“Жайлы мектеп” жобасының жаңашылдығы

“Samruk-Kazyna Construction” АҚ ақпан айының 10-ы күні “Жайлы мектеп” ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде Құрылысқа және жобалауға арналған кешенді жұмыстарды “дайын күйде тапсыру” сатып алу бойынша конкурстық құжаттаманы алдын ала талқылауды жариялаған болатын.

– “Жайлы мектеп” білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасы еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей тапсырмасы бойынша қолға алынғанын айрықша атап айтқым келеді, – деді осы басқосудың барысында жиналғандар алдында сөз сөйлеген ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова. – Мемлекет басшысының осы тапсырмасын орындау барысында ең бастапқы кезеңде осы ұлттық жобаны әзірлеу міндеті жүктелген біздің бейіндік ведомства осы жоба аясында салынатын заманауи бағыттағы жаңа білім ордаларын салу барысында қандай ұстанымды назарға алуымыз қажет, бірінші бағытта не мақсат тұр деген салмақты сауалдарға нақты жауап беру көзделді.

Бұл мақсатта ел Ұкіметінің мүшелері мен тиісті салалық министрліктің лауазымды тұлғаларына қоса мұдделі құрылымдардың өкілдерінен жасақталған ҚР Президенті Әкімшілігінің жанындағы арнайы жұмыс тобы жұмыла жұмыс жасады. Шолпан Таңатқызының мәлімдеуінше осы жұмыс тобының отырыстарында ең батысы білім беру ұйымдарын салу ісі республика аумағында бірінші мәрте қолға алынып отырмағаны ескірілген.

Демек мектеп құрылысының жүргізілуі жыл сайын қайталанып келеді. Нәтижесінде мемлекеттің қолдауымен соңғы жиырма жылда бір мыңнан астам білім шаңырағы ел игілігі үшін пайдалануға берілген екен. Бұл әрине жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру бағытында атқарылған ауқымды шара. Бірақ жаңа заманның талабына сай жайлы мектептердің қажеттілігі өзекті мәселе ретінде күн тәртібіне қойылды. – Себебі осы мерзім аралығында жинақталған тәжірибені зерделеу барысында орнын толтыруымыз қажет олқылықтар мен түзетілуі тиіс кемшіліктердің бары анықталған болатын. Ел аумағында бес жүзден астам мектеп елу-жетпіс жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп тұр. Әрине оларды алдағы кезде жаңа ғимараттарға ауыстыруымыз қажет, – деді ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі.

– Өйткені арасында ең ескілері санатындағы саман мен ағаштан салынған және кірпіштен қаланған көне білім ордалары бар. Оның үстіне бала санының көбейуіне байланысты демографиялық көрсеткіштің әсерінен үш ауысымды және апатты мектептер сақталып келе жатыр. Үш ауысымды мектептің қазіргі саны 148. Ресми түрде дәлелелденген статистикалық мәліметке жүгінсек бүгінгі таңда нақты 240 мың балаға орын тапшылығы бар анықталып отыр.

2025 жылға дейін жаңа тұрпаттағы заманауи мектептер дер кезінде салынып, пайдалануға берілмесе алдағы екі жылда бір миллион екі жүз мың оқушыға мектептерде орын жетіспеу мүмкіндігі болжанды. Шолпан Каринованың айтуынша былтыр аймақтарда 247 мектеп салынып, 135 мың бала бір ауысымда оқуға мүмкіндік алған. 2021 жылы 277 білім ордасы пайдалануға беріліп, бір ауысымдағы 163 мың оқушыны қамтыды. Яғни жыл ұзаған сайын мектепке баратын жеткіншектердің қатары қалыңдаған сайын білім ордаларына сұраныс арта бетіндегі даусыз. Бұл басымдық маңызды мәселені мемлекеттік тұрғыдан жедел түрде әрі тиімді реттеудің қажеттілігін көрсетіп отыр. 

– Президентіміз өткен жылғы сайлауалды бағдарламасында алдағы уақытта 1 миллион 500 астам мектепке баратын шәкіртті тиісті орынмен қамтамасыз ету міндетін жүктеді. Үкімет осы ұлттық жобаның шеңберінде саланатын 401 білім ордасы арқылы сегіз жүзден астам балаға жайлы мектеп арқылы жақсы жағдай жасауды жоспарлап отыр. Ұлттық жобаны іске асыру үшін жоғары атқарушы биліктің тарапынан бюжеттік заңнама мен білім беру бағытын реттейтін құқықтық құжатттарга тиісті өзгерістер енгізіліп, ресми түрде мақұлданды, – деді баяндамашы.

– Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 1008 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі “Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам” атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 49-тармағын орындау үшін  Үкіметтің “Жайлы мектеп” білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасын бекіту туралы (30.11.2022 ж, Жаңа№ 963) қаулысы бекітілді.

Осы құжатта біздің бейіндік ведомстваға ұлттық жобаны үйлестіруді, мониторингілеуді және әдіснамалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету тапсырылса, “Samruk-Kazyna Construction” акционерлік қоғамы ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде орта білім беру ұйымдары объектілерінің нысаналы құрылысы жөніндегі дирекция ретінде айқындалған. ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрінің сөзіне сүйенсек осы қаулыда мектеп құрылысын жүргізудің үш тетігі қарастырылған.

Біріншісі – осы басқосуды талқыланып отырған бюджеттік инвестициялық жоба түрінде ерекшеленеді. Одан кейінгісі жеке меншік-мемлекеттік әріптестік аясында қамтылған. Үшіншісі – сатып алу бойынша жүзеге асырылатын жобалар. Енді жайлы мектептердің басқа білім ордаларынан ерекшелігіне тоқталсақ. Бұл жобаның құрылыс саласы бойынша және педагогикалық мақсаттағы екі үлкен бөлігі бары айрықша атап айтылды.

– Көптен күткендей құрылыс бөлігін бірыңғай стандартпен жасау жұмыстары басталды. Өйткені бұған дейін мектептер құрылысына арналған бірыңғай стандарттың болмағаны белгілі. Сондықтан пайдалануға берілетін мектептер оқу жабдықтарымен, пән кабинеттерімен толық қамтамасыз етілмейтін. Ғимараттарды салу барысында көбіне сапасыз құрылыс және әрлеу материалдарының пайдаланылатындығын ұдайы сынға алатынбыз, – деді Шолпан Таңатқызы.

– Мектептер құрылысын жобалауға, салуға мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық рәсімдердің ұзақ уақыт жүргізілуі (пайдалануға берілгенге дейін орта есеппен 48 ай) объектілер құнының өсуіне, шарттарды бұзуға және “құрылыстың ұзақ уақыт салыну” проблемасына алып келеді. Және жосықсыз құрылыс салушылармен келісімшарттар жасау тиылмады. Нәтижесінде сыныптарда балалар санының шамадан тыс көп болуы (25-тен артық білім алушы), үш ауысымда оқыту, оқушы орнының тапшылығы сияқты мәселелер туындап, бұл олқылықтар білім сапасы мен балалардың әл-ауқатына кері әсерін тигізгені мәлім.

Шолпан Каринова ұсынған ресми мәліметтердің негізінде жайлы мектептерді салу кезінде осы уақытка дейін кедергі келтірген ежеу факторлары ескеріліп, жаңа тетіктердің енгізілгені  белгілі болды. Жайлы мектеп жобасымен салынатын мектептердің тағы бір артықшылығы қала мен ауылдағы білім орлаларының арасындағы алшақтықтың жойылатындығымен де өте маңызды. Жаңа мектептерге сатып салынатын пәндік кабинеттер мен оқулықтар, құрал-жабдық, интернетке қосылуы мен қолданылатын компьютерлерге дейін басқа да қажеттіліктерді қоса алғанда барлық жерде бірдей болады.

Яғни тең жағдай жасалмақ. Мемлекеттік стандартқа байланысты бір балаға шаққандағы пән бөлмелерінің бектілген көлемі арнайы ережелерге сәйкестігі қатаң сақталады. Жас ерекшеліктерін ескеру арқылы және психологиялық тұрғыдан бастауыш сынып пен мен орта буын мен жоғары сынып оқушыларының оқитын пән кабинеттері мен асханалары және спорттық алаңдары бөлек қарастырылған. Бұл жайлы мектептерді құзіреттіліктердің орталығы ретінде қалыптастыру өзделіп отыр.

Өйткені бұл білім ордаларының арнайы сынақ тапсыру арқылы тағайындалатын директорлар мен олардың орынбасарларына қоса біліктілік курстарынан өтетін педагог мамандары бойынша да қуаттылығы жоғары. Сондықтан бұл мектептерде ұлттық бағалау жүйесі бойынша сыртқы бағалау бойынша да алғаш рет үлкен жұмыстар жүргізілмек.

Нұрлан МЕРАЛЫ

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий