Павлодар облысы: Инновациялық жобаларды іске асырудың тәжірибесі

Аймақтағы әдіскерлер мен педагогтер инновациялық жұмыс әдістерін енгізіп, тәжірибе алмасып, тынымсыз еңбек етуде. Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жақсарту және білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында «Yertis mektebi-2025», «Пәндік білім, цифрлық технологиялар, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту саласындағы педагогтердің кәсіби дамуы» бағдарламасы  жүзеге асырылуда.

Бағдарлама Ақсу, Павлодар, Екібастұз қалаларындағы 64 білім ордасы мен ауыл мектептерінің екі мың 2000 педагогтерін қамтитын білім беру қызметкерлерінің кадрлық әлеуетін дамытуды көздейді. «Құқық мәдениеті толысқан қоғам», «Тіл-тұғырым» жобалары мұғалімдердің құқықтық мәдениетін және мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға бағытталған. Оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру үшін «Заман. Талап. Тренд» жоба аясында өңірдің үздік педагогтердің тәжірибесі кіріктірілуде. «Жақсы мектеп үшін жаңа мұғалім» жобасы аясында педагогтерге семинарлар, форумдар, дөңгелек үстелдер, конференциялар ұйымдастырылады.  

«Оқу үшін оқыту» жобасы бойынша білім алушыларды халықаралық зерттеулерге дайындық жұмыстары жүргізіліп, білім алушылардың функционалдық сауаттылығы мен креативті ойлауын дамытуға бағытталған тапсырмалар әзірлене бастады. Аймақтағы білім беру саласында тәлімгерліктің беделін арттыру, жалпы білім беретін ұйымдардың педагог – тәлімгерлерін, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтерін қолдау және жас мамандарды қолдауға педагог-тәлімгерлердің елеулі жеке үлесін таныту мақсатында «Педагогикалық дуэт» облыстық байқауы қолға алынуда.

Білім беру ұйымдарындағы жас басшылардың кәсіби белсенділігі мен азаматтық ұстанымын дамыту мақсатында менеджменттің, көшбасшылық қабілеттердің, зияткерлік әлеуеттің өзекті мәселелерін талдау және талқылау, сыни ойлауды дамыту арқылы «Мен-формальды және бейресми көшбасшымын» дәстүрлі сайысы көпшіліктің қолдауында. Білім беруді басқару саласындағы сабақтастықтың, үздіксіздіктің инновациялық тәжірибесін іске асыру және желілік өзара іс-қимыл жұмысын жетілдіру үшін мектеп директорларының орынбасарларына арналған «Leadership» (заманауи менеджменттегі көшбасшылық) жобасы он аудан мен үш қаладағы барлық ұстаздар белсене қатысуға мүдделі.

Жас мамандардың кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру мақсатында дарынды педагогтерді қолдау, облысымызға талантты жас педагогтерін танымал ету үшін «Ұстаздар аламаны» зияткерлік сайысы басталмақ. Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу шараларына ерекше көңіл бөлінеді. «Жас сарбаз» жобасын іске асыру аясында облыстағы мектептерде арнайы клубтар (үйірме) мен «Жас сарбаз» сыныптары ашылып, ресми түрде сертификатталды. «Жаңа мамандықтар атласы» облыстық жобасын ілгері дамыту үшін психологтер қатарынан кәсіптік бағдар берушілер институты енгізіліп, 338 педагог арнайы оқудан өтті.

Қалалар мен аудандарда мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған ашық алаңдар құрылып, жүйелі жұмыстарын жоспарлы жүргізуде. Павлодар қаласында «Инклюзивті білім беру бойынша мектептің психологиялық-педагогикалық қызметінің негізгі аспектілері» және «Жас педагогтің кәсіби қасиеттерін қалыптастыру және бағалау» жобаларын іске асыратын «ПроЛС» клубының қызметіне қызығушылық күшейді.  Аудандарда кәсіби өзара іс-қимыл жағдайында педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесіп, «Lesson Study шағын жинақталған мектепте: проблемалар, шешу жолдары, перспективалар» жобасы әзірленді.

Негізгі ұстанымы – сабақтың тиімді үлгісін енгізу үшін сабақты өз тәжірибесімен оқудың әлемдік үлгісін пайдалану. Жинақталған мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілік, зерттеушілік дағдыларын жетілдіру мақсатында «Желілік қоғамдастық – шағын жинақталған мектеп мұғалімдерінің зерттеу дағдыларын дамытудағы фактор» жобасы құрылды. Мамандандырылған мектептер «Қала-ауыл» инновациялық жобасын іске асыруда. Мақсат – ауылдық аймақ мектептеріне сапаны арттырудағы міндеттерді кешенді шешуде тәжірибелік көмек көрсету.

Осы жобаға облыстың 9 мыңнан астам педагогі қамтылған. Кәсіби өзара іс-қимыл тәжірибесі «Ауыл мектебіндегі білім сапасы: шындықтар, проблемалар, шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік  конференция барысында ұсынылды. Жобаның құрамдас бөлігі сұранысқа ие он үш басым бағыт бойынша оқу-әдістемелік (жаттығу) орталықтарының жұмысы болып табылады. Тәжірибеге бағдарланған: «STEM-оқыту арқылы оқушылардың жеке, шығармашылық, зерттеу қабілеттерін дамыту»; жаратылыстану-математикалық пәндерге арналған оқу-ресурстық «Фаблаб»; «Физика-математикалық білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік орталығы»; «Тілдік пәндерді оқыту кезіндегі қашықтықтан оқыту зертханасы»; «Ағылшын тілін деңгейлік оқытудың ғылыми-әдістемелік зертханасы» белсенді жұмыс істейді.

Мамандандырылған мектептерде «Мың бала» республикалық олимпиадасына, жалпы білім беретін пәндер бойынша, бағдарламалау бойынша олимпиадаларға дайындық ұйымдастырылады, ЅТЕАМ-білім беруді, үштілді білім беруді дамытуға, қорытынды аттестаттауға және ұлттық бірыңғай тестілеуге, халықаралық зерттеулерге даярлауға бағытталған жобалар тұрақты негізде жұмыс істейді. Пікірталас қозғалысы, оның ішінде ағылшын тілінде де дамып келеді.

Отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілерін оқытуда көмек көрсету мақсатында «Оқушыдан – оқушыға» әлеуметтік жобасы қолға алынды. «Біз әр баланы шығармашыл ете алмаймыз, бірақ оның шығармашылық қабілетін дамыту – біздің кәсіби парызымыз» – көптеген ұжымдардың ұранына айналды. Жергілікті атқарушы органдардың тарапынан мұғалімдер мен оқушыларды инновацияларға ынталандыру мәселелеріне көп көңіл бөлінуде. Облыста соңғы үш жылдан бастап үздік мұғалімдерге 1000 АЕК мөлшерінде сыйлықақы төлеумен «Павлодар облысының білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі табысталып, үздік жетістіктерімен озат атанған 82 педагог марапатталды.

Аймақ бойынша іске асырылып жатқан инновациялық жобалар мен білім байқаулары пән мұғалімдерін қолдауға және олардың кәсіби деңгейін арттыруға ықпал етіп, нәтижесінде бүкіл білім беру жүйесі қызметіндегі сапаның жоғарылауын қамтамасыз ететіндігі анық.

Павлодар облыстық білім
басқармасының баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий