Кәсіптік бағдар: Техникалық мамандардың ұстаханасы

Жамбыл политехникалық жоғары колледжі алғаш халық шаруашылығының жаңа саласы болып саналған химия өнеркәсібі үшін орта буынды мамандар даярлау мақсатында 1954 жылы іргетасы кешкі Жамбыл химия-механикалық техникумы болып қаланған оқу орны 70 жыл бойы үздіксіз мамандар даярлап келеді. Тәуелсіздік жылдары экономиканың барлық салалары сияқты елімізде мамандар даярлау жүйесі де бірқатар өзгерістерді бастан өткерді.

Атап айтқанда, 1995 жылы бұрынғы техникумға «колледж» мәртебесі беріліп, Жамбыл политехникалық колледжі болып аталды. Білім мекемелерін оңтайландыру үрдісі барысында 1998 жылы бұрынғы Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық техникумымен бірікті. 2014 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің көпсалалы колледжінің  бірнеше мамандықтары қосылды.  2017 жылы  облыс әкімінің қаулысымен оқу орнына «жоғары колледж»  мәртебесі берілді. 

Осы жылы Тараз химия-технологиялық колледжін қосу жолымен қайта ұйымдастырылған еді. Бүгінгі күні  республикадағы он үздік колледждер қатарында. ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес мамандар даярлаудың көпсатылы жүйесін даярлауға мүмкіндік алдық, яғни жұмысшы, орта буынды, кіші инженерлер қолданбалы бакалавриат біліктіліктері бойынша кадрларды даярлауды жүзеге асырылуда. Уақыт талабына сай техникалық, технологиялық, құрылыс, дизайн, жеңіл өнеркәсіп, туризм, қызмет көрсету бейіндері бойынша мамандар даярлаймыз.

Оқу орнының материалдық-техникалық базасы мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың нәтижесінде үнемі жаңартылуда. 2018 жылы облыстық бюджеттен 250 миллион теңге бөлініп, 8 мамандық бойынша автоматтандырылған қондырғылармен жасақталған ресурстық орталық болып саналатын құзыреттілік орталықтары ашылды. Үш жыл бұрын «Жас маман» жобасына қатысып «Механикалық өңдеу, өлшеу-бақылау аспаптары және өнеркәсіптегі автоматика»,  «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандықтарына 380 миллион теңге қарастырылуы нәтижесінде материалдық-техникалық база қайта жаңғыртылды.

2022 жылы автомехника мамандығы бойынша автокөлікке қызмет көрсету орталығын жаңғыртуға 18 ммллион теңге, студенттер жатақханасы мен оқу мекемесін жаңартуға 15 миллион теңге колледж есебінен жұмсалып жаңартылды. Бұл атқарылған істер білім алушылардың жетістіктерге жетуіне де көп септігін тигізуде. Биыл елордасында ұйымдастырылған студенттер арасындағы дәстүрлі республикалық “Word Skills” чемпионатынан студенттеріміз бес медальмен оралды.

Мамандар даярлау ісінде қомақты үлес қосқан педагогтары тәжірибелі ұстаздар мен оқыту шеберлерінің еңбектері орасан зор. Жыл сайын өткізіліп келе жатқан республикалық «Үздік педагог» байқауына қатысқан әріптесіміз жеңімпаз атанып, «Үздік педагог» медалімен, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі, ҚР «Білім беру ісінің үздігі»,  ҚР «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен  марапатталды.

Ұжымдағы педагогтер құрамында жеті ұлыс өкілдері қызмет атқарса, жиырма бір өзге этностың ұл-қыздары білім алушылар қатарында. Оқыту тілі қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Тәрбие жұмысының басым бағыттары бойынша жүргізілетін қоғамдық-мәдени, бұқаралық-спорттық іс-шараларға ұжым мен студенттердің белсене қатысуларына көп көңіл бөлінеді.

Нәтижесінде педагогикалық ұжымның, білім алушылардың бір шаңырақ астында татулықта өмір сүруге, туған жерге құрметпен қарайтын, елін сүйетін шынайы патриот ретінде тәрбиеленуіне, білікті маман болып қалыптасуларына барлық мүмкіндіктер қарастырылған.

Гулнура КРЫЛДАКОВА,
Мақпал МЫРЗАХМЕТОВА,
Жамбыл политехникалық жоғары
колледжінің оқытушылары, Тараз қаласы

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий