Жеңіс жауынгері: Мен атаммен мақтанамын

«Таяқтан тайсалмасаң, семсерден сескенбесең жеңдім дей бер», – деген дана сөзінен бастағым келеді тырнақалды туындымды баһадүр бабамыз Бауыржан Момышұлы. Тәуелсіз мемлекетіміз жыл сайынғы мамыр айының тоғызында екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталған Жеңіс мерекесін жұртымызды неміс фашистерінің басқыншылығынан құтқарып, ұрпақтарының бейбіт өмірі үшін жаумен арпалысқан жасампаз жауынгерлері мен тыл еңбеккерлерінің өшпес ерлігіне құрмет көрсету арқылы ұмытылмас рухтарына тағзым жасау үшін атап өтеді.

Бұл күннің мәні мен маңызы еліміздегі басқа да отбасы сияқты біздің шаңырағымыз үшін де ерекше. Себебі бәріміз дерлік кеше от пен оқ арасында қан кешкен сарбаздар мен егін салып, майдан даласын барлық керекті жабдықтармен қамтамасыз етен еңбекшілердің бүгінгі ұрпағымыз. Сынып жетекшім Алипбаева Самал Догдырбаевнаның ұсынысымен Ұлы отан соғысының қатысушысы әрі еңбек ардагері, нағашы атам Шайқы Тілеужанұлы туралы қысқаша айтуды парыз санадым.

Адам бар  жақсы қасиетті туған жерінің топырағынан алатындығы даусыз. Сондықтан кіндік қаны тамған жер қашан да құдіретке толы киелі мекен. Отаншылдық сезім мен ержүректілік қасиет елін қастерлеуден басталады. Бейбіт замандағы берекелі бақыт құшағында алаңсыз ғұмыр кешуіміз кешегі даңқты аға буын өкілдерінің қаһармандығымен қалыптасқандығы аяулы ата-анам үнемі еске алып, естігендерін әңгімелеп отырады. Аягөз әкери комиссариаты арқылы 1942 жылғы наурыз айының басында сұрану арқылы сұрапыл шайқасқа ерікті түрде аттанған екен.

Қысқа мерзімді әскери дайындықтан өткен соң екінші Белорус майданындағы қырықыншы атқыштар дивизиясының құрамындағы алғашқы батальондағы екінші рота құрамында пулеметші ретінде жаумен кескілескен ұрысқа кіреді. Сол кезде жалындаған отыз жеті жаста екен. Соғыстың шығынсыз болмайтыны сияқты, жауынгердің жаралануы да заңдылық. Осы орайда кезекті шайқаста менің атам да денесін ауыр тиген оқтың кесірінен дәрігерлік емдеу орнының төсегіне таңылса да сауыққаннан кейін қаруластарымен бірге басқыншалардан боздақтардың кегін алуға кіріскен.

1945 жылғы тамыз айының ортасында елге аман есен оралған соң соғыстың ауыр зардабынан әлсіреген кеңестік экономика мен іргелі өндіріс орындары мен кәсіпорындарға қоса ауыл шаруашылығы сынды басқа да барлық саланы қайта қалпына келтіруге бағытталған жоспарлы жұмыстарды жүйелі түрде атқаруға үлесін қосып, абыройға бөлене білген. 

Бейнетінің зейнетін көрген атамыз берекелі отбасындағы ұл-қыздарын ұлттық құндылықтардың негізінде елжандылыққа тәрбиелеп, жоғары білім алған кәсіби мамандар ретінде еліміздің ілгері дамуына қолтаңбасасын қалдырулары үшін барлық жағдайды жасағанымен өмірі өнеге аларлық үлгіге толы. Сондықтан мен майдангер атаммен әрдайым мақтанамын. Ия біз жеңіс жауынгерлерінің жасампаз ұрпағымыз. Еліміздің аспаны ашық, заманымыз бейбіт болсын. Тәуелсіздіктің тұғыры тыныштықта.

Қыдырхан Маратұлы ӘНУАРБЕК,
№26 жалпы білім беретін
мектептің 5 «е» сынып оқушысы,
Алматы қаласы, Алатау ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий