Барлығы содан … идеядан басталады!

«KAZENERGY» қауымдастығы мүшелері, міне, 17 жылдан астам Қазақстан жастары үшін әртүрлі іс-шаралар өткізіп келеді. Қауымдастықтың мүшесі әрі сенімді серіктесі «Шелл Қазақстан» компаниясымен бірлесіп іске асырылатын «Student Energy Challenge» байқауы тұрақты және танымал жобаларының біріне айналды. Еліміздегі ең ірі инвесторлардың бірі болып табылатын Шелл энергетикалық концерні биыл Қазақстандағы қызметінің 30 жылдығын атап өтуде.

Бұл уақыт барысында компания көптеген әлеуметтік жобаларды іске асырып келеді, ал STEM білім беру бағдарламаларын (нақты ғылымдар) ілгерілету арқылы жастардың әлеуетін дамытуға ерекше көңіл бөлінетін «Student Energy Challenge» байқауы осындай жобалардың айқын мысалы. «Student Energy Challenge» Қазақстанның барлық өңірінен келген, қоршаған ортадағы өзгерістерге бейжай қарамайтын және әлемді жақсартуға ниеттенген әр түрлі жастағы студенттерді біріктіреді.

Жоба идеясы 2017 жылғы сәуірде «KAZENERGY» қауымдастығының кеңсесіндегі талқылау барысында студенттерге өз идеяларын іске асыруға мүмкіндік беретін бірлескен жоба құру туралы «Шелл Қазақстан» компаниясының ұсынысынан кейін пайда болды. Содан бері «Шелл Қазақстан» «Student Energy Challenge» байқауының тұрақты демеушісі болып келеді.

Байқаудың идеялық ұйымдастырушыларының басты міндеті – қолданыстағы процестерді жақсартуға күштерін жұмсауға дайын, қоғамның күрделі және өзекті мәселелеріне стандартсыз шешім ұсынатын дарынды студенттерді табу және оларға қолдау көрсету. Бұл командалар арасындағы жарыс қана емес, сондай-ақ ынтымақтастық орнату, бірлесіп оқу және қол жеткізілген нәтижелерді бірге атап өту орны.   

2017 жылдан бастап байқауға 40 қазақстандық ЖОО-нан 333 команда қатысты, 1000-нан астам студент, оның ішінде 516 қыз бала және 758 ер бала байқау қатысушылары болды.  2021 жылы «Student Energy Challenge» бес жылдығына орай ЖОО байқауының алаңында кезеңділігі колледж студенттері үшін бейімделген «Student Energy Challenge-Junior» байқауы пайда болды. Колледждерге арналған байқауға Астана, Алматы, Атырау, Өскемен, Орал, Павлодар, Степногорск және Талдықорған қалаларынан келген 90 команда және 300 адам, атап айтқанда 96 қыз бала және 204 ер бала қатысты.   

Жоба идеясы туындағалы оны тұрақты түрде және ковид кезеңінде өзгертусіз өткізу тәжірибесі байқауда жетістікке жетудің кілті үйлесімді командалық жұмыс екендігін көрсетті. Сондықтан бастапқы кезеңдерде қатысушылардың басты міндеті – әр түрлі курс және мамандық студенттерін командаға біріктіру. Мақсат қоюға жәрдемдесу, командалық рухты қолдау және жігерлендіру үшін командалар оқу орындарының ғылыми жетекшілері мен менторларды қатыстыра алады.

Нетворкингтің арқасында мінез-құлқы мен дайындық деңгейі әр түрлі, бірақ мақсаттары ортақ жандардан команда құруға болады, бұл идеяларды табысты түрде іске асыруға мүмкіндік береді. Жобаларды әзірлеу кезеңінде студенттерге «Шелл Қазақстан» компаниясынан менторлар жәрдем көрсетеді, сыни ойлауды қалыптастыру бойынша «Shell NXplorers» тренингі өткізіліп, сертификаттар беріледі. 7 жыл ішінде тренингтен 300-ден астам адам, оның ішінде колледжден 100-ден астам студент  өтті.

Екі күндік «Shell NXplorers» бағдарламасы жүйелі ойлау, сценарий жоспарлау дағдыларын, сондай-ақ көшбасшылық қасиеттерді дамыту арқылы қатысушылардың тұрақты даму жайлы түсінігін жетілдіруге көмектеседі. Байқаудың келесі кезеңі болып табылатын жоба паспортын әзірлеу кезінде әр команда бірнеше тапсырманы орындайды: таңдалған тақырыпты түсіндіру, күтілетін нәтижеге ықпал ететін ішкі және сыртқы факторларды анықтай отырып талдау жүргізу, таңдалған шешімдер мен әдістердің негіздемесін бағалау, қажет болған жағдайда қаржы есебін жүргізу, жобаны коммерциялау мүмкіндігін сипаттау.   

Энергетика саласындағы үрдістер мен экологиялық күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты байқау бағыттары мен тақырыптары жыл сайын жаңартылады.  2017 жылы «Болашақ энергиясы» тақырыбына арналған ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу кезеңінде жобаны таңдау кезінде студенттер «Экология» және «Қоршаған ортаны қорғау» тақырыптарына барынша көңіл бөлді. 2018 жылы байқау «Энергетика және электр энергетикасы» атты жаңа бағытпен толықтырылды. 

2019 жылы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын енгізу кезінде цифрландыру тақырыбы өзекті мәселеге айналды және байқау бағыттарының тізімін толықтырды. Мұнай-газ және кен өндіру саласы 2020 жылы ең өзекті тақырыптар қатарына енді. Соңғы бірнеше жылдағы командалардың пікіріне сүйенсек, жоба паспортын әзірлеу – ең күрделі кезең, себебі паспорттар тәуелсіз сараптамалық бағалаудан өтеді, тиісінше, байқауға қатысушылар қорытынды құжатты барынша мұқият жасауы қажет.

Оған қоса, студенттер оқуын жалғастырып жатады немесе емтихандық сессияға, диплом қорғауға дайындалып жатады. Алайда ешбір қиындыққа қарамастан, жобалардың 70%-ы тәуелсіз сараптамаға келіп түседі, оның ішінде ең үздіктері байқау финалына өтеді. Жоғарыда айтылғандай, тәуелсіз сарапшылар барлық ұсынылған жобаларды қатаң белгіленген критерийлер бойынша сараптамадан өткізеді.  Тәуелсіз сараптамада мүдделер қарама-қайшылығы болмайды және ол нақты деректерді пайдана отырып, объективті талдауға бағытталады.

Сарапшылардың міндеті осал тұстарды анықтау, жобаның өзектілігін, идеяның жүзеге асыру мүмкіндігін бағалау, сапасын талдау, сенімді деректердің пайдаланылуын, бар болса, күтілетін қаржылық нәтижені бағалау болып табылады. Әр команда өз жобасының паспортына жасалған сараптамалық қорытындымен таныса алады, бұл оларға кері байланысты пайдаланып, жобаны одан әрі жақсартуға мүмкіндік береді. Жоба идеясы жарқын және қызықты болуы маңызды, адамдарға пайда әкелуі және мүмкіндігінше, коммерциялық әлеуеті болуы қажет.  

Соңғы кезеңде командалар болжалды идеяларына толықтай сәйкес ойластырылған сәулеттік жоспарын ұсына отырып, өз жобаларын көрнекілейді. Дәстүр бойынша, байқау финалы басталғанға дейін ұйымдастыру комитеті жобаларды қорғау кезегін айқындау үшін финалист командалар арасында онлайн-жеребе тастайды. Әр жылы байқау финалы әр түрлі форматта және әр түрлі алаңда өткізілді. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі бірінші алаң болды. Содан кейін Астана және Алматы қалаларында «Жастар және уақыт талабы» KAZENERGY Жастар форумы шеңберінде өтті.

«KAZENERGY» Еуразиялық форумының алаңында байқау финалын өткізу және жеңімпаздарды марапаттау жақсы дәстүрге айналды, оған Қазақстан ЖОО және колледждерінің студенттері мен ғылыми-оқытушылық құрамы шақырылады. Іс-шараның сайыс бөлімі студенттер ойластырған жарқын идеялары мен  инновацияларына толы. Он бес минут ішінде командалар жобалары туралы айқын және қарқынды бейне презентацияларын ұсынады, олар адамдардың өмірін жақсартып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын құруға, қоғамның әлеуметтік дамуына оң әсер ететін жаңа бизнес идеялардың туындауына, энергияның жасалуына алып келеді.

Питчинг нәтижелері бойынша қазылар алқасы ең үздік шешімдерді ұсынған үш ең креативті және инновациялық жобаны таңдайды. Төрешілер құрамы жыл сайын командалық жобалардың өзектілігін есепке ала отырып жаңартылады. Байқаудың қазылар алқасына ірі энергетика компанияларының өкілдері кіреді. Жылдан жылға командалар коммуникативті дағдыларын түзейді, жаңа білім алады, ұйымдастырушылық қабілеттілігін, нетворкингті дамытуын жалғастырады.  

Байқау өткізілген жылдары Астана, Алматы қалаларының, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының ЖОО және колледждерінен 24 команда байқау жеңімпаздары және сыйлық иегерлері атанды. Биыл «Шелл Қазақстан» және «KAZENERGY» қауымдастығы «Энергетика», «Энергетикадағы жаңа технологиялар», «Экология және қоршаған ортаға шығындыларды төмендету», «Қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу» бағыттары бойынша жобаларды іске асыруға өтінімдер қабылдайтынын жариялайды.

«Student Energy Challenge» байқауы «Шелл Қазақстан» компаниясымен серіктестікте жетінші рет өткізілуде және өткен жылдары тәжірибе көрсеткендей,  бұл жоба жастарды біріктіріп, энергетика саласына арналған жасампаз шешімдер табуға және адамдардың өмірін жақсартуға шабыттандырады. Жыл сайын байқауға студенттерге қызықты және қажетті әр түрлі опциялар қосылады: онлайн вебинарлар, тренингтер, жобаларды әр түрлі форматта қорғау, байқаудың әр деңгейінде командалардың шығармашылық қасиеттерін ашатын айқын және нақты байқау кезеңдерін өткізу.

Биыл ұйымдастырушылар Қазақстанның ЖОО және колледждерінің студенттерін байқаудың жетінші маусымына қатысуға шақырады. Байқауға қатысу шарттары «KAZENERGY» қауымдастығының сайтында сипатталған және орналастырылған. Байқау жетекшісі барлық кезеңдерді түсіндіріп, барлық сұрақтарға жауап береді. Өз шығармашылық әлеуетін көрсетуге ниеттенушілерге барлық жағдай жасалған. Ортақ мақсаты мен идеясы бар студенттер ЖОО үшін 25 жасқа дейінгі, колледж студенттері үшін 16-21 жас аралығындағы 2-4 адамнан тұратын команда құруы қажет.

Командалар ұл-қыз аралас болғаны қошталады. Сонымен қатар әр түрлі курстағы және мамандықтағы студенттер бір командада бола алады. Бір ЖОО-дан немесе колледжден қатысатын командалар саны шектелмеген. Жыл сайын мұнай-газ және энергетика, экология және қоршаған ортаны қорғау, ІТ салаларының мамандары байқау төрешілігін жүргізеді. Барлық іріктеу кезеңінен өткен ең үздік ЖОО командалары биыл қазан айында финалда кездесетін болады, ол Астана қаласында XV Еуразиялық энергетикалық форумының шеңберінде өтеді.  

Колледж командаларының жеңімпаздары XII KAZENERGY Жастар форумына қатысу үшін шақырылады.   Қазақстанның ЖОО және колледжерінің барлық студенттерін шақырамыз және www.kazenergy.com сайтында 2023 жылғы 3 сәуір мен 12 мамыр аралығындағы кезеңде «Student Energy Challenge» жетінші маусымына тіркелу үшін сауланамадан өтуді сұраймыз. Студенттер командаларын тіркеу мәселелері бойынша +7 7172 79-01-87 байланыс телефоны бойынша, ЖОО командалары үшін sech2023@kazenergy.com, колледж командалары үшін sech-junior2023@kazenergy.com электронды мекенжайы бойынша өтініш білдіруге болады.

Өзіңізді және жобаңызды танымал ету мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

“KAZENERGY” қауымдастығының
баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий