрекеттерін белсенді етуді көздейді. Сабақ барысында оқудың белсенді әрекет әдістерін қолдануды нәтижелілігін осыдан көруге болады.Оқудың белсенді әдістеріне: пікір-таластар, өзін-өзі бағалау, постер қорғау және бірін – бірін тексеру жатады. Сондықтан  баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін қазіргі заманда мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасауы қажет.

Білім сапасы оқушының білімге деген құштарлығымен, қызығушылығына тікелей  байланысты. Сабақ беруге және оқытуға барынша мақсатқа сай және креативті амалдарды дамытуда орталық аспект мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынастардың түсінікті болуы керек. Егер оқытуға белсенділік пен өзара әрекет кіретін болса, ол тиімдірек бола алады. Оқуды белсендіруге және диалог түрінде оқытуды белсендіруге ықпал ететін кез келген тәсілді қолдау мектептің басынан бастап құқықтар тең бөлінген орын екенін білдіретін фактіні растайды.

Сабақ беру мен оқыту талқылау үдерісінде жүзеге асырылуға және ынтымақтастық қолдануға тиіс, сондықтан мұғалімдер оқушыларға өз бетінше орындау құқығын беретін, сыныпта аса демократиялық атмосферасын қалыптастыратын тәсілмен оқыту үдерісін көңіл бөле ұйымдастыруы керектігіне көзім жетті. Қазақстан Республикасы педагогтерінің біліктілігін арттырудың «Тиімді оқыту» білім беру бағдарламасы бойынша  курс барысында қазіргі таңдағы оқу барысында жеті модулдің бір-бірімен ықпалдастыра құрған сабақтардың жүйелі, нәтижелі болатыны жаңалық болды.

Оқытудың жаңаша әдісі мен тәсілдері – жеті модульдерін мұғалімдер тәжірибесінде қолдану арқылы оның артықшылықтарына көз жеткізді. Осыған байланысты оқу процесінде жеті модульге қатысты туындаған жаңалықтарды жақсы деңгейді қабылдап, тиімді пайдалана білу керек.  Аталмыш бағдарламада орта білім беру жүйесін әлемдік жоғары деңгейге жеткізетін әдіс-тәсілдер берілген.

Бұл бағдарламаны ұсынған ғалымдардың зерттеулері бойынша, оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап ету керек деген. Барн (1976) пен Мерсер (2000) айтқандай оқушыларды әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болатын әңгіменің түрі десе, ол сабақта оқушылардың өзара әрекеттесу дағдыларын дамытуға да әсерін тигізетіні анықталды.

«Диалогтік оқыту» модулі бір жағынан қызықты болса, екінші жағынан барлық мән-жайын түсінуді қажет ететін модульдердің бірі. Оқу үрдісіне оқушылардың барлығы белсенді жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін белсенді оқыту әдістерін кеңінен қолдану керек. Мысалы: рөлдік ойындар, дебат, постер және тағы да басқа. Бұл әдістер сыныптағы барлық оқушыларды әрекетке тартып, ұжымда жұмыс жасауға үйретіп, тілдік қарым-қатынас орнатуға септігін тигізеді.

Осы орайда  кейбір   ұстанымдарға  сүйену маңызды болып табылады. Олар: оның оқи, жаза білуі, дауыстап айтуы, естіп, көзімен көруі, қабылдауы, қайтадан айтып беруі және тағы да басқалар оқушылардың есінде ұзақ сақталады. Оқушылар сабақта жауап беруде дәлелдемелерді ауызша баяндап, талдау кезінде жіберген қателерін өзара әрекетпен түзетеді, іскерлік өзара әрекет дағдылары дамиды.

Диалогтік оқыту барысында оқушылар өздері айтқан мәлімет пен жолдастары бөліскен материалды ұзақ еске сақтап қалатындарын көрсетті. Дайын білімді беру  оңай, ал оқушыны ізденуге үйрету қиынырақ, ізденіс барысында түйінді мәселелерді бекітуде сыни ойлауды, өз қызметіне сынмен қарауды үйрету қажет.

Назым Орынбайқызы БАЙМАХАНОВА,
Т.Жүргенов атындағы №80 мектеп-гимназиясы
директорының бейінді-бағдарлы орынбасары,
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кенті

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий