Қазақстандағы науқастанушылық: Скрининг қазақстандықтарда 541 398 мың науқастану жағдайын анықтады

2022 жылы скринингтік тексерулер барысында 541 398 мың науқастану жағдайы анықталды.  354 284 адам диспансерлік есепке алынды, – деді ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Жұқпалы емес аурулардың алдын алу департаментінің Мониторинг және скринингтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гульжан Конуршина.

Ересек тұрғындар арасында, халықтың мақсатты тобын скринингтік тексерумен қамту 98,9% құрады. 2021 жылдың ұқсас кезеңінде 93,7% тексерілген болатын. 2022 жылы 2021 жылмен салыстырғанда 5,2%-ға артық адам зерттеуден өтті. Қан айналымы жүйесі ауруларын (артериялық гипертония және жүректің ишемиялық ауруы), қант диабетін, глаукоманы, сүт безі қатерлі ісігін, жатыр мойны қатерлі ісігін, колоректальды қатерлі ісікті ерте анықтауға арналған скрининг шеңберінде анықтау ауру жағдайларының 1,4% құрады, 2021 жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 1,2% құраған еді.

Анықталған науқастардың ішінен ҚР ересек тұрғындарының мақсатты топтарының 83,9% диспансерлік есепке алынды, бұл 2021 жылмен салыстырғаннан төмен (84,5%). 2022 жылы 5 102 671 (90,7%)  балалар тексерумен қамтылды. 2021 жылы 4 561 508 (81,4%) бала тексерілген еді. 2022 жылы 2021 жылға қарағанда 9,3%-ға көп балалар тексерілді. 0-ден 18 жасқа дейінгі балалар арасында 437 728 науқас анықталды, бұл 8,6%-ды құрайды. 2021 жылы 335 961 ауру анықталды, бұл 7,4% құраған болатын. Анықталған науқастардың ішінен 145 976 (33,4%) бала диспансерлік есепке алынды, 2021 жылы бұл көрсеткіш 39,3% құраған болатын.

Ауруларды ерте анықтаудың жалпы құрылымында скринингке келесілерді бөлуге болады: барлық 541 398 анықталған аурулардың ішінен қан айналымы жүйесі ауруларының үлесі (артериялық гипертония және жүректің ишемиялық ауруы) – 18,6%, артериялық гипертония – 16,7% және жүректің ишемиялық ауруы 1,2%; анықталған жалпы құрылымда қант диабетін анықтау үлесі 4,3% құрады; скрининг барысында глаукоманы анықтау, скрининг шеңберінде анықталған аурулардың жалпы санына қатысты 1,2% құрады.

Сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтауға арналған скрининг шеңберіндегі маммография барысында анықталған сүт бездерінің қатерсіз ісіктерінің үлесі 49,8% құрады, бұл ретте 0,4% – анықталған сүт безі қатерлі ісігінің үлесі; қатерлі ісікті ерте анықтау скринингі шеңберінде анықталған жатыр мойны қатерсіз ісіктерінің үлесі 9,0% құрады, ал 0,1% – анықталған қатерлі ісіктің үлесі; колоректальды қатерлі ісікті ерте анықтау скринингі аясында анықталған тоқ ішектің қатерсіз ісіктерінің үлесі 1,3% құрады, ал 0,1% – анықталған қатерлі ісіктің үлесі.

Салауатты өмір салты психикалық денсаулықты, темекі мен алкогольден бас тартуды, дұрыс тамақтану үлгілерін, физикалық белсенділікті, жаттығуды, спортты және т.б. білдіреді. Бұл тізімге уақытылы профилактикалық медициналық тексеруді – ауруларды ерте анықтауға арналған скринингті қосуға болады дейді маман.

Скрининг дегеніміз не және ол не үшін жасалады? Скрининг – бұл ауруларды ерте сатысында анықтау және аурулардың жетілуіне, аурулардың пайда болуына ықпал ететін тәуекел факторларын болдырмау үшін халықтың денсаулығын қалыптастыру мен нығайтуды мақсатында тұрғындардың белгілі бір жастағы тобын профилактикалық тексеру болып табылады.

Қазақстанда скринингтің қандай түрлері бар? Қазір қазақстандықтар жүрек-қан тамырлары ауруларын, қант диабетін, глаукоманы, гепатитті және мінез-құлық тәуекелі факторларын (30-70 жас) анықтауға арналған, сондай-ақ онкоскринингтен өте алады. Онкоскринингтер жас санаттары бойынша бөлінеді: егер жатыр мойны қатерлі ісігі 30-70 жас аралығында болса, сүт безі қатерлі ісігіне арналған скрининг 40-70 жас аралығында, тоқ ішек қатерлі ісігі бойынша 50 жастан бастап.

2022 жылдан бастап ауыл тұрғындары үшін қан жүйесінің ауруларын, қант диабетін, глаукоманы (18-29 жас), асқазан-ішек жолдарының ауруларын, бүйрек ауруларын (18-70 жас), тыныс алу органдарының ауруларын ерте анықтау (50-70 жас), қуық асты безінің қатерлі ісігін (55-70 жас) және мінез-құлық тәуекелі факторларын ерте анықтау үшін диагностика /скрининг жасау енгізілді.

Жүкті әйелдердің скринингі. Пренатальды скрининг – генетикалық хромосомалық және анатомиялық бұзылулармен емделмейтін және түзетілмейтін ауыр өлім қаупі бар балалардың тууының алдын алу үшін ұрықтың хромосомалық патологиясын және туа біткен жетілу ауытқуларын (бұдан әрі-ТЖА) ерте анықтау және диагностика жасау үшін.

Балалар скринингі. Фенилкетонурияға және туа біткен гипотиреозға жаңа туған нәрестелерге арналған скринингтер, есту қабілетінің бұзылуын анықтау үшін 6 жасқа дейінгі сәби балаларға аудиологиялық скрининг, туғаннан 5 жасқа дейінгі балалардың психофизикалық дамуына арналған скрининг, мүгедектікке және балалар өліміне алып келетін ауыр аурулардың жетілуін болдырмау мақсатында уақытылы емдеу үшін тұқым қуалайтын және туа біткен ауруларды ерте анықтауға бағытталған шала туылған нәрестелерге арналған офтальмологиялық скрининг жүргізіледі.

Сондай-ақ, 0 -18 жасқа дейінгі балалар жыл сайынғы профилактикалық медициналық тексеруден өтеді, ол кейінгі динамикалық бақылау мен сауықтыруды қамтиды. Скринингтердің арқасында бірқатар қауіпті аурулардың алдын алуға болады. Сондықтан өз денсаулығына байыпты қарайтын еліміздің әрбір тұрғынына скринингтік тексеруден өтуді ұсынамыз. Профилактикалық медициналық тексеруден үнемі өту ауруды уақытылы анықтауға мүмкіндік береді.

Құрметпен,
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің
Қоғамдық денсаулық сақтау орталығының
баспасөз қызметі, а
нықтама телефоны:
95-41-51, 8 (
747) 756-59-54, электрондық
пошта: press.ncoz.mz@gmail.com

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий