Экологиялық білім мен тәрбие беру жолдары

Қазіргі таңда экологиялық білім беру мәселесі ең өзекті тақырыптардың қатарында. Өйткені, ғаламшардың экологиялық проблемасын түсіну үшін, экологияның жаңа идеологиясы мен әдістемесін жасау үшін табиғатты пайдаланудағы тәжірибелік істерді, экологиялық білімді дұрыс ұйымдастыра білу қажет.

Білім алушыларға экологиялық білім беру деп адамның қоршаған табиғи ортаға саналы көзқараспен қарап, оның байлықтарын үлкен парасаттылықпен пайдаланатын, табиғи ресурстарды байыта түсудің қажеттілігін түсініп, қоршаған табиғи ортаны қорғауға белсене араласатын көзқарасты қалыптастыруды айтамыз.

Үстіміздегі жылы осы бағыттағы жұмыстардың мектепке дейінгі ұйымдардан бастап,  жоғары оқу орындарына дейін орындалуы мен іске асырылуын анықтау және нақытыланған жұмыс тәжірибелерін насихаттау мақсатында институтымызда «Ғаламшар болашағы – біздің қолымызда» атты экологиялық форум жұмысы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға облысымыздан бірқатар мектепке дейінгі білім беру ұйымдары  мен орта мектеп, колледж мамандары қатысып тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, республикамыздың да түрлі аймақтарынан қатысқан мамандар өз аймақтарында экологиялық білім мен тәрбие  беру бағыты бойынша жасалынап жатқан жұмыстарымен бөлісті.

 Экологиялық білім беру – өте күрделі процесс. Қоршаған табиғи ортаның қоғам үшін мәңгі қажеттілігін сезіндіре отырып, адамдардың дүниеге деген ізгі көзқарасын бірте-бірте қалыптастыру көзделеді.

Білім алушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру арқылы олардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда төмендегідей іскерліктер мен дағдыларды таныстыру қажет:

– табиғаттағы болып жатқан барлық құбылыстарды бақылай және жәй-күйін бағалай білу;

– экология туралы ғылыми білімді жетік меңгеретін іскерлікті игеру;

– алған экологиялық білімін құрбыларының және көпшіліктің арасында насихаттау;

– табиғатты қорғауға бағытталған қоғамға пайдалы еңбек ету;

– табиғат заңдылығын бұзатындарға төзбестікпен  қарау;

– «Жасыл ел» бағдарламасына сәйкес, туған жердің жасыл жамылғысын сақтау және молайту саласындағы практикалық істерге белсенді араласу.

Аталған іскерліктер мен дағдыларды дамыту арқылы экологиялық білім мен тәрбие беруде өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін, олардың ішкі сезімін оятып, айналадағы табиғи ортаға жаңаша көзқараспен қарауға үйрете аламыз.

Назира АБДИКЕРИМОВА,
 «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл олбысы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий