Мектеп жасына дейінгі білім: Қазақ халық мәдениетінің бастауларымен таныстыру

Мемлекеттің күші оның азаматтық бірлігінде. Әрбір адамда елі мен жеріне деген құрмет пен сүйіспеншілік болуы қажет. Өскелең ұрпақты осы бағытта тәрбиелеу үшін оны бала кезінен туған елінің тарихымен, оның мәдениетімен, дәстүрлерімен, таныстырудың маңызы зор. Осы мақсатта біздің балабақшада “Бақытты бала” жобасының идеясы белсенді түрде қолдау тапты.

Біз арнайы жоспар құрып, ұйымдастырылатын іс-шаралардың тақырыбы белгіленді. Жоба тәрбиешілер, балалар және ата-аналармен жұмыс арқылы жүзеге асырылды. Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына байланысты іс-шаралар мен туған күніне арналған 90 жыл “Оның өлеңдерінің нұры өшпейді” тақырыбында педагогтар арасында  шығармашылық кеші болып, “Қазақстанның мәдени мұрасы” Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған шараларға қатыстық.

Отбасының    балаға   тәрбие   берушілік   қызметінің   мақсаты  —  баланың   жасын,   жеке   ерекшелігін,   психологиялық   процесстерін   ескере   отырып,   жарасымды   жетілген   ұрпақты   тәрбиелеу.     Көздеген    мақсатқа   жету   үшін   отбасылық клуб ұйымдастырылды «Отбасылық әдет ғұрыптар».  Мақсаты қазақ халқының салт-дәстүрімен таныстыру: «Қазақ халқының дәстүрлері»,  «Бесікке салу», «Сырға салу», «Тұсаукесер».

Тәрбиелеу барысында тұлғаның рухани және адамгершілік дамуына ұлттық  мәдениетке деген орын беру керек.  Жалпы балаларды  тәрбиелеу жолында  нақты тәсілдерге көңіл қою керек деп ойлаймын. Мұражай құндылықтары арқылы өскелең ұрпаққа   тәрбие беру – бала тәрбиесіндегі ұтымды жолдардың бірі шаһарымыздағы өлкетану мұражайына бару. Балалар арасында «Өнерлі шеберлер», «Мастера-умельцы»-үйірмесінде жұмыс жүргізіледі. Балабақшада әр түрлі іс-шараларды ұйымдастыру барысында ұл-қыздарға әлеуметтік, танымдық, шығармашылық, салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызы түсіндіріледі.

Балабақшада өткізілген әр-бір шараның маңызы ерекше. Және әрбір мереке балаларды әлеуметтендірудің бірден-бір құралы боп саналады. “Жамбыл Жабаев-қазақ біртуар перзенті» тақырыбында жыр алыбының шығармашылығымен танысу сабағы ұйымдастырылды. Асық  ату – қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны. Халқымыз асықты қастерлеген. Асықты бар ынта жігерімен ойнаған балалар жан-жақты дамыған. Асық терапиясы балалардың қимыл-қозғалысын реттеуге, кеңістікті бағдарлай білуге, сөздік–логикалық ойлауды сатылай қалыптастыруға, шығармашылық ойлауға, сабырға, бірлесе әрекет етуге тәрбиелейді.

Сондықтан мазмұнды ойындар, жаттығулар құрастырып, оқыту барысында қолданамын. Балабақшада асық арқылы санау, құрастыру, асық үстінен жүру, математикалық логикалық тапсырмаларды шешу, түрлі оқиғаларды ойлап тауып, бала танымына қоршаған әлем заңдылықтары мен оқиғаларын қызықты түрде жеткізуге тырысады. Асық қолданылатын ұлттық ойынның тағы бір түрі — «Ханталапай».  Қазақ халқының асыл қазынасын жоғалтып алмай, ұрпақтарға сабақтастыру баршамыздың міндетіміз.

Күй өнері – ұлт мәдениетіндегі ең құнды, бағалы мұраларының бірі. Қаны мен жанында күй ойнаған ұлтымыз тума таланттарға кенде емес. Сондай дарын иелерінің бірі – қазақ өнерінде өзінің өшпес ізін қалдырған күйші, композитор Дина Нұрпейісованың туғанына биыл 160 жыл. Күй тыңдау арқылы балалардың қиялы мен ой-өрісіне қоса ойлау қабілетін, сезімін дамытуға бағытталған домбыра күніне ата-налар да ризашылық білдірді. “Қамшы-сенімді серік” тақырыбынағы дене тәрбиесінен сабақтың да мәні ерекше.  

Айгуль Кудайбергеновна МАКУЛЬБАЕВА,
№6 көптілдікті дамыту орталығы сәбилер
бақшасының
әдіскері, Павлодар облысы,
Екібастұз қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий