Ақтөбе облысы: Күн энергиясын смартфонмен бақылайтын оқушы

№4 Мәртөк орта мектебінің оқушысы Аманбек Ануарбекұлы күн энергиясын смартфонмен бақылау әдісін ұсынды. – Қазіргі заманның ең өзекті мәселелерінің бірі – жасыл энергетиканы пайдалану. Оның ішінде күн энергиясын қолдану. Күн батареясы – күн энергиясын электр энергиясына айналдыруға арналған құрылғы. Ол арнайы өңделген кремнийден жасалған.
 
Дегенмен, біз өз қолымызбен қолда бар материалдардан күн батареясын жасадық. Күн батареяларының маңыздылығын біле отырып, оны смартфонмен бақылап және қалай электр энергиясына айналып жатқанын дәлелдедік. Алынған батареяның жұмысын тексеру үшін ток пен кернеуді анықтау үшін мультиметрді, миллиамперметрді қолданамыз. Ток күші 0,1А, кернеуі 2,05В болды. Өнімділікті тексеру күн сәулесі болған кезде немесе қыздыру шамы астында жүргізілуі керек.
Мысалға, ай сайынғы орташа тұтынуы 200 кВт болатын жеке үйді электрмен жабдықтау үшін әрқайсысының қуаты 100 Вт/сағ болатын 12 панельді алсақ, қызмет ету мерзімі – 20 жыл. Ол үшін мен ауылымдағы шуақты күндердің санын шығарып, бұл деректерді күн сағаттарының санына аударып, осы процесте өндіруге болатын энергия мөлшерін есептедім. Күн батареяларын пайдалану күн белсенділігі өте жоғары жерлерде орынды.
Бұл қыста күн қысқа болатын солтүстік ендіктерге тән, бірақ егер жарық жеткілікті болса, онда жылу шығындарын едәуір азайтуға болады. Олардың басты артықшылығы – әртүрлі жағдайларда: жеке үй, санаторий, пәтер, мобильді ғимараттар және басқалар үшін пайдалану мүмкіндігі. Сонымен қатар, бүгінгі күні тиімділік шамамен 40 пайызды құрайды, алайда максималды нәтижеге жету үшін тиісті жағдайлар қажет, – дейді Аманбек.
Бұл зерттеуді жүргізуге Аманбекке жетекшілері Арнұр Хупыр мен Гулсим Бекбатырова қолдау көрсеткен. Жас зерттеуші алдағы уақытта тұрмыстық жағдайда күн батареясын жинауға арналған зерттеуін кеңінен насихаттауды жоспарлап отыр.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий