Біліктілікті арттыру: Балаларды ерте жастан бастан жетілдіру

Қараша айының 30-ы мен желтоқсанның екісі аралығында Алматының мемлекеттік балабақшаларының 10 педагогі Мәскеу қаласында тағылымдамадан өтті. Тағылымдама – Алматы қаласын дамыту бағдарламасының Жол картасын іске асыру шеңберінде өткізіліп отырған «Мектепке дейінгі білімнің заманауи білім беру технологиялары және ерте дамудың халықаралық тәжірибелері» бағдарламасы бойынша оқудың бір бөлігі.

Мәскеудің мектепке дейінгі білім беру жүйесімен танысу ПРОдетей бірегей технологиясын жүзеге асырып отырған «Rybakov Play School Саларьево» балабақшасынан басталды. Бірінші технологияны зерделеу топтарында қонақта болды, бұл белгілі бір уақыт ішінде топтың қызметіне тікелей қатысу арқылы жұмыс жүйесімен танысудың түрі болып табылады. Мұғалімдер ұйымда жұмыс істейтін технологияның «таңертеңгілік шеңбер», «үздіксіз күнтізбе», «бала дауысы», «өзгеру» сияқты міндетті элементтерін тамашалап, олардың толыққанды қатысушысы бола тұрып, балалардың ойын кезіндегі сөйлеу мәнерін дамыту, математика, қоршаған орта, терең ойлау, креативтілік, қарым-қатынас орнату, өзін-өзі реттеу және эмоционалды интеллект бойынша білімдерін шыңдағанын тамашалады.

Содан кейін мұғалімдер балабақшаның білім беретін бөлмелері мен серуендеу алаңдарын аралады. Педагогтер өздері курстағы оқу кезінде зерделеген кеңістікті аймақтарға сауатты бөлу мен түрлендіруді көру мүмкіндігіне ие болды. Бас директор Николай Владимирович Панкратов пен әдіскер Виктория Константиновна Минченко балабақша жұмысының тәртібі, әдістері мен тәсілдері туралы егжей-тегжей әңгімеледі.

Нейроойындар бойынша шеберлік сыныбы балалардың бойында ынтаны, зеректікті, зейінмен тыңдауды және командалық ойынға қабілеттілікті қалыптастыруға болатынын көрсетті. Айман Владимировна Салимова: «Маған ойын қатты ұнады! Мен осы ойынды жиналыста ата-аналармен және балалармен де ойнайтын боламын!». Дина Серікқызы Мұстафина: «Осындай қарапайым ойын соншалықты тартымды болады деп ойламаппын. Балалардың көңілін қалай аударуды енді түсіндім».

Тағылымдама «Наследник» білім беру ұйымында жалғасты. Ұстаздарды бақшаның негізін қалаушы және идеялық қолдаушысы, ғылым докторы Духанина Любовь Николаевна мен оның командасы қарсы алды. Осы оқу орнында мектепке дейінгі және мектеп жасында білім берудің сабақтастығына ерекше мән берілген. Өздерінің әріптестері Қазақстандағы мемлекеттік балабақшаға ұқсас ортада бала болашақта табысты болу үшін қажетті дағдыларды ерте жастан бастап игеретін эко-жүйені құра білген «Наследник» балабақшасы педагогтер үшін жаңалық болды.

Осы ұйым жайлы педагог мамандар мынадай ойларымен бөлісті: балабақша – әрбір ұсақ-түйек қадам ойластырылып жасалатын экожүйе. Бәрі де, барлығы да тұтас байланыста болуы тиіс; жас бойынша жеке диагностикалау жүргізіліп, ол біртіндеп мектеп диагностикасына ауысады; балаларға дербес болуды және өзіне өзі қызмет етуді үйрету, бұл олардың танымдық, физикалық, ой-саналық дағдыларын ынталандырып, нығайта түседі.

Ата-аналармен жұмыс істеу тетігі айқын және жолға қойылған, ата-аналармен және балалармен шеберлік сыныптары өткізіледі; логопед дислексия мен дислалияның алдын алу үшін ешқандай ауытқушылығы жоқ балалармен топпен және жеке жұмыс істейді; барлық жиһаз әр баланың ыңғайына қарай реттеледі: ұлттық көне, құнды жиһаз және интерьер заттары жиналған өнер мұражайы бар. Бұл шеберханада балалар сурет салады және гипспен жұмыс жасайды.

Педагогтермен жұмыс сенімге негізделген, бұл ретте барлық педагог мамандар міндетті ішкі аттестаттаудан өтеді. Аттестаттау – бұл дамудың жаңа бағыттарын анықтауға бағытталған кәсіби даму жүйесінің элементі. Мектепте және балабақшада ішкі туризм ілгерінді дамыған: балалар әртүрлі қиындықтар кездесетін саяхаттарға барады, тауға шығады, тіпті Эльбрус шыңын бағындырады. Дариға Рымқабылқызы Мұналбаева: «Бақшада логопед мінез-құлқы қалыпты балалармен дислексия мен дисграфияның алдын алу үшін жұмыс істейтіні керемет екен».

Надежда Владимировна Штеркель: «Балабақшамыз курсты бастағалы бері көп жаңашылдық енгізді, қазір өзіміздің дұрыс жолда екенімізге көзім жетті!». Екі мыңнан астам балабақша педагогтерін оқытуға жұмсалған ресурстар, сондай-ақ Мәскеу балабақшаларындағы тағылымдама Алматының мектепке дейінгі білім беру жүйесінің дамуына жаңа серпін береді деп үміттенеміз.

Шырақ ЖАҚАЙЫМ

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий