Тараз – тарих астанасы
Жас жеткіншекті отанға, туған жерге деген махаббатына бөлеу мақсатында оқу бағдарламасы студенттерді тарихи қала тарихымен таныстыру үшін, экскурсиялар жасап сабақ барысында эсселер жазып туған ел топырағын студенттер өз ойларымен бөлісіп ортаға салып таныстырылады. Ол студенттерге «Туған жер» бағдарламасының негізгі бөлігі болып, елге деген сүйіспеншілік пен тарихын танысуға қажет сабақтар.
Тараз қаласы Талас өзенінің бойында бойында созылып жатқан тарихи қала. Бесінші ғасырға дейін салынған тарихи қала. «Ұлы Жібек жолы» сауда керуенінің тоқтаған негізгі қаласы. Алғашқы рет 568 жылы византиялық елші Земарх Тараз қаласы туралы некен-саяқ мәліметтер берген. Бірнеше онжылдықтан кейін 630 жылы ол туралы Қытай саяхатшысы Сю-ань-Цзан хабарлайды. Таразды Жібек жолының бойында орналасқан маңызды сауда орталығы деп атайды.
Екі жүз мың жылдан артық тарихы бар Тараз қаласы туралы ақпараттар ағымы бір сәтке де тоқтамаған. Тараз қаласының тарихын кім біледі? Мысалы, X ғасырдағы араб географы Әл-Макдиси былай деп жазды: “Тараз – бақтары қыруар көп, халық тығыз қоныстанған, орлары, төрт қақпасы мен адамдары мекендеген қамалы бар үлкен бекіністі қала. Екінші мединада үлкен өзен, оның ар жағында шаһардың бір бөлігі, оның үстінен өтетін көпір бар. Базар ортасында мешіт үйі тұр”.
Ал Асанқайғы бабамыз: “Таяқ тастасаң тал болып көктейтін”- деген мекен осы. Рудаки, Сағди, Жәми, Фирдоуси, Омар Хайям сынды Шығыс күміс көмейлері жырлайтындай, «Мөп-мөлдір көздің қарасын Тараздан ғана табасың». Ежелден ескірмей, бүгінге жеткен даналардың сөзі Тараздың кіреберіс қақпасына мығымдалып, оюмен жазылған. Тараз – қазіргі облыс орталығы «Сәттілік тілеймін, серілер» комедиясындағы Василий Алибабаевичтің «Хочу в Джамбул, там тепло, там моя мама» деген фразасы талай адамның осы қалаға деген қызығушылығын арттырғаны рас.
Осы бірауыз сөз Тараздың бағын ашты десек, тағы қателесеміз. Кеңес дәуірінде Жамбыл, Мирзоян, Әулиеата деп қанша рет түрлендірсе де, осыдан 2000-2500 жыл бұрынғы тарихын топырақ қыртысына тұмшалап келген Тараз қашанда тарихымыздың темірқазығы болып келеді. Мұнда ортағасырлық дәуірдің жауһарлары Айша-бибі, Қарахан баба, Дәуітбек, Тектұрмас кесенелерімен қатар қазіргі заманғы қола, гранит секілді материалдардан тұрғызылған Бәйдібек баба, М.Дулати, Ы.Дүкенұлы, Б.Момышұлы секілді ардақты аталарымыздың ескерткіштері халыққа рух беріп тұр.
Тараз – тарихымыздың алтын діңгегі. Осынау тарихы тасқа, шежіресі құмға сіңген киелі өлкеде ежелгі дәуірлерден, орта ғасырлардан жеткен ұзын-саны 1000-нан асып жығылатын тарихи-мәдени мұралар бар. Бұл қасиетті мұралар тек бір елдің, бір ұлттың мүддесі үшін емес, бүкіл Жер шарын мекен ететін адамзат үшін қызмет етіп келеді.
Дана ТІЛЕУБЕРГЕНОВА,
Жамбыл политехникалық жоғары колледжіндегі
тарих пәнінің оқытушысы, Тараз қаласы