Мен ІТ-құзіреттімін: Жоба аясында атқарылған іс-шара

Бүгінгі таңда әлемдік экономикадағы ең жылдым әрі қарқынды дамыған ІТ саласы. Цифрлық экономиканың қарқынды дамуы ақпараттық технология саласындағы бәсекеге қабілетті мамандардың қажеттілігін арттыруда. Осы бағыттағы қажетті мамандарды сапалы даярлау техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен жоғары оқу орындарының бүгінгі педагогтерінен ақпараттық қоғамға сай кәсіби білікті маман болуларын қажет етеді. Білім беруді ізгілендіру, ақпараттандыру- бүгінгі заман талабы.

Педагогтер ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы білім алушылармен қашықтан байланысу мүмкіндігіне ие болып отыр және осы мүмкіндік арқылы білім алушының танымдық шеңберін, өркениетін әрі ақпарттық мәдениетін кеңейтуде.Осы орайда облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының бастамасымен ZOOM форматында «ІТ саласының тәжірибедегі мүмкіндіктері» тақырыбында  республикалық вебинар жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Басқосудың мақсаты: педагогтердің кәсіби құзіреттілігі мен шығармашылық ізденісін арттыру, тәжірибе алмасу. Астана, Павлодар, Алматы, Жетісу аймақтарынан іс-шараға 65 колледж педагогтары қатысып, маңызды сұрақтарға жауа іздеумен бірге түрлі тақыптағы ойындарда белсенділік танытты. Жиналғандармен кері байланыс орнатылып, ой-пікір алмасылды. Жүздесу спикерлері білім беру үрдісінде  цифрлық технологиялар платформаларын, интернет сервистері мен ресурстарын қолдану тиімділігі мен ерекшеліктерін талдау тәжірибелерімен бөлісті.

Астана қаласы әкімдігіне қарасты әдістемелік орталығындағы ақпараттық технология және баспа қызметі бөлімінің әдіскерлері Сыдыкова Раушан Меллатовна, Матай Әділ вебинар барысындағы «Инновациялық жобалар мен цифрлық білім беру ресурстарын техникалық сүйемелдеудің алғы шарттары» баяндамасында рухани ұлттық құндылықтармен ұштастыра отырып, цифрлық педагогика, тәжірибелік алаң, профессор сабағы, Абайдың кіші академиясы, Elorda-mektep.kz инновациялық жобалар жұмысын ұсынды.  

Бұл жобалар оқытудың заманауи технологияларын қолданудағы педагогтердің озық тәжірибесін насихаттауға, тәжірибе алмасу үшін онлайн платформаларды құру, мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық ойындарды ойнату арқылы адамгершілікке, патриоттыққа тәрбиелеу, ой-өрістерін дамыта отырып, сөйлеу қабілеттерін жан-жақты жетілдіруде ақпараттық-әдістемелік сүйемелдеу, ұлттық педагогикамызды, рухани қазынамызды дамытуда Абай ілімін насихаттау бағыттарында, елордалық электронды мектепті ұйымдастыруға бағытталғандығымен де құнды.

Аstana ІТ University колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Сариева Айгуль Манасбековна  «ІТ маманын оқытудағы танымал платформалар» тақырыбында GitHub, Coursera платформаларының  қолдану мүмкіндіктері мен ерекшеліктеріне тоқталып,  әзірлеушілерге арналған IDE  және КОД   редакторларымен таныстырды. Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің информатика пәнінің оқытушысы Касенова Айша Амангельдыевна «Интеллект карта құруда интернет сервистерді қолдану ерекшелігі» баяндамасында ағылшын психологы, есте сақтау, шығармашылық және ойлауды ұйымдастыру «Ақыл, жад карталары» әдістемесінің  авторы  Тони Бьюзеннің  «Думайте эффективнее» еңбегін интеллект карта әдісін қолданудағы әдіс-амалдарына басымдық берді.

Интеллект карта әдісінің тиімділігі білім алушылардың білімді қабылдау сапасын арттырады, өздігінен оқу, есте сақтау, ойды дамыту, сөздік қорын байыту үрдісін арттырады, емтихан жағдайларына бейімделуін қалыптастырады, жұмыс жасау қабілетін арттырады, әлсіз жақтарын сезінуді үйретеді, әрі ұзақ есте сақтау қабілетін нығайтады. Осы карталарды тәжірибеде қолданып іске асыру үшін  MindMeister, Miro бағдарламалары ұсынылды. Алматы экономикалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Мырзахан Гүлнауат Берікқызы «Видео-скрайбингті сабақта қолдану мүмкіндігі» баяндамасында Simpleshow сайтында аз уақытта анимациялық видеороликтерді әзірлеу мүмкіндіктерін екшеген еді. 

Жетісу облысының орталығындағы Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Қалиева Арайлым Мұратқызы «CoreApp оқыту платформасында тапсырмаларды ұйымдастыру» баяндамасында платформа ерекшеліктері мен платформада білім алушыларға тапсырмалар құрудың мүмкіндіктерін көрсетті. Вебинар соңында «Талғар медициналық колледжі» мекемесінің биология пәнінің оқытушысы Ильязов Мурат Режапович вебинар спикерлерін «Көрнекі презентация», «Тime-регламент», «Электронды сабақ жоспары», «Қызықты сұрақ» аталымдарымен құттықтап, QR кодқа жасырылған «Цифрлық этикет», «Педагогикадан үзінді», «25 түрлі рефлексия», «Педагог веб-сервистері», «Педагогикалық шеңбер», «Қауіпсіз интернет», «Память по шведски», «Генерация идей» электронды сыйлықтарын ұсынды.

Жиынға шақырылған қонақтар педагогтердің ІТ құзіреттілігін дамытуда іс-тәжірибелермен алмасу мақсатындағы басқосуды жоғары деңгейде ұйымдастыра білгені үшін облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығына ризашылықтарын білдірді.

Райхан Бағытжанқызы МУХАНОВА,
Талғар медициналық колледжі басшысының
оқу ісі жөніндегі орынбасары,
Мурат Режапович ИЛЬЯЗОВ,
биология пәнінің оқытушысы,
Алматы облысы, Талғар қаласы                                    
  

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий