Мәртебелі марапат: Өнегемен өрілген өмір

ҚР Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ Жарлығымен (16.10.2023ж, №44129) тәуелсіз мемлекетіміздің ұлттық мерекесі – Республика күніне орай еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалар табысталғаны баршаға белгілі. Олардың қатарында өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, еңбек ардагерлері, мәдениет және ғылым қайраткерлері бар. Отандық білім және ғылым саласының белгілі маманы, ғалым-педагог, педагогика ғылымдарының докторы, профессор ТАУБАЕВА ШӘРКҮЛ де осы мәртебелі марапатты («Құрмет» орденін) иеленген үздік шоғырдың қатарынан көрінген болатын.

Шәркүл  Таубайқызы, 1947 жылғы қыр­күйек айының 17-і күні Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы Аққұм станса­сында теміржолшының отбасында дүниеге келген. 1954-1958 жылдары теміржол мектебінің 4 сыныбын, 1958-1961 жылдары сол аудандағы Талап совхозының үшінші бөлімшесінде жеті жылдық мектепті үздік бағамен тәмамдаған. 1961-1965 жылдары М. Мәметова атындағы Қызылорда қыздар педагогикалық училищесінің студенті. 1965 жылы оқуды мектеп бөлімі бойынша үздік дипломмен бітірген. Абай атындағы Қазақтың педагогикалық институтының тарих факультетін 1969 жылы тарих мамандығы бойынша тәмамдап, 1969-1971 жылдары Қызылорда облысындағы Жаңақорған ауданының № 3 орта мектеп-интернатының бастауыш сыныптар және тарих пәні мұғалімі болып істеді. 1971-1974 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының педагогика кафедрасының аспирантурасында білім алды.

1977-1986 жылдары Орталық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының тарих және қоғамтану кабинетінің әдіскері, озат педагогикалық тәжірибені ендіру кабинетінің меңгерушісі, 1986-1991 жылдары Ы.Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдарының ғылыми-зерттеу институтының ақпарат бөлімінің кіші ғылыми қызметкері, дидактика секторының аға ғылыми қызметкері, ғылымжетістіктері мен озат педагогикалық тәжірибені практикаға ендіру бөлімінің меңгерушісі, Қазақ  ССР-і педагогикалық зерттеулерін үйлестірудің Республикалық кеңесінің ғылыми хатшысы болып қызмет атқарды.

1991-1993 жылдары Орталық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы болды. 1993-1998 жылдары Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім проблемалары институтының ғалым хатшысы, директордың ғылым жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Ғылыми қызметкерлердің, аспиранттардың әдіснамалық семинарларын жүргізді. Осы жылдары ел Үкіметінің (26.09.1996 ж, № 1173) қаулысымен бекіткен «Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері үшін оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендер даярлаудың мақсатты бағдарламасын» жүзеге асыруға белсене араласты.

1992 жылы Мәскеудегі КСРО Педагогика ғылымдары академиясының жалпы педагогика институтында даярланған «Система деятельности институтов усовершенствования учителей по изучению, обобщению и использованию передового педагоги­ческого опыта» тақырыбында кандидаттық диссертациясын, 2001 жылы «Научные основы формирования исследовательской культуры учителя общеобразовательной школы» тақыры­бындағы докторлық диссертациясын қорғады, педагогика ғылымдарының докторы (2002 ж.), профессор (2006 ж), Қазақстан Педагогика ғылымдары академиясының академигі (2005 ж.), Халықаралық педагогикалық білім беру ғылымдары академиясының академигі (2009 ж.). 1998-2001 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің педагогика кафедрасының докторантурасында оқыды.

2001 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы білім беруді ақпараттандыру зертханасының меңгерушісі болды. 2001-2004 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жалпы және этникалық педагогика кафедрасының доценті, 2004-2006 жылдары жалпы және этникалық педагогика кафедрасының профессоры, 2004-2006 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқу-әдістемелік бірлестігі жанындағы «Білім беру стандарттары, сараптама және креативті ақпарат» орталығының жетекшісі болды.

2006-2008 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты педагогика және психология факультетінің деканы, 2008 жылдан 2010 жылға дейін Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті оқу-әдістеме бірлестігі жөніндегі проректоры болып қызмет атқарды. 2010-2011 оқу жылында Ресей білім академиясында «Педагогикалық диагностика. Білім беру сапасын бағалау және басқару», Ресей мемлекеттік әлеуметтік университетінде «Әлеуметтік педагогика»мамандықтары бойынша ҚР Президенті халықаралық «Болашақ» бағдар­ламасы аясында ғылыми тағылымдамадан өтті.

2011-2012 оқу жылынан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының профессоры қызметін атқаруда. Жас ғалымдар мектебін басқарады, әдіснамалық семинарларға, республикалық және халықаралық конференцияларға, дөңгелек үстелдерге қатысады, ашық сабақтар өткізеді. 2014 жылы 8 сәуірде (9-хаттама) профессор Ш.Таубаеваға 2013-2014 оқу жылынан бастап ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерінің оқыту үдерісіне ендірілгені туралы акт берілді.

Отандық және шетелдік педагогикалық баспасөзде еңбектерін жариялайды. Философия және саясаттану факультетінің педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының ғылыми және қоғамдық өміріне араласады. Қазақстан Педагогика ғылымдары академиясының, Педагогикалық білім беруғылымдары халықаралық академия­сының академигі. 2004-2017 жылдары Абылай хан атындағы Қазақтың әлем тілдері және халықаралық. қатынастар университеті, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік комитетнің Шекара қызметі Академиясы жанындағы докторлық диссертациялар қорғалатын кеңестердің мүшесі болды.

2018-2021 жылдары ҚР ҰҚК Шекара академиясы диссертациялық кеңесінің төрағасы болды. Диссертациялық кеңес жұмысына қатысып, ғылыми аппарат, зерттеулердің құрылымы мен тұжырымдамасы бойынша кеңес берді. Білім және ғылым министрлігінің білім беру мазмұнын жасау, инновациялық оқыту мәселелері бойынша республикалық жобаларға (1993-1998 жж.), сондай-ақ «Кредиттік оқыту технологиясы жағдайындағы педагогикалық жоғары оқу орындарындағы оқу үдерісін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету» тақырыбындағы қолданбалы жобаға (2005-2007), «Педагогикадағы әдіснамалық білімді құрылымдау мен құрастыру – ұлттың интеллектуальдық әлеуетін дамыту факторы» атты іргелі жобаға (2008-2011 ж.ж) қатысты.

Сондай-ақ, «Қазақстан мен Еуропа елдерінің білім беру саясатын зерттеу: адами ресурстар мен интеллектуальдық әлеуетті қалыптастыруды салыстырмалы талдау аспектісі» (2012-2014 ж.ж), «Замануи жастардың өзін-өзі кәсіби анықтау дағдыларын қалыптастыру» (2015-2017 ж.ж), «Синергетические основы и эвтагогика для саморазвития духовно-нравственных качеств» (2020-2022 ж.ж) атты жобада жұмыс жасады. «Білім беру жүйесіндегі этнопедагогика», «Қазақстан мектебі», «Білім әлемінде», «Мектептегі ғылыми жұмыс», «Білім берудегі менеджмент», «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті хабаршысы. «Педагогикалық ғылымдар сериясы», «Қазақстан педагогикалық ғылымдар Академиясының хабаршысы» журналдарында редколлегия алқасы мүшесі.

«Білім беру жүйесіндегі этнопедагогика =Этнопедагогика в системе образования» журналында «Жас зерттеушіге көмек = В помощь начинающему исследователю» айдарын жүргізеді. Таубаева Шәркүл педагогикалық ғылымтану саласының маманы ретінде озат педагогикалық тәжірибені жинақтау, педагогика әдіснамасы, педагогикалық инноватика, жоғары және орта мектеп дидактикасы туралы бес жүзден аса еңбектердің, оның ішінде «Методология и методы педагогического исследования» оқулығы, «Педагогика тарихы (Білім беру және педагогикалық ойлар тарихы») және «Әлеуметтік педагогика» оқулықтарында қосалқы автор, «Педагогиканың философиясы және әдіснамасы» оқулығы, бастауыш сыныпқа арналған «Ана тілі» оқулығы хрестоматиялары, жоғары сыныптардағы тарих пәнінен әдістемелік құралдардың авторы.

Халықаралық ынтымақтастық қызметі. 2010-2011 оқу жылында ҚР Президентінің Халықаралық «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты ретінде «Педагогикалық диагностика. Білім беру сапасын бағалау және басқару» мамандығы аясында Ресей білім Академиясының Педагогика теориясы мен тарихы институтының педагогикалық өлшемдер зертханасында, «Әлеуметтік педагогика» мамандығы бойынша Ресей Мемлекеттік әлеуметтік университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдама нәтижесінде «Педагогикалық өлшемдер», «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандықтарына арналған  жаңа тұрпаттағы білім беру бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдары, хрестоматиялар,  сөздіктер әзірленді.

2013 жылы еуропалық елдердің білім беру саясатымен, университеттік білім беруді ұйымдастыру тжірибесімен танысу мақсатында Чехия Республикасында тағылымдамадан өтті. Ұлы чех педагогы Ян Амос Коменскийдің мұражайымен танысты. Тағылымдама нәтижесінде  Қазақстан Республикасы мен Еуропадағы білім беру реформаларының тәжірибесі жүйеленген  монография жазылды. 2018 жылы Болгарияның Поморье қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің серіктесі «Предтечи БГ» академиялық және мәдени алмасу Компаниясымен ұйымдастырылған «Ерекше қажеттіліктері бар балалармен және ересектермен жұмыс істеу тәсілдері мен әдістері: клиникалық психология және инклюзивті білім беру» тақырыбында тағылымдамадан өтті.

Болгарияның Қасиетті Климент Охридский атындағы София университетінде Клиникалық психология және инклюзивті білім беру саласындағы мамандардың қатысуымен ерекше қажеттіліктері бар балалармен және ересектермен жұмыс жүйесі туралы дәрістер тыңдалды, София университеті ұйымдастырған семинар-тренингке қатысты. Тағылымдама материалдары негізінде инклюзивті білім беру бойынша оқу-әдістемелік құралдар дайындалды. 2018 жылы Гонконг пен Сингапурде «Үздіксіз білім беру: контенттер, конструктілер, университеттердің үздік тәжірибелері тақырыбында тағылымдамадан өтті.

Азияның топ-университеттері тізіміне енетін Гонконг білім беру институтының, Гонконг политехникалық университетінің, Сингапур ұлттық университетінің, Сингапур Менеджмент университетінің пікірталас алаңдарында білім беру менеджменті саласындағы үздік сарапшы-практиктермен білім беруді дамыту, профессор-оқытушылар құрамы қызметін бағалау, білім беру бағдарламаларының дизайнын құрастыру, білім беру кейстерін талдау бойынша озық тәжірибелерімен танысты. Кездесулер мен тағылымдамалардың нәтижелері бойынша білім беру бағдарламаларының құрылымы отандық және шетелдік аккредиттеу орталықтарының талаптарына сәйкес жаңартылды.

2019 жылы Ресей мемлекеттік әлеуметтік университетінде әлеуметтік педагогтарды даярлау тәжірибесін зерделеу және қорыту мақсатындағы халықаралық сарапшылардың бастамасымен Бүкілресейлік конференцияға және XXII әлеуметтік-педагогикалық оқуларға қатысты. Толыққанды қатысу үшін «Профессор Л.В. Мардахаевтың әлеуметтік педагогика әдіснамасын дамытуға қосқан үлесі», «Әлеуметтік педагогика әдіснамасы: тұжырымдамадан технологияға дейін», «Әлеуметтік педагогика: толық курс» оқулығының әдіснамалық кеңістігі» тақырыптарында дайындалған мақалалар «Педагогикалық білім және ғылым» журналында, Бүкілресейлік конференция материалдарында, «Әлеуметтік педагогиканың теориялық және әдіснамалық негіздері және оның даму перспективалары» атты ұжымдық монографияда жарияланды.

Сондай-ақ, Ресей білім академиясы Білім беруді дамыту стратегиясы институтының педагогикалық өлшемдер зертханасында педагогикалық зерттеу әдіснамасы  және әдістері мәселелеріне арналған докторантура пәндері бойынша оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу тәжірибесі зерделенді (лаб. меңгерушісі п.ғ.д., проф. Н.Н. Найденова). Докторантураның «Философия және педагогика әдіснамасы» базалық пәні бойынша оқу бағдарламасын жетілдіру мақсатында аталмыш институттың педагогика философиясы зертханасының (лаб. меңгерушісі п.ғ.д., проф. Я.С. Турбовской) ғылыми еңбектерімен танысты.

Тәжірибе алмасу аясында «Қазақстанда жоғары білім берудің жаһандық трендтерін жүзеге асыру мәселелері (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ үлгісінде)», «Педагогика философиясы мен әдіснамасы базалық пәні – докторанттар мен магистранттардың (аспиранттардың) инновациялық ойлауын дамыту құралы» тақырыптарында баяндама жасады. Ресей білім академиясы Білім беруді дамыту стратегиясы институтының аспиранттары және докторанттарымен «Білім беру саласындағы зерттеушінің әдіснамалық мәдениеті»тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел жұмысына институт директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары В.В. Сериков, дөңгелек үстел модераторы Педагогикалық компаративистика орталығынан Н.Н. Найденова, Жаһандық білім беру кафедрасынан Ю.Г. Куровская қатысты. Толық ақпарат сайтта ұсынылған: www.kazhu.kz (http://www.kazhu.kz), www.instrao.ru

Кездесулер мен тағылымдамалардың нәтижелері бойынша тиісті сертификаттар алынды, «Педагогика және психология», «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандықтары бойынша докторантура пәндерінің негізгі оқу бағдарламалары жетілдірілді, тағылымдама материалдары дәрістер оқу және семинарлар өткізу кезінде белсенді пайдаланылады. Қазіргі уақытта халықаралық ынтымақтастық жалғасуда. Мысалы, Алматыда 2017 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Шаркүл Таубайқызының 70 жылдығына арналған «Қазақстандық қоғамның рухани-адамгершілік жаңғыруы жағдайында ғылыми-зерттеу және білім беру қызметінің әдіснамасын дамыту» атты ғылыми-әдістемелік конференция өтті.

Конференцияға әлеуметтік педагогика әдіснамасы саласындағы жетекші ғалым Л.В. Мардахаев, білім сапасы саласындағы халықаралық сарапшы Н.Н.Найденова, сондай-ақ Қазақстанның әр өңірінен келген отандық ғалымдар қатысты. Толық ақпарат сайтта ұсынылған: www.kaznu.kz/. Ш.Таубаеваның ғылыми мектебінде 8 докторлық және он төрт кандидаттық диссертация, 7 PhD философия докторы диссертациясы, отыз магистрлік диссертация қорғалды, 55 диссертацияға оппонент болды.

Марапаттары. 1982 ж. «Қазақ ССР оқу ісі үздігі» төсбелгісі; 2007 ж. «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі; 2017 ж. «Қазақстан Республикасы құқық қорғау әскеріне 25 жыл» кеуде белгісі; 2017 ж. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағы; 2017 ж. «Еңбек ардагері» медалі, ҚР Білім және ғылым министрлігі; 2017 ж. «Халық қаһарманы Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлы» медалі; 2017 ж. «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға сіңірген еңбегі үшін» күміс медалі; 2017 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорының алғыс хаты; 2018 ж. «Шекараны үздік күзеткені үшін» медалі; 2019 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорының алғыс хаты; 2023 ж. «Құрмет» ордені.

Нұрлан МЕРАЛЫ

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий