Батыс Қазақстан облысы: Биіктерге бастайтын бедерлі белес

Қайырлы күн, құрметті әлеуметтік желіні қолданушылар! 2023 жылы облыстың білім саласында атқарылған жұмыстар  туралы баяндаймын. Білім мекемелерінде Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың  «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламаласында,  «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында, Республикалық педагогтер съезінде берілген тапсырмаларын орындау, “Білімді ұлт” сапалы білім беру” ұлттық жобасы, «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» нысаналы индикаторларына қол жеткізу,  Батыс Қазақстан облысының 2023-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамытудың аймақтық жол картасын орындау жұмыстары бақылауға алынып, жүзеге асырылуда.

Облыста жалпы 1019 білім беру мекемелері болса, оның 161-і жеке. Білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын жарақтандыру бойынша жұмыстар атқарылды. Президенттің сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында ағымдағы жылы 114 пәндік кабинет сатып алынды, оның ішінде 60 кабинет (химия-12, биология-12, физика-12, робототехника-12. STEM-12) қалалық мектептер сатып алды, сондай-ақ 62 ауылдық мектепті жаңғырту үшін 54 пәндік кабинет сатып алынды (бастауыш мектептерден басқа).

Бұдан басқа, 62 білім беру нысанын жаңғыртуға жиһаздар сатып алынды. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге  мақсатында бейнебақылау камералары жаңғыртылды, дабыл түймелері, бейнебақылау жүйесінің ЖБО-на қосу, турникеттер орнату жұмыстары жүргізілді. Жылу жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында  69 қазандық, 63 сорғы, генераторлар мен горелкалар сатып алынды. Мектептер ас үй жабдықтарымен және кедергісіз қолжетімділікпен жарақтандырылды, сондай-ақ 51 интернаттардағы жиһаздар жаңартылды.

«Қазақстан халқына» қорының қолдауымен «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептерінің әлеуетін арттыру» қайырымдылық жобасы аясында 2023 жылы облыстың 3 мектебі (Бөкей ордасы, М.С.Бабажанов ат.ЖОББМ, Жәнібек ауданы, Т.Жароков ат. ЖОББМ, Сырым ауданы, Қ.Мырзалиев ат.ЖОББМ) жобаға қатысуда. Сонымен қатар,  «Болашақ инженерлер» жобасы бойынша 12 ауылдық мектепке Робототехника кабинеті жабдықталды. 2022 жылы 19 білім беру нысанына күрделі жөндеу жүргізуге қаражат бөлінді, соның ішінде 15 нысан «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында.

2023 жылы «Шаңырақ» жастар үйінің ғимаратын күрделі жөндеуден өткізілуде және 2022 жылы аяқталмаған 6 нысанның күрделі жөндеу жұмыстары тамамдалды. Бүгінгі күні 3 мектептің жөндеу жұмыстары аяқталды (Бөкей ордасы ауданы Жәңгір хан мектебі, Казталов ауданы Казталов мектеп-лицейі, Бәйтерек ауданының Чувашин мектебі), 1 мектептің жөндеу жұмыстары аяқталуда, нысанды қабылдау бойынша жұмыстар жүргізілуде (Тасқала ауданы Амангелді мектеп-бөбекжай-балабақша кешені), 1 мектептің (Ақжайық ауданының Базартөбе мектебі) жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Бүгінгі таңда облыс бойынша барлық қаржыландыру көздерінен 27 мектептің құрылысы жоспарланды. Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен 3 мектептің құрылысы жүргізіліп, 2-уі пайдалануға берілді, 15 мектеп облыстың 7 ауданында КПО б.в. компаниясының әлеуметтік міндеттемелері шеңберінде салынуы жоспарланды, оның 6-ы жыл соңына берілуі жоспарда, ал 2 мектептің құрылысы 2024 жылға ауыспалы. Қазіргі таңда 7 ШЖМ пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облысымызда 16200 орынға 18 мектептің құрылысы жоспарланған, оның 8100 орынға 9 мектебі 2023 жылы басталып 2024 жылы пайдалануға беру, 2024 жылы 8100 орынға 9 мектептің құрылысы басталып 2025 жылға аяқтау жоспарланған. Қазіргі таңда 9 мектептің 7-уі бойынша мердігерлер анықталып жобаны жүзеге асыру басталды, қалған 2-уі бойынша мердігерді анықтау конкурстық процедуралар жүргізілуде. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға тоқталатын болсақ.  

Облыс бойынша 34 мыңнан астам баланы қамтыған 533 мектепке дейінгі ұйым қызмет етеді, оның ішінде 387-і мемлекеттік, 146-ы жеке меншік. 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамту көрсеткіші – 90,8%, 3-6 жас-100%. Бизнес өкілдерін тарта отырып, мектеп жасына дейінгі балаларды қамту мақсатында жеке балабақшалар желісін көбейту бағытындағы жұмыстар жүзеге асырылды. 2023 жылдың желтоқсан айына 2913 орындық 27 жеке мектепке дейінгі ұйым және 1279 орындық 29 бұрыннан жұмыс жасап жатқан жеке мектепке дейінгі ұйымдарда жаңа орындар ашылды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдердің алдын алу үшін 100% мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама беру автоматтандырылған Balabaqsha Smartnation, Indigo порталы арқылы жүзеге асырылады.  Барлығы кезекте 0-6 жас – 7035 бала. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысына жергілікті бюджеттен қаражат қарастырылды. Облыс әкімдігінің тиісті қаулысы қабылданды, әлеуметтік осал отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балалар мектепке дейінгі ұйымдарында тегін тамақпен (бүгінгі таңда 674 бала) қамтамасыз етілуде.

Инновациялық қызмет, тәжірибелік-сынамалық жұмыстарына әдістемелік қолдау көрсету және озат педагогикалық тәжірибені тарату мақсатында мектепке дейінгі ұйымдарда «Бәрін білгім келеді» интеллектуалдық дамыту зертханасы бағытында ашылған 95 эксперимент алаңдары жұмыстарын жүзеге асыруда. Облыста 376 жалпы білім беретін мектепте 122 685 оқушы білім алады. Анықтама: 368 мемлекеттік мектептің 301 мектебі (81,7%) ауылдық жерде орналасқан, 205-сі шағын жинақты мектептер (55,7%-ы).

Облыс бойынша оқушылардың білім сапасы 61,4%, оқу үлгерімі 99,9% құрады. Облыс бойынша 60 оқушы республикалық және халықаралық олимпиадалар, конкурстардың жеңімпазы атанды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде 25 жеңімпаз болды. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиада көрсеткен үздік нәтижелері үшін облыс  командасы ІІІ дәрежелі «Ең үздік олимпиадалық команда» атағын алды.

Олимпиаданың республикалық кезеңінде үздік білім көрсетіп оқушылары жүлделі орындарға ие болған облыстың 4 мектебі республика бойынша «100 Үздік мектеп» қатарынан кірді. Бастауыш сынып оқушыларының функциналдық сауаттылық деңгейін анықтау мақсатында жүргізілген PIRLS-2021 халықаралық зерттеу циклінде облыс 534 балмен  республика көлемінде бірінші орынды иеленді (ҚР -504 балл). 2022 жылы білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг нәтижесі бойынша республикалық көрсеткіштен төмен болса, ал 2023 жылы нәтиже жоғары болды (4 сынып бойынша орташа балл-17,56 (респ.16,87); 9 сынып бойынша орташа балл-37,02 (респ.36,8).

PISA-2022 Халықаралық зерттеуіне 36 білім беру ұйымы қатысты (29 мектеп, 6 колледж және «Назарбаев интеллектуалды мектебі»). Қорытындысы бойынша БҚО оқу сауаттылығынан- 387 балл, математикалық сауаттылық бойынша  – 424 балл, ғылым бойынша – 424 балл иеленді. 2018 жылғы зерттеумен салыстырғанда математикалық сауаттылық бойынша көрсеткіш 6 балға, оқу сауаттылығы 9 балға, ғылым бойынша 33 балға өсті. Сапаны көтеру мақсатында оқушылардың білім жетістіктерін сырттай тәуелсіз бағалау жобалары жүзеге асырылуда.

Оқушылардың білім сапасына тәуелсіз сарапшы білім кесімін өткізу мақсатында «Batys EdQUAL» жобасы іске асырылуда. 4, 9, 11 сыныптарда білім беру жетістіктерін мониторингілеу және халықаралық зерттеулерге дайындық жұмыстарының іс-шаралар жоспарына сәйкес «Alternative tutor», «Mobile school» жобалары жұмыс жасайды. Маңызды міндеттердің бірі – қалалық және ауылдық мектептер арасындағы оқыту сапасындағы алшақтықты азайту.

Ауылдық, оның ішінде шағын жинақты мектептерді қолдау және білім сапасын арттыру мақсатында «Мобильді мұғалім» (16 мектеп) жобасы, сондай-ақ, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжбен бірлесе отырып, бастауыш шағын жинақты мектептерді қамти отырып «Бастауышқа-бастамамен» жобасы жүргізілуде. Тьюторлық жүйеде 24 инновациялық мектептің 48 жетекші мектеппен «БатысInnovations» жобасы іске асырылуда. Облыс бойынша білім беру ұйымдарына 82 елді-мекендерден 53 мектепке 5423 оқушыға күнделікті тасымал ұйымдастырылуда.

75 бірлік автокөлік тасымалды қамтамасыз етеді. Оқушылардың күнделікті тасымалдауын сапалы ұйымдастыру және автокөліктерді жаңарту үшін Республикалық бюджеттен облысқа 54 бірлік автобус қаржылық лизинг арқылы қамтамасыз етілді. Облыс бойынша 54 интернат жұмыс жасайды (оның ішінде 36-і (67%) типтік, 18-і (33%) бейімделген), ондағы бала саны 2077. Мектептерде 314 кітапхана бар, 165 мектепте коворкинг орталығы жасақталды. 2020-2025 жылдарға арналған білім беру ұйымдарының мектеп кітапханаларын дамытудың Жол картасы аясында оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру бағытындағы «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша іс-шаралар жоспары бекітіліп жұмыстануда.

Жоспар негізінде кітап оқу дағдыларына бейімдеу, оқу сауаттылығын қалыптастыру «Ekitaphana» бағдарламасын енгізілді. Мектеп оқушыларының ыстық тамағын ұйымдастыру бойынша облыста 365 мектепте (оның ішінде 8 мектеп облыстық мектептер, 359 аудан (қала) мектептері) 100% тамақтану ұйымдастырылуда. Ыстық тамақтану 347 мектепте (95%), буфеттік тамақтану 18 мектепте (5%). Тегін ыстық  тамақпен 56 046   оқушы немесе 46% (1-4 сынып оқушылары (49 809) және  жекелеген санаттағы оқушылар- (6 237) қамтылуда.

Қазіргі таңда 42 қала мектептерінде қолма-қол ақшасыз төлем жасау қарастырылған және 237 мектеп асханаларының ас блогтарында бейнекамера орнатылған. Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында барлық бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін буфеттік тамақтану ұйымдастырылған мектептерге алдағы жылдан бастап ыстық тамақтану ұйымдастыру жоспарлануда. Облыс бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар контингенті 719 –ы құрайды.

Оның 651 отбасылық тәрбиелеу формасымен қамтылса (494-і қамқорлықта, 132-і патронаттық отбасында және 21-і қабылдаушы отбасында) және 3 мекемеде 72 тәрбиеленуші тәрбиеленуде. Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылының аймағында орналасқан жасөспірімдер үйінде (2 коттеджде) 9 түлек тұрақты тұрады. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығында 9 бала тәрбиеленуде. Облыста психологиялық – дәрігерлік – педагогикалық кеңес беру мекемесі есебінде 6628 ерекше білім беруге қажеттілігі бар бала тұр, оның ішінде 1425 бала мүгедек санатына жатады.

Балаларды инклюзивті біліммен қамту 4572 баланы немесе барлық ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар санының 68,9%-ы құрады. Облыста 5 жалпы орта білім беретін мектеп жанынан инклюзивті қолдау кабинеттері жұмыс жасайды. Ағымдағы жылы Орал қаласының №5 ЖОББМ жанынан ресурстық орталығы ашылды. Арнайы түзету мектептері 3 бірлікті құрайды (603 оқушы). Арнайы білім беру саласында тіл мүкістігі бар 2650 оқушыны қамтыған 110 логопедиялық бөлімше бар, былтырғы жылмен салыстырғанда 8 бірлікке көбейді.

Облыс бойынша мүмкіндігі шектеулі 10 немесе одан да көп бала оқитын жалпы білім беретін мектептерде 226 дефектолог пен 221 логопед енгізілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 40 бірлік дефектологқа және 10 логопедтің бірлігіне көбейіп отыр. 345 мектепте ерекше білім беруді қажет ететін балаларды инклюзивті оқытуға жағдай жасаған. Мектепке дейінгі ұйымдарда ерекше оқыту мен тәрбиені қажет ететін балаларға жағдай жасау үлесі – 70,5 %, яғни  мемлекеттік балабақшаның 105-не жағдай жасаған. Қазіргі таңда бес колледжде ерекше білім беру қажеттілігі бар 130 оқушыға кәсіптік оқыту жүргізілуде.

Еңбек нарығына заманауи мамандықтарды тарту мақсатында есту, көру, тірек-қимыл аппараты бұзылған, сондай-ақ «Есептеу технологиясы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Тігін өндірісі және киімді модельдеу», «Шаштараз және сәндік косметика», «Сәндік-қолданбалы өнер және халықтық қолөнер», «Егіншілік», «Аяқкиім ісі» мамандықтарына оқыту жағдайы қарастырылған. Кәсіптік техникалық колледжінің үлесі 73,5%, яғни, 25-інде «кедергісіз аймақ» элементтері жасақталған. 2023 жылы жазғы кезеңде бос уақытты ұйымдастырудың әр түрлі бағытымен 1-10 сынып оқушыларының жалпы санынан 103 660 оқушы немесе 94,1% -ы  қамтылды. 

Білім басқармасымен Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы 2022 жылғы 26 қарашадағы № 2 Жарлығының 85 тармағын «50 сауықтыру лагерін салу» орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Жол картасына ұсыныс жолданды.  Жол картасына облысымыздан 2 ауысымдық Бөкейордасы (2024ж, 100 орындық) және Бәйтерек аудандарында (2026ж, 100 орындық) лагерьлер құрылысы енгізілді.

Өздеріңізге белгілі «Тәрбиесіз берілген білім – тұл жетім» дегендей, алдымызда қазақстандықтардың жаңа буынын тәрбиелеу үлкен міндеті тұр. Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде жасөспірімдер арасындағы тұрақты өмірлік ұстанымды қалыптастыру, тәуелкел тобындағы жасөспірімді ерте анықтап оларға ерте көмек көрсету, бала тәрбиесіндегі мектептер мен ата-аналар арасындағы байланыстыжетілдіружұмыстары басты назарға алынды. Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің алдын алу мақсатында ағымдағы жылы «IT Group Kazakhstan» ЖШС-ның «Komek Stop BuIIying» жобасы 326 мектеп пен 32 колледжінде пилоттық режимде өтеусіз негізде енгізілді.

Алғашқы нәтижелер беруде. Алдын алу жұмысының бірінші шарты баланың бос уақытын ұйымдастыру. Облыста 50 қосымша білім беру ұйымдарының қызметімен оқушылардың 50,4 %-ын қамтылса, қосымша білімнің барлық түрлерімен оқушылардың 92,1%-ы қамтылып отыр(республикалық көрсеткіш -81,1%). Республикалық деңгейдегі байқауларда жеңімпаз атанып, облыс оқушылары қуантып отыр: облыс командасы «Үздік экологиялық білім беру ұйымы» ұлттық байқауында I дәрежелі дипломды, «Жасыл ұрпақ» байқауында грант иегері атанып, 700 000 теңге көлемінде сертификат алды.

«Ұшқыр ой алаңы» республикалық пікірсайыстың ұлттық турнирінде 1 орын, Республикалық «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың слетінде жалпы командалық есеп бойынша облыс құрама командасы жүлделі  І орынды соңғы 7 жыл бойы иеленіп келеді. Республикалық шығармашалық байқаулар мен жарыстарда облыстың 28 оқушысы жеңімпаз атанды. Облыстық білім беру ұйымдарында 15066 педагог қызметкер жұмыс істейді, 12714 (84,3%) – жоғары білімді, оның ішінде магистр дәрежесі бар – 587 (3,8%).

Облыс бойынша жаңа форматта аттестаттаудан өткен педагог саны 10521 (69,8%). 2022-2023 оқу жылының соңында мұғалімдерге қажеттілік – 131 бірлік болды (орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қазақ мектебінде, математика, бастауыш сынып мұғалімі және тәрбиеші орыс тілінде, ағылшын тілі, педагог-психолог, логопед, дефектолог мамандықтары басымдыққа ие). Қажеттілік жас мамандарды жұмысқа тарту арқылы жабылды, 184 жас маман жұмысқа қабылданды. 2023 жылы жергілікті  қаражат есебінен талап етілетін мамандықтарға білім беру гранты бөлінуде, оның ішінде  педагогикалық мамандықтарға да.

2023 жылы 86 білім гранты бөлінді, оның ішінде 22 – педагогикалық мамандықтарға. 2023 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 11 қарашадағы №559 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес облыстың 3 жалпы орта білім беретін, 7 қосымша білім беру ұйымы, 3 мектепке дейінгі ұйымдарының басшылары ротацияланды. 2022 жылдан бастап білім басқармасымен бірінші басшының бос лауазымына конкурс өткізіледі. 2023 жылғы конкурс қорытындысы бойынша 62 мекеменің басшысының лауазымы бос.

Облыстың техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде 36 колледж (27 мемлекеттік және 9 жеке меншік) жұмыс істейді. Кадрларды даярлау 69 мамандық 102 біліктілік бойынша жүргізіледі. Колледждерде 16 792 студент білім алса, оның  11 151 (66,5%) білім алушы  мемлекеттік тапсырыс бойынша даярлануда.  Биылғы оқу жылында 5 562 білім алушы, соның ішінде өңіріміздің экономикасына қажетті кадрларды даярлау бағытында мемлекеттік тапсырысы бойынша 3 932 (өндірістік орындардың мақсатты өтінімі бойынша 320 адам техникалық-технологиялық, ауылшаруашылық, қызмет көрсету салаларына) адам қабылданды.

Ағымдағы жылғы кыркүйек айынан бастап 50% өсіммен 8 622 студент стипендия төленуде (31 423 теңге орта буын, 32 680 теңге жұмысшы мамандықтары бойынша). 2023 жылғы колледж түлектерінің саны – 5 128 болса, оның  3 483-і  мемлекеттік тапсырыс бойынша. Жұмысқа орналастырылған түлектер саны 4 056 немесе 79,0% құрайды,  мемлекеттік тапсырыс бойынша 2 664 немесе 76,4%-ы еңбекпен қамтылды. 26 колледжде дуалдық оқыту жүйесі ендірілген. Дуальды оқыту технологиялық, техникалық, ауылшаруашылығы, медицина және қызмет көрсету салалары бойынша 114 өндірістік кәсіпорындармен 2 457 келісімшарт негізінде өндірістік орындарда машықтанудан өтуде.

Колледждердің негізгі серіктестері болып «Оралагрореммаш» АҚ, «Жайыктеплоэнерго» АҚ, «Орал трансформатор зауыты» ЖШС, «Стройкомбинат» ЖШС, «Отдел строй» ЖШС, «Балзия» ЖШС және тағы да басқалар. Өңіріміздегі  25 кәсіпорын 22 оқу орындарын өз қамқорлығына алып бірлесіп жұмыстар жүргізуде. Облыс командасы WorldSkills және EuroSkills біріншіліктеріне қатысып жүлдегерлері болып табылады. Ағымдағы жылы EuroSkills чемпионатында Орал ақпараттық технологиялар колледжінің студенті Руслан Юсупов республикалық құрама командасының «Веб-технологиялар» құзыретіне кіріп, Қазақстан тарихындағы алғашқы күміс медальді жеңіп алды.

Сонымен қатар, 13 оқу орнынан 27 студент 23-25 қараша аралығында 25 құзыреттілік бойынша «WorldSkills Kazakhstan-2023» республикалық чемпионатына қатысып, 1 алтын, 1 күміс, 2 қола және 6 медальон жеңіп алды және ұстаздардың  республикалық кәсіби шеберлігінде 13 құзыреттілігі бойынша жүлделі орындарға иеленді.

Айгүл Әділгерейқызы МЫҢБАЕВА,
Батыс Қазақстан облысы білім
басқармасының басшысы, Орал қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий