Маңғыстау облысы: Аймақтағы білім сапасын арттыруға бағытталған жобалар

Қазақстан Республикасы жалпы  білім  беру  жүйесін жетілдірудің  жаңа  кезеңіне  аяқ басты.  Бүгінде еліміздегі 2021-2025 жылдарға  арналған «Білімді  ұлт»  ұлттық  жобасы, ҚР білім  беруді  дамытудың 2022-2026 жылдарға  арналған тұжырымдамасы  негізінде, Маңғыстау  облысында жергілікті атқарушы органдар орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп, балалардың білім  алуына қолайлы жағдай жасау  үшін жүйелі жұмыстар  жасап  жатыр.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым–Жомарт Тоқаев сапаны арттыру бағытында бірқатар тапсырмалар берді. Білім  сапасын  диагностикалау, сапаны бағалаудың жаңа  рейтингтік  формулаларын енгізу  арқылы жан-жақты білімді, өмір  сүруге  бейім, сауатты ұрпақ тәрбиелеу мақсатында бірнеше жобалар енгізілді. Бұл жобалар – білім саласын дамыту аясында атқарылған жұмыстардың бір бөлігі. Жобалар арқылы білім беру ұйымдарының жұмыстары жаңа бағытта өзгеріп, сапаның артуына әсер  етіп жатқаны байқалады.

Бүгінгі таңда білім берудің сапасы мен деңгейін жан-жақты  дамытып, жаңаша ойлайтын, оқыту мен тәрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін педагогтер қатарынан көріну – әрқайсымызға жүктелетін жауапкершілік. Мектепте оқу пәні мұғалімінің педагогикалық кәсіби біліктілігін көтеруі тек кәсіптік құзіреттілікті арттырудың шарты болып қана қоймай, сонымен бірге өзін-өзі жетілдірудің алғы шарты болуы қажет.

Ғалым, академик Ш.А.Амонашвили мұғалімнің кәсіби қызметі мен рөліне ерекше назар аударған. «Мұғалімге елдің болашағын қалыптастыруда ең басты рөл берілген», – деп айтқан болатын. Жаңашыл мұғалім өз пәнін жетік білуімен қатар, жаңа заман талабына сай озық технолoгияларды терең меңгерген, әлемдік стандарттарға ілесе білетін, өз тарихы мен танымын жоғалтпаған озық ойлы болуы қажет. Сонымен қатар, қызметінің нәтижелерін болжайтын, еркін және белсенді oйлайтын кадр.

Білім беруді жаңғырту тұжырымдамасына сәйкес, қазіргі кезеңдегі біліктілікті арттыру жүйесінің басым міндеті педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру және қазіргі өмірдің сұраныстарына сәйкес педагогикалық ұжымды қалыптастыру болып табылады. Бүгінгі күні тез өзгеретін әлемде әлеуметтенген тұлғаны тәрбиелеуге қабілетті педагогтің жоғары білікті, шығармашылықпен жұмыс істейтін, әлеуметтік белсенді және бәсекеге қабілетті тұлғасына сұраныс артты.

Педагогтердің кәсіби құзіреттілігін арттыру мақсатында бірнеше жобалар жүзеге асырылуда: – Мектептердегі білім сапасын және оқушылардың функционалдық  сауаттылығын арттыру, педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету, мектепті басқару жұмысының тиімділігін арттыру бағытында Ақтау қаласының, Мұнайлы, Маңғыстау, Қарақия аудандарының жекелеген мектептерінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру институты, Назарбаев Зияткерлік мектебінің, Ш.Есенов университетінің және Маңғыстау гуманитарлық колледжінің әдістемелік-тәжірибелік қолдау алаңдары жұмыс жасауда;

16 пән мұғалімдерінің қауымдастығы, үздік педагогтер қауымдастығы, «Математикалық прогрессия», «Күніне бір есеп» жобалары жүйелі түрде жүргізілуде; Жаңаөзен қаласының 6 мектебіне «Білім-инновация» лицейінің тәжірибесін тарату жобасы енгізілді; «Серіктес топтардың: ауыл және қала мектептерінің даму стратегиясын қалыптастыру» менторлық жобасының аясында 30 мектептің даму стратегиясы әзірленді. «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 2025 жылға дейін 50 мектепті жаңғырту бағдарламасын іске қосты.

 

Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқудағы жаңа тәсілдерге байланысты болып отыр: білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, мұғалім мен оқушылар арасында жаңаша қарым-қатынас пайда болады. Жобалар арқылы жаңа тәсілдерді меңгеріп, мұғалімнің кәсіби шеберлік, адамгершілік, рухани, білімді де білікті педагог болып қалыптасуына игі әсерін тигізуде.

Білімді ұрпақ – ел болашағы. Осы бағытта оқушылар да білім сапасын арттыру үшін облыс әкімдігі тарапынан қолдауларға ие болуда. Маңғыстау облысының жаңа кәсіптер мен құзіреттер атласы жасалды. Мектеп оқушылары үшін кәсіби бағдар берудің платформасы әзірленді. Аталған платформада жұмыс жасау үшін мектеп профориентаторларына оқытулар жүргізіліп отыр; Жергілікті «Маңғыстау» телеарнасында 11-сынып оқушыларына арналған «Жүзден жүйрік» зияткерлік сайысы өткізілуде.

Жобалар бойынша атқарылған жұмыстар білім басқармасында, облыс әкімінің қатысуымен өткен жиналыстарда тыңдалды, басқарманың және аудандық, қалалық білім бөлімдерінің ұдайы бақылауында болады. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының қолдауымен Жаңаөзен қаласында «Жарқын болашақ» әлеуметтік   жобасы жүзеге асуда. Жоба аясында еліміздің колледждеріне 188 студент және Бурабайдағы IQanat High School of Burabai мектеп-пансионатына еду оқушы оқуға қабылданды.

Білім беру ұйымдарында ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелеріне мониторинг жасалып, сапасы төмен оқушыларды қолдау, дайындау мақсатында жаңа жоба қолға алынды. ҰБТ-ға дайындау мақсатында жеделдетілген онлайн курс  ұйымдастырылып, оған 4300 оқушы қамтылуда. Бүгінгі таңда білім берудің сапасы мен деңгейін жан-жақты  дамытып, жаңаша ойлайтын, оқыту мен тәрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін педагогтер мен менеджерлер қатарынан көріну – әрқайсымызға жүктелетін жауапкершілік.  

Аталған жұмыстарды атқару барысында тұлғаның білім, білік және өмірде қолдану дағдысы, сондай-ақ түлектің білім сапасы артатыны сөзсіз. Серікбол Қондыбай Әділбекұлы аз ғұмырында атына өшпес мұра қалдырған ғалым. «Қазақ мифологиясы» атты жаңа ғылымның ірге тасын қалаған ерекше дарын иесі  шалғайдағы Шетпе кентінде он жылға жуық төсек таңылып жатып, ғылыми ортаны елең еткізер оннан астам кітап жазды. Ірі тұлғаның көп еңбектері Маңғыстау өңірінің жер қойнауындағы тылсым сырды ұғынуға арналды.

Ерекше талантымен талайды тамсандырған Серікбол Қондыбай шығармашылығын өскелең ұрпаққа таныту, оның өмірін жастарға үлгі ету мақсатында түрлі мазмұнды шаралар өткізіліп келеді. 2016 жылдан бері тұрақты, дәстүрге айналған сәуір айында облыстық білім басқармасына қарасты «Дарын» қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Серікбол әлемі» атты мектеп оқушыларының облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтіп келеді.

Жыл сайын тұрақты өтіп жатқан бұл конференцияға жылда 40-50 оқушы қатысып, С.Қондыбай шығармашылығы бойынша ғылыми жұмыстарын «Жаңа ғылыми бағыттар», «Өлкетану», «Ауыз әдебиеті» секцияларында қорғайды.  2017 жылғы сәуірде  Маңғыстау аудандық білім үйлестіру орталығымен бірігіп «Маңғыстау – Серікбол көзімен» атты оқушылар арасындағы аудандық зияткерлік сайысы болып өтті. Сайысқа 7 мектептен, әр топта бес оқушыдан 35 оқушы қатысты.

Музейдің ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Балкенже Акбердиеваның авторлық бағдарламасымен «Серікбол-ғалам» атты ғылыми-мәдениеттанымдық эстафеталық байқауы өткізілді. Эстафета облыстың барлық аудан, қалаларын қамтыды. Облыстық туры музейде сәуір айында ғалымының 55 жылдығына орай қорытындыланды. 2018 жылғы қаңтарда  Маңғыстау құдықтарына виртуалды саяхат сабағы бойынша Шетпе гимназиясының оқушыларымен бірге дөңгелек үстел өтті.

География пәнінен «Жерасты сулары» тақырыбына сəйкес өткізілген қосымша сабақты гимназия мұғалімі Елеуова Ақбала жүргізді. Жас ізденушілер өздерінің баяндамаларымен таныстырып шықты. С.Қондыбай шығармаларындағы «Шетпе аймағындағы жер, су атаулары» тақырыбында дәріс оқылды. Музей мамандары жекелеген оқушылардан музей туралы сұxбат алып, кері байланыс жүргізді. 2019 жылдың қаңтарында Серікбол Қондыбай мемориалдық музейінде Шетпе гимназиясының  оқушыларымен «Маңғыстаудың ақын-жыраулар мектебі» атты музей сабағы өтті.

Сабақтың жалпы мақсаты ақын-жыраулардың термелерін насихаттап түсіндіру болды. Бұл сабақ бойынша мұғалім Қалбаева Сəния балаларға ақындардың өмірбаяны мен шығармашылықтарын таныстырып, оқушыларға əртүрлі сұрақтар қойды. Маңғыстау облыстық мемориалдық музейінің директоры Рима Бердиева жиырмасыншы ғасырдың «Гомері» атанған Мұрын жыраудың «Қырымның қырық батыры» жыры туралы түсінік берді. Балалар музейді аралап, витринадағы «Қырымның қырық батыры» жəне «Маңғыстау» тақырыптарымен тереңірек танысты.

Өлке тарихы, киелі орындары, халық ауыз әдебиеті мен ертегілері туралы және Маңғыстаудың жер-су атауларына байланысты музей сабақтарын өткізуге музей мамандары мүмкіндік жасайды. Биыл Серікбол Қондыбайдың 55 жылдық шарасы аясында музей сабақтары, семинарлар, оқушылардың облыстық конференцияларынан бөлек  облыстық білім басқарамасымен біріккен «Серікбол-ғалам» атты ғылыми-мәдениеттанымдық эстафеталық байқауының қортындылау облыстық туры біздің музей ұйымдастырады.

Оған аудан орталықтарының және Ақтау, Жаңа Өзен қаласынан  жеңімпаз топтар қатысады. Қыркүйек айында республикалық музей қызметкерлерінің симпозиумы болады. Аудан тұрғындары үшін «Музей түні» кең форматта ұйымдастырылмақ. «Арғықазақ мифологиясы» кітабы ағылшын және түрік тілдеріне аударылады. Республика көлеміндегі кітапханалар, музейлер, мәдениет орындары бізбен бірге С.Қондыбай шығармашылығымен танысу мақсатында өткізген онлайн, офлайн шараларға қатысуға ұсыныстар беріп жатыр.

Серікбол Қондыбайдың елу бес жылдығына орай кешенді шаралар өткізу жоспарланған. Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен сәуір айында С. Қондыбай атындағы география пәнінен мектеп оқушыларының арасында олимпиада өткізу жоспарланып отыр. 

Динара Нағимоллақызы ЖҰМАШЕВА,
Маңғыстау облыстық білім басқармасының
басшысы, Ақтау қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий