Әдістемелік жұмыс: Қосымша білім беру педагогтерінің кәсіби шеберлігі

Біздің білім ордасының тағылымды тарихы 1973 жылдан басталып, 2011 жылы бес жүз орынға есептелген жаңа ғимаратымыз пайдалануға берілді. Содан бері саз мектебінде дәстүрлі ән, домбыра сынды үш бөлімнің негізінде түрлі аспаптар бойынша мектеп жасындағы 489 жеткіншектердің екі ауысыда музыкалық білім алуына 56 педагогикалық қызметкерді жұмылдыру арқылы үлкен мүмкіндіктер жасалып келеді.

Халық ұлт-аспаптар бөлімінде қазақтың ұлттық домбыра, қобыз, қылқобыз, жетіген, шертер аспаптарын насихаттау, төл мәдениетін сіңіру, аспапты кәсіби игеру жұмыстарын жүргізеді. Мектепте білім алушылардың алпыс бес пайызы  халық аспаптарында білім алады. Бөлімде 25 мұғалім жұмыс жасайды. Қазіргі таңда бөлімде бір жүз жетпіс үш шәкірт дәріс алуда. Сольфеджио, баян, фортепиано бөлімінде 12 оқытушы дәріс береді.

Бөлімде қазақ-шетел музыка әдебиеті, ансамбль  сыныптары оқытылады. Білім алушылардың музыкалық сауаттылығын арттырады, есту қабілетін тәрбиелейді. Ансамбль, сабағында ән салу мәдениетін, есту қабілетін, дикция мен артикуляцияны, ән салу шеберлігін қалыптастырады. Бөлімде баян, фортепиано, д/примада 37 оқушы білім алуда. Осы аспаптарыда өткен ғасыр музыканттарының шығармаларын дәріптеп, отандық, шетелдік композиторлардың шығармаларымен таныстыру, қоғам үшін пайдасы мол, рухани-эстетикалық тәрбие беру жұмыстары жүргізіледі.

Атадан балаға мирас болып келе жатқан дәстүрлі ән салу өнері, классикалық вокал жанры кластары жұмыс жасайды. Домбыра сүйемелдеуімен ән жыр айту, саз иірімдерін үйрете отырып, дәстүрлі орындаушылық өнерді оқытады. Вокалдық ән салуда дауыс аппаратының жұмысын ән айтатын жағдайға келтіруде музыка мәдениетін, әсіресе вокалдық ән салу мәдениетін үйрету вокал сыныбының негізгі мақсаты. Қазіргі таңда вокал, дәстүрлі ән бөлімінде 129 оқушы бар.

Жылдар бойы жинақталған тәжірибелерді қазіргі өмір талабымен үйлестіру  негізінде балалар музыка мектептері қалыптасу кезеңін өткеруде. Музыка мектебіне бала ересектер тарапынан күштеу арқылы емес, өз еркімен келеді. Өз қалауымен келген баланың музыка мектебінің қызметіне белсене араласуына бар жағдай жасалады. Қосымша білім беру ұйымдарға тән өзіндік ерекшеліктер мұндағы жұмыстарға балалар мен жасөспірімдердің өз еркі және талғамы бойынша қатысуын қамтамасыз ете алады.

Музыкалық білім алу бала өміріндегі ең қызықты,қажетті қызметтердің бірі болуы керек. Осыған орай, балалар музыка мектебінде жалпы адамзаттық эстетикалық құндылықтардың тамаша үлгілерінде жоғары руханиятты, эстетикалық талғамын тәрбиелеу мақсатында балаларға арналған қосымша  білім беру бағдарламалары іске асырылады. Іске асырылатын оқу бағдарламалары өз құзыреттілігімен мағынаны ашып қана қоймай, күтілетін нәтижені де қарастырады.

Сондай-ақ мектебіміздің  жетістіктерге жетуіне ықпал етіп, оқу-әдістемелік қызметінің алдына қойған мақсаттарын жүйелі орындауда ұжым еңбегінің маңызы зор. Әрбір оқу жылында «Жас маман», «Шеберлік сатылары», «Озық тәжірибе» және тағы да басқа өнер байқаулары жиі ұйымдастырылады. Оқушылармен әңгімелесу, сабағына қатысу, талдау жұмыстарын жүргізу арқылы әдістемелік көмек көрсетіліп, жеке жұмыстар іске асырылуда.

Білімгерлер дәстүрлі отырыстармен қатар бірлестік бөлімдерінің  жоспарына сәйкес әр бірлестікте жылына екі реттен тақырыптық апталықтарда ашық сабақтар, семинар, дөңгелек үстелдер, тренингтер, тәрбиелік іс- шаралар ға белсене қатысады. Мартөк ауданындағы Қамбар Медетов Ерқожаұлының 120 жылдығы мен Өнер мектебінің 45 жылдығына арналған «Ата өнері – балаға мұра» атты мерекелік шараға аудандық қосымша білім беру ұйымдарының басшылары және орынбасары арнайы шақырту алды.

Басқосу соңында облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы ұйымдастырған “Балаларға қосымша білім беру жүйесін басқару тиімділігін арттыру” тақырыбындағы семинарда тәжірибесімен алмасып, қосымша білім беру әдістемелік жұмыстарымен таныстыру бағытында баяндама жасадым. Қызылорда қаласындағы «Баланың кешенді дамуы: шығармашылық әлеуетін ашу» тақырыбындағы қосымша білім беру педагогтерінің съезінде республиканың әр аймағындағы әріптестермен кездесіп, пікір алмастық.

Гүлбану Галимуллақызы ҮМБЕТОВА,
Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы
саз мектебінің директоры, Ақтөбе
облысының Шалқар ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий