Білім беру сапасын бағалау: Халықаралық салыстырмалы зерттеулер мектеп тәжірибесінде

Біздің филиал «Білім беру сапасын бағалау: халықаралық салыстырмалы зерттеулер мектеп тәжірибесінде» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өткізді. Басқосуға республика көлемінде 17 облыс және үш мегаполисінің «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы тренерлері, білім беру жүйесінің педагогтері, мектеп басшылары мен пән мұғалімдері қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шарада білім беру жүйесіндегі білім сапасының бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімделудің өзекті мәселелері қарастырылып, оқушылардың алған білімдерін күнделікті өмірде қолданудың нақты тәжірибелері көрсетілді. Онлайн конференцияда қарастыртырылған мәселе, отандық білім беру сапасын бағалау жүйесінің стратегиялық мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Жергілікті филиал директорының инновациялық білім жөніндегі орынбасары, т.ғ.к. М.Б.Ахтаев 2019 жылы білім беру сапасын бірнеше беделді халықаралық салғастырмалы зерттеу нәтижелеріне, нақтырақ айтқанда: PIAAC 2018 (16-65 жастағы халықтың оқу, математикалық және компьютерлік сауаттылығын зерттеу); PISA 2018 (15 жастағы білім алушылардың оқу, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын зерттеу); ICILS 2018 (8-сынып оқушыларының компьютерлік және ақпараттық сауаттылығын зерттеу) тоқталды.

Барлық зерттеулердің қорытындылары бойынша қазақстандықтар 2 күрделілік деңгейінен өте алмай, төмен нәтижелер көрсеткендігін айтты. Респонденттерге (оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар) сауалнама жүргізу арқылы осы барлық зерттеулердің шеңберінде білім алушылардың оқу жетістіктеріне әртүрлі факторлардың әсері зерттелді.

Сондай-ақ, сауалнаманың көмегімен оқушылардың, олардың отбасы мен мектебінің әлеуметтік-экономикалық сипаттамалары, мұғалімдердің біліктілік деңгейі және мектептің инфрақұрылымы, яғни, білім берудің басқа да маңызды аспектілері туралы деректер жиналды, соңынан елдердің академиялық нәтижелерімен салыстыра отырып, зерттеу қорытындылары бойынша халықаралық есептерде ұсынылады.

Ендігі кезекте, еліміздің халықаралық зерттеулерге қатысуы не береді? Білім берудің бақылау-бағалау жүйесін реформалауға; қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігімен бірігуіне; білім беру мазмұнын жаңартуға, білім беру сапасын бақылаудың қазақстандық жүйесін құруға; ұлттық кадрлардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Зерттеу кезінде, бағдарламаға қатысатын елдердің ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін факторлар да қарастырылады. Бұл жиынтық сұрақтар арқылы оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудан бастап, отбасында баланың дамуына қажетті жағдай жасауға кешенді баға беру болып табылады.

Гүлмира ҚУАНЫШБЕК,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы
және Шымкент қаласы бойынша
кәсіби даму институты» филиалының
аға оқытушысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий