Мектепке дейінгі тәрбие: Оқыту жүйесіндегі экологиялық мәдениет

Балауса бүлдіршіндер еліміздің болашақ азаматтары. Сондықтан оларды өз туған жерін сүюге, туған ел табиғатын күтіп, оның байлықтарын сақтауға, қорғауға тәрбиелеу міндетіміз. Сәбилер кез-келген басқа да затқа таң қалып қызығушылықпен сан сұрақ жаудырады. Балаларды табиғаттың сырын, қоршаған ортаны қорғаудың қажеттігін санасына сіңірудің жолдары қандай болмақ?

Балаларға экологиялық тәрбиеге байланысты жыл мезгілдерін бір-бірімен ажырата білу, жаман мен жақсы істерді ажырата білу, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне байланысты баланың логикалық ойлау қабілетін және тілін дамыту мақсатында түрлі дидактикалық ойындар, табиғатты бақылау, зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Ойын алаңында балалар құмырсқа көріп қалады. Бақылаймыз: олар шаруада біреуі салом сөйретіп келе жатыр, біреуі дән. Бірін-біріне көмек береді. Қандай кішкентай, оларды ренжітуге болмайды, құмырсқаларды кішкентай жұмыскер деп айтамыз.

Күнделікті табиғатты, қоршаған ортаны бақылау баланы байқампаздыққа, табиғатты аялауды үйретеді.  Күзде серуенге шыққында балалардың назарын күзгі ағашқа аударамын, қандай әдемі етіп күз ағаштағы жапырақтарды бояған. Кепкен жапырақтарды жинап олардан гербари жасаймыз. Қыс мезгілінде табиғатты бақылап, өзгерістерін байқап – жылдың ең суық мезгілі екенін және қар жауатынын белгілейміз. Қармен ойнап ақ қала сағамыз, ол жылы жерде ериді деп байқаймыз.

Ал, көктем мезгілінде күн жылынып, табиғаттығы барлық тіршілік оянады, құстар жылы жақтан оралады, оларды бақылап, ұя қондырып, келген құстарды қамқорлыққа аламыз. Әр жыл мезгілін балалар асыға күтеді, әр жыл мезгілі өзінің ерекшеліктерімен қуантады. Сонымен қатар серуенге шыққанда балаларды еңбекке баулимыз, ойын алаңын жинаймыз, гүлдерді суарамыз, торғайларға жем шашамыз. Табиғатты қорғау адам баласы үшін абыройлы да, міндетті жұмыс жүктейді.

Егер ауа бүлінсе, су ластанса онда одан табиғат қана зардап шекпейді, адамда қасірет тартады. Міне, сондықтанда табиғатты қорғау – адамның өзін-өзі қорғауы деген сөз. Сол себептенде ауаны тазалайтын ағаштар мен өсімдіктерді сындырмай аялап, жаңадан жас шыбықтар отырғызып, табиғатты қорғап, қамқорлыққа алу керек екенін күнделікті оқу іс әрекетінде балаларға жеткізіп отырамын. Жас ұрпақ табиғатпен тығыз байланыста болса, сонда ғана бала жақсылыққа еңбек сүйгішке, қайырымдылыққа үйренеді. 

Куляш Базарбаевна ШАМЕНОВА,
«Балауса» бөбекжай – балабақшасының
тәрбиешісі. Ақтөбе облысы, Темір ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий