Сахна саңлағы: Көрермен қошаметіндегі құрмет

Биыл ҚР халық әртісі, Мемлекеттік  сыйлықтарының лауреаты, сахна саңлағы Май ауданының тумасы, жерлесіміз, көрнекті актер Шахан Мусиннің туғанына 110 жыл. Шахан  Әлімханұлы Мусин  1913 жылы 27 желтоқсанда Павлодар облысы Май ауданы Үлкен Ақжар ауылында дүниеге келді. Сол ауылда өсіп, хат тани бастаған. 1926 – 1927 оқу жылдарында Семей қаласындағы «Казкоммуна» дейтін  қазақ – орыс мектебіне оқуға түседі.

1930 жылы әсем қала Алматыда ауыл шаруашылық институтында оқыды. Кейіннен Семей облысының Бесқарағай аудандық атқару комитетінде хатшылық қызметін атқарады. 1934 жылы Семейге Алматыдан келген артистермен кездесудің шапағаты болар, Семейде музыкалық театр ашылып, бүгінде ол Абай атындағы театр. Осы театрдың керегесін тұрғызып, шаңырағын көтерісіп, уығын қадасып, шымылдығын ашысқандардың бірі – Шахан ағамыз.

Өнер жолыңдағы өмірі сәтті басталып, сол театрда көптеген басты рөлдерді сомдады, көрермендердің құрметіне бөленді. 1932 жылы туған жеріне оралған Шахан Мусиннің өмірі күрт өзгереді. Дәл осы сәтте ашаршылық жүріп жатқан кез еді. Егістікті қайта бөлу, азық-түлік салығы, күштеп отырықшыландыру, үкімет тарапынан зорлық зомбылықтардан ең көп жапа шеккен қазақтар болды.

Көзімен көріп, шыдай алмаған қазақтың шын жанашыры, кеудесі мейірімге, жүрегі шерге толы жас Шахан 16 жолдан тұратын «Майлықара және Наркомға хат» деген өлең жазады. Себебі оның көз алдындағы көріністер жанына қатты батты. Алғашында достарына оқытып жүрген Шахан Мусин кейіннен бұл өлеңдері орыс тіліне аударылып, баянды биографиясына қара дақ болып қаларын білмеді… Осы өлеңі үшін он сегіз жылын  азаппен тар қапаста өткізеді.

Және де осы айдалғаннан  кейін 1954 жылы ғана босап шықты. Сол жылы Алматы қаласындағы Балалар мен жасөспірімдердің қазақ академиялық театрының әртісі болып өнер жолына аяқ басты. 1957 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ академиялық драма театрының әртісі болды. Жарты ғасырға жуық уақыт құдіретті өнердің театр атты киелі сахнасында өнер көрсетеді. Өмірінің жиырма жылын  темір тордың ар жағында өткізсе де Шаханның сағы сынбай қимылы ширақ болған екен.

Ең алғашқы түскен кино картинасы Мәжит Бегалиннің «Бұл Шұғылада болған еді» деген фильмінде эпизодтық рөл болды. Соңғы түскен фильмдері: «Жердегі істер», «Кінәсін өтеу», «Кек», «Сұлтан Бейбарыс», «Отызыншыны» жою!». Барлығы 26 фильмге түскен. 1966 жылы ҚазССР халық артисі деген атақ берілді. Жерлесіміз Ш. Тулевтың  «Өтпелі заман өтінде» кітабында Сібір түрмесі де сағын сындыра алмаған:  үш қайтара сотталған актер, ақын, қайраткер Шахан Мусин туралы  жазды. Осындай естеліктерден Шахан Мусинді қазақтың бағына біткен ұлт жанашыры екенін байқасақ болады. Халқы үшін: жылдар бойы  айдауда, суық жерде, тар қапас, мұздай қаруланған күзет өр рухын түсіре алмаған.

Орынбасар ТЛЕУМОВА,
Көктөбе жалпы орта білім беретін
мектептің кітапхана меңгерушісі,
Павлодар облысы, Май ауданы

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий