Ақтөбе облысы – Ақтөбе қаласы: Қосымша білім беру жүйесінің даму жолдары

Білім беру жүйесінің бүгінгі даму деңгейі қосымша білім беру педагогіне және оның кәсіби қызметіне жоғары талаптар қойып отыр. Қазіргі уақытта балалардың энергиясы мен қызығушылығы дұрыс бағытқа бағыттау – өте өзекті. Облыста  қосымша білімі жаңа форматтау кезеңінен өтіп жатыр, оның негізгі бағыттары – профильдеу, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс, негізгі және қосымша білім беруді интеграциялау, мансаптық бағдарлау, цифрландыру.

Қосымша білім берудің жаңа кезеңі басталды. Мысалы  облыста қазіргі заманның талаптарына жауап беретін – Стэм технологиялар, робототехника, 3Д моделдеу үйірмелері, технопарктер ашылып, жекеменшік ұйымдарға мемлекеттік тапсырыс орналастыру механизмі енгізілді. Мен 50 жылдық тарихы бар, білім саласында өзіндік орны бар. Қалалық техникалық шығармашылық орталығын басқарамын. Мен үшін білім беру саласында жұмыс жасау- мақтаныш, адал еңбек.

Техникалық шығармашылық орталығы  – бұл балалардың көпшілігі алғашқы шегелерін қағып, құралдарды алып, алғашқы кеме, ұшақ жасап, робот құрастыратын орын. Орталықтың түлектері қызығушылықтарын мамандыққа айналдырып жатады. Бүгінде орталықта 1298 бала техникалық бағытта тегін қосымша білім алуда. Орталыққа келетін балалардың 85% аз қамтылған, атаулы әлеуметтік көмек алатын, көп балалы, толық емес отбасыдан шыққан балалар.

Міне, бүгінде осы балалар – инновациялық жоба авторлары, ғылыми-техникалық олимпиадалар, робототехника, әуе, кеме, зымыран бойынша жарыстардың чемпиондары. Дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін кемеүлгілеу Чемпионаты мен Спартакиадасы, республикалық техникалық шығармашылық жарыстары, автоүлгілеуден еліміздің Чемпионаты, Ресей Біріншілігі,  Әуеүлгілеу мен зымыранүлгілеуден «Қорқыт Ата Кубогі», «Челомей Кубогінің» жүлдегерлері.

Осы жетістіктердің барлығы – жоғары кәсіби педагогтеріміздің білімді тәжірибесінің арқасында. Орталық педагогтеры республика деңгейінде әріптестерімізге дәріс оқып, өз тәжірибесімен бөлісіп жүр. Олардың ішінде спорт шеберлері, ұлттық дәрежедегі төрешілер, спорт шеберіне үміткерлер бар. Біз мақтан ететін Орталық  түлектері Забих Мади Франция мемлекетінде Авиациялау университетте жоғары білім алып жатыр, Шоқанов Бауыржан «Қазақстандық білім беру робототехника федерациясының директоры», Котляров Рома Орынбор қаласында Сәулет Басқармасында- сәулетші,  Спорт шебері.

Ресей, Челябинск, Уфа, Орынбор сияқты шетелдік әріптестерімізбен тығыз байланыс орнатылылған. Қазіргі таңда балалардың көпшілігі сабақтан тыс уақытта өздерімен өздері болады және өз уақыттарын көшеде өткізетіні белгілі. Бұл, жасөспірімдер арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға, кәмелетке толмағандар арасындағы суицидке, балалардың темекі шегуіне, маскүнемдікке, нашақорлыққа, олардың әр түрлі діни бірлестіктерге кіруіне ықпал етеді.

Өкінішке орай, компьютерлік ойындар, интернет-клубтар, ойын автоматтары жеке бизнеске қарайтындықтан балалардың бос уақытта көңіл көтеретін басқа да іс-шаралары үлгілерінің қолданбауына алып келеді, осының салдарынан дені сау ұрпақ  тәрбиелеу мәселесі туындайды. Қалыптасқан жағдайда баланы тәрбиелеу мен тұлғаны қалыптастыруда білім беру кеңістігінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде балалар мен жеткіншектер үшін мектептен тыс тәрбиесі мен қосымша білім беру жүйесінің үздік дәстүрлерін қайта жаңарту міндеті ерекше. Сондықтан облыстың қосымша білім педагогтері бұл мақсатты анық түсінеді және жұмыстануға әзір!

Ажар Сексенбайқызы СЕКСЕНБАЕВА,
Ақтөбе қалалық техникалық шығармашылық
орталығының директоры, Ақтөбе облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий