Ұлттық тәрбиені ұлықтайық

Қай нәрсені бастау керек болса, ол нәрсе туралы мағұлматтар жинақталады, тарихи, ғылыми негіздемесі зерттеп зерделенеді. Олай болса, ұлттық тәлім-тәрбиенің өткен шағы, қазіргі шағы мен болашағын сатылап, саралап көрсек. Кеңестік кезеңде бізде тәрбие өзінің тарихи-ұлттық, жалпы адамзаттық нсгіздерінен айырылып, жасанды, жалған бағытта жүрді.

Соның нәтижесінде әдеп, инабат, адамдық парасат туралы түсініктер «таптық тұрғыдан» бұрмаланып, қоғамдық құлық іштей ыдырап, шынайы адамдық қасиеттің қадірі кетті. Сөйтіп ұл-қыздарын ұлттық тәрбиемен тәрбиелемек түгіл, ол туралы сөз айтудың өзі үлкен кесепат болып, ұлттық дәстүрлерді насихаттау айып саналатын кезең еді. Ұлттық әдеп-ізет дәстүрлі коммунистік моральмен алмастырылды. Сөйтіп адамдардың бойынан ұлттық сипат атаулы бірте-бірте алшақ кете берді. Дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, соның ішінде білім көзі – ескі  кітаптарға дейін социализмге жат нәрсе, ескіліктің қалдығы деп жарияланды.

Мұның бәрі елдің интеллектуалдық мүмкіндігінің төмендеуіне, өресі аласа, өрісі тар шалағай мамандар жасағын көбейтуге жол ашты. Қазіргі тәуелсіздік жылдарында көк туымыз желбіреп, әлемдегі алпауыт тұғыры биік елдермен терезесі тең өмір сүріп келеміз. Десек те, ұлттық салт-дәстүрімізді ұлықтауға келгенде, кейбір кедергілердің күрмеуінен әлі де шыға алмай қалып жатамыз. Жалпы ұрпақты ұлттық тәрбиеде тәрбилеу бізге не үйретеді және оның пайдасы қандай болмақ.

Біріншіден, не үйретеді дегенге жауап іздейтін болсақ, ең әуелі ұрпақтың ұлтжанды болып, өз елінің қамын жеп өсуіне, тілі мен дінін құрметтеуге, үлкенді сыйлап, әдептілік пен имандылықты бойына таратып, соларды рухани байлығы етіп, осыларды басшылыққа алуды үйретеді. Екіншіден: пайдасы қалай дейтін болсақ, ұлтжанды ұрпақ ертеңгі күні ел басына күн туа қалса, қара басын ғана ойлап қоймай, елін-жерін қорғауға септігі тиеді. Жалпы қазақ халқының тарихының тұңғиығына зер салсақ, бұл міндеттің, бірыңғай салт пен дәстүрге бағындырылған, ылқым заманнан жинақталып жүйеге түскен ата-баба тәжірибесінің сүргісінен екшелеп өткен, «Тәлім» атқарып келген. Бұл жүйе «баба-ата-әже-әке-шеше-бала» жүйесі.

Міне, бұл жүйеде: зерттеуді жинақтауды, ілімге айналдыруды, сөйтіп тәрбие ісіне пайдалануды күтіп жатқан халықтық педагогикасының бір алуан саласы. Біз, бұл «Тәлім» жүйесінің, қазақ елінің басында кездескен қиын-қыстаудың қай кезеңінде босаңсытып алғанымызды жоғарыда  айтқан  болатынбыз. Десек те, ұлтымыздың санасы мен ұлттық тәрбиенің елдігіміз үшін қандай қымбат екенін, ұлтжандылықтың мемлекетіміз үшін биікте тұруы керек екендігін, ата-бабаларымыз – Күлтегін де, Жүсіп Баласағұн да, Абай да жырлаған.

Анар Муратбековна АЛИЕВА,
Сервис және туризм колледжінің арнайы
пәндер оқытушысы, Астана қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий