Бие сүті антибиотиктердің тиімділігіне шешім бола ала ма?

Бие сүтінің емдік қасиеттері бұрыннан белгілі болып, ғалымдардың назарын аударған болатын. Бірақ жасушалық деңгейде зерттеу енді ғана басталып, NU National Laboratory Astana  зертханасында алғаш рет жүргізілуде. Жаңа дәрі-дәрмектерді  іздеу және зерттеу үшін арнайы құрылған зертханада ғалымдар жасушаішілік инфекцияларды емдеу үшін антибиотиктерді жеткізудің мақсатты әдісін әзірлеуде. Бұл жоба мен ғылыми қызметі туралы NU NLA зертханасының аға ғылыми қызметкері Серғазы Шыңғыс айтып берді.

 

Серғазы Шыңғыс, өзініз туралы айтып кетсеніз, ғылымға қалай келдіңіз және ғалым болу шешіміңізге не әсер етті?

Ғылыми жолым дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің қабырғасынан басталды. Сол жерде биологияға деген құштарлығым туған. «Биология» пәнінен облыстық, республикалық олимпиадалардың жүлдегері болдым. Осы білімге деген құштарлығым мені халықаралық «Болашақ» стипендиясын алуға және одан әрі молекулалық биология және фармакология саласында шетелде білім алуыма себепші болды. Дублин технологиялық университетін және Халықаралық іргелі зерттеулер университетін бітірдім. National Laboratory Astana зертханасында басталған ғылыми еңбек жолым ауруларды емдеу мен алдын алудың инновациялық әдістерін әзірлеуде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді.

Неліктен антибиотиктердің әсері азаяды және сіздің тобыныз олардың тиімділігін арттыруға қалай тырысуда?

Бактериялардың жасушаішілік локализациясы бар кейбір инфекцияларды антибиотиктермен емдеу қиын. Мұның бірнеше себептері болуы мүмкін: антибиотиктер жасушалық ортаға жақсы енбейді, айтарлықтай әсер етпестен тез жойылады немесе жай ғана жұмысын тоқтатады. Бұл мәселені шешудің сәтті әрекеттері тасымалдау жүйелері арқылы жасушаларға антибиотиктерді жеткізетін полимер нанобөлшектерімен немесе липосомалармен байланысты. Менің жұмыс тобым бие сүтінен алынған экзосомалар, микровезикулалар арқылы антибиотиктерді жасушаларға жеткізу мүмкіндігін зерттеп жатыр. (Экзосомалар – жасушалардың қоршаған ортаға бөлетін жасушадан тыс көпіршіктері – Редакцияның ескертпесі.) Сүттен экзосомаларды бөліп алу – оқшауланған зерттеулер жүргізіліп жатқан жаңа сала. Сиыр сүтінің құрамында көп мөлшерде казеин бар, ұзақ уақыт сақталатын ақуыз, мұқият тазартуды қажет етеді. Бие сүті, адам сүті сияқты, казеинді көп қамтымайды және әлі экзосомалар жасау үшін пайдаланылмаған.

Зерттеулеріңізде экзосомалардың қандай пайдасын таптыңыздар?

Бие сүтінің экзосомасы құнды қасиеттерге ие, әсіресе біздің зерттеуіміздің шеңберінде. Біріншіден, эксосомаларды антибиотиктерді тікелей жұқтырған жасушаларға жеткізу үшін  тасымалдаушылар ретінде пайдалану емдеудің тиімділігін арттыруға, антибиотиктердің сау жасушаларға әсерін азайтуға және бактериялардың төзімділікті дамыту ықтималдығын азайтуға болады. Екіншіден, экзосомалар иммундық жауапқа әсер ететін молекулаларды алып жүреді. Олар ағзаның инфекциялармен, әсіресе антибиотиктерге төзімді бактериялардан туындаған инфекциялармен күресу қабілетін арттырады.

Бұл қандай инфекциялар және мәселе бойынша жалпы статистика қандай?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) және басқа денсаулық сақтау агенттіктерінің мәліметтері бойынша, антибиотиктерге төзімділік емдеу уақытының ұзағырақ болуына, медициналық шығындардың жоғарылауына және өлім-жітім көрсеткіштерінің жоғарылауына әкеледі. Жалпы статистикаға сүйенсек, жыл сайын миллиондаған ауру жағдайлары антибиотиктерге төзімділікке байланысты емдеу қиындай түседі және бұл үрдіс өсуде. Антибиотиктерге төзімді инфекциялар әдетте кейбір бактериялар мен паразиттер сияқты қабылдаушы жасушаларының ішінде өмір сүріп, көбейе алатын микроорганизмдерден туындаған ауруларды қамтиды. Мұндай инфекциялардың мысалдары: туберкулез, легионеллез, пневмонияның бір түрі және хламидиоз. Антибиотиктерге төзімділік – денсаулық сақтаудың жаһандық проблемасы.

Зерттеудің қандай да бір нәтижелері бар ма, әлде олар туралы айту әлі ерте ме?

Жоба 2023 жылы басталды, эксперименттер жасуша желілерінде жүргізілуде. Олар аяқтағаннан кейін  зерттеулер зертханалық жануарлардың қатысуымен жүргізіледі. Бұл зерттеулер сәтті болған жағдайда ғана клиникалық сынақтарға көшуді жоспарлап отырмыз. Әзірге антибиотиктерді жеткізу үшін бие сүтінің экзосомаларын қолданатын жобаның алдын ала нәтижелері көңіл қуантарлық. Менің ойымша, біз клиникалық сынақтарға өтеміз және бәлкім кейінірек жаңа емдік шешімдерді енгізуге мүмкіндік болады. Жалпы, жоба антибиотиктерге төзімді инфекцияларды емдеу тәсілін түбегейлі өзгертуге жол ашады.

Сіздің жұмыс тобыныз тағы қандай жобалармен айналысады?

Біздің Жаңа дәрі-дәрмектерді іздеу және зерттеу зертханасын NU Медицина мектебінің профессоры, доктор Мохамад Альжофан басқарады. Бізде бірнеше жобалар бар және менің жобама қосымша мен бір мезгілде оксидативтік  стрессін азайтуға және қарқынды физикалық белсенділік кезінде денсаулықты сақтауға көмектесетін мамандандырылған тамақтану саласындағы әзірлемелерді коммерцияландырудамын. Сарапшылар мен тұтынушылардың жоғары бағасына ие болған Қайнар тағамдық қоспасын нарыққа шығарып үлгердік. Ол туралы зерттеулер шамамен 10 жыл бойы жүргізілді. Бұл жүрек-қан тамырлары ауруларының дамуы мен асқынуын болдырмайтын жүзім полифенолдарының концентратына негізделген биологиялық белсенді қоспасы. Зауыт жылына 20 мың бірлік өнім шығарады. Қазір біз жүргізген тағы бір зерттеудің нәтижелерін нарыққа шығарыун жоспарлап отырмыз. Биыл біз Ғылым қорының қаржыландыруы аясында спортшыларға және денсаулыққа зиянды еңбек жағдайларында жүрген адамдарға арналған мамандандырылған диеталық өнімдерді (емдік және профилактикалық) шығаруды жоспарлап отырмыз.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий