Алматы қаласында инклюзивті білім беруді дамытуда жаңа бір қадам

Қазақстан Республикасында әлемдік білім кеңістігіне кіру үшін Мемлекет тарапынан көптеген шаралар енгізіліп жатыр. Соның бірі- инклюзивті білім беру. Инклюзивті білім берудің мақсаты: ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қалыпты балалармен бірге оқыту. Осы орайда, 2023 жылдың 2-ші қазан мен 15-ші қараша аралығында «ТМД елдерінде білім білім жүйесін дамытудың халықаралық қоры» ҚҚ Алматы қаласының білім беру басқармасымен бірлесіп инклюзивті білім беруді іске асыратын жалпы білім беретін мектептер педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастырып өткізді.

Оқу алаңдарында Алматы қаласының жалпы білім беретін мектептерінде инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын мектеп директорлары, директорлардың орынбасарлары, психологтар, арнайы-педагогтер (дефектологтар), логопедтер, сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері жиналды. Тыңдаушылардың жалпы саны 600 адамды құрады. Курстың бағдарламасы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысымен бекітілген «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасында, Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасында және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларды іске асыру жөніндегі жол картасында қойылған мақсаттар мен міндеттерді басшылыққа алды.

Жобаны іске асырудың негізгі мақсаттары ретінде жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті практиканы ұйымдастыру және енгізу бойынша психологтар мұғалімдер, логопедтер, арнайы педагогтар, педагог-ассистенттер, директорлар, директор орынбасарларының кәсіби құзыреттілігін арттыру,  инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибені зерделеу, ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ЕБҚ) балаларды оқытудағы инновациялық тәсілдер мен жаңа шешімдер арқылы педагогтердің кәсіби дағдыларын жетілдіру және Алматы қаласының мектептерінде инклюзивті білім беру бойынша білім беру қызметтерінің сапасын арттыру  қойылды.

Сонымен қатар, жобаны іске асыру барысында келесі міндеттерді негізге алдық: жалпы білім беретін мектептердің қызметкерлерінде инклюзивті білім беру саласындағы инклюзивті білім туралы жүйелі білім мен түсініктер қалыптастыру; білім беру ұйымдарында балалардың (ЕБҚ) психологиялық-педагогикалық бағалаудың алгоритмдері мен әдістерін үйрету; ЕБҚ балаларды оқыту әдістері мен оқу білім беру бағдарламаларын бейімдеу және даралау бойынша мұғалімдер мен арнайы педагогтердің дағдыларын қалыптастыру.

Және арнайы педагогтарды, логопедтерді, психологтарды ЕБҚ балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу әдістері мен технологияларына үйрету: тексеру, жеке-дамытушылық бағдарламалар жасау және психологиялық-педагогикалық көмек көрсету. Курстар аралас форматта өтті. Онлайн-дәрістер офлайн оқытумен жалғастырылып, Қазақстандық жетекші мамандардың, сондай-ақ Белорусь мемлекеттік педагогикалық университеті жанындағы  Инклюзивті білім беру институтынан халықаралық сарапшылардың қатысуымен тренингтер, интерактивті дәрістер, шеберлік сыныптары түрінде өткізілді.

Инклюзивті білім беруді іске асыратын жалпы білім беретін мектептер педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы мынадай тақырыптарды қамтыды: инклюзивті білім беру саясаты мен әдістемесі. Инклюзивті білім беру саласындағы халықаралық және отандық заңнамалық база; ЕБҚ балалар топтарының психологиялық-педагогикалық сипаттамасы. Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың білім беру процесін ұйымдастырудың негізгі тәсілдері.

ЕБҚ сипаттамасы. Жалпы білім беру ұйымдарында ЕБҚ балалар үшін арнайы жағдайлар ұйымдастыру; ЕБҚ бағалау және ЕБҚ балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау бағыттарын анықтау алгоритмі; Балаларды оқытудағы ерекше қиындықтардың психологиялық-педагогикалық сыныптамасы. Жалпы білім беру ұйымдарын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің балаларды оқытудағы қиындықтарды анықтауы және бағалауы. ЕБҚ балалармен жеке дамыту жұмысының мақсаттары мен принциптері.

ЕБҚ балалардың мүмкіндіктерін ескере отырып, Үлгілік білім беру бағдарламаларын бейімдеу және іске асыру тәртібі, технологиясы; интеллектісі бұзылған балаларды тәрбиелеу мен оқытудың жеке бағдарламаларын жасау және іске асыру тәртібі; жалпы білім беретін ұйымдағы педагог-ассистент қызметінің мазмұны. Педагог-ассистенттің ЕБҚ бар балаларды зерттеп-қарауды ұйымдастыру тәртібі. Зерттеп-қарау нәтижелерін құжаттау; балалардың жағымсыз мінез-құлқының себептері. Балалардағы жағымсыз мінез-құлықты жеңу әдістері.

ЕБҚ бар білім алушылардың, оның ішінде аутизм спектрі бұзылған білім алушылардың даму ерекшеліктері, оқу қиындықтарының түрлері; ЕБҚ бар балаларға арналған жеке дамыту бағдарламаларын құру; Инклюзивті білім беруді енгізуді ескере отырып, мектепті дамыту жөніндегі жоспарының жеке және топтық жобасын әзірлеуҒ курс соңында мектепті дамытудың үздік креативті жобасына курс тыңдаушылары арасында конкурс өткізілді, конкурс жеңімпаздары естелік сыйлықтармен марапаттталды. 

Жоба негізінде курстан кейінгі сүйемелдеу 2024 жылдың соңына дейін тегін өткізіледі. Курс барысында инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибені зерделей отырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ЕБҚ) балаларды оқытудағы инновациялық тәсілдер мен жаңа шешімдер арқылы педагогтердің кәсіби дағдыларын жетілдірілді.

Зауре Ермекқызы КОЛУМБАЕВА,
“ТМД елдерінде білім білім жүйесін
дамытудың халықаралық қоры”
қоғамдық қорының басқарушы директоры,
тарих ғылымдарының кандидаты, профессор

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий