Ақмолалық оқушы пластикалық және полиэтилен қаптамасының экологиялық аналогын жасады

Көкшетау қаласындағы Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы Ким Камила табиғи полимерлерден өздігінен ыдырайтын биоматериалдарды қолдану тәсілдерін зерттеді. Соңғы уақытта экологиялық таза материалға деген қызығушылық пен сұраныс артып келеді.

Елімізде бекітілген 2021-2025 жылдарға арналған «Жасыл Қазақстан» жобасы өз алдына елдің ресурстары мен экожүйелерін қорғау бойынша мақсаттар қояды. Жоба зерттеуді бастамас бұрын Камила көптеген әдебиеттер, интернет кеңістігінің мақалаларын зерттеді. Материалды әзірлеу жоспарын ғылыми жетекшімен үйлестіре отырып, осы тақырып бойынша жаңа зерттеулер мен ресурстарды қарастыра бастады.

– Зерттеу нәтижесінде алынған биоматериал қоршаған ортаға зиян келтірместен қысқа мерзімде суда және топырақта ыдырайды. Ихтиожелатиннен жасалған биоматериалды тамақ пленкасы немесе азық – түлік қаптамасы ретінде пайдалануға болады, өйткені ол тағамның тотығуына жол бермейді, – деді Камила. Мектеп оқушысының айтуы бойынша олар жаңа технологиямен жасалған экологиялық таза материалды ұсынады. Ол пластиктен немесе полиэтиленнен жасалған қаптамаға, сондай-ақ табиғи былғарыға тамаша балама болады.

– Камиланың ғылыми жұмысы жауапты тұтыну мен өндіріс орнын дамыту мақсатында қойылған екі талапқа бірден жауап береді: балық өнеркәсібін қайта өңдеу өнімдерін пайдалану және экологиялық таза табиғи қорғаныс жабындары мен пленкаларын әзірлеу, – деді жоба жетекшісі Бақытгүл Тұрсынова. Ихтиожелатин пленкасымен қатар мицелийден жасалған эко-тері де жасалды. Нәтижелер саңырауқұлақтардың құнарлы денелері мен мицелийінің «терісін» интерьер дизайнынан киім мен аксессуарлар жасауға дейін әртүрлі салаларда қолдануға болатынын көрсетті.

Прототиптер, оның ішінде сағат белдіктері, әмияндар, сөмкелер мен аяқ киімдер өткен жылы АҚШ, Италия және Индонезияда шығарылды. Бұл заттар қымбат болғанымен (бір дизайнерлік сөмке 500 долларға сатылды) – өндіріс сметалары материал жаппай өндіріле бастаған кезде дәстүрлі былғарыдан нарықта бәсекеге түсе алатындығын көрсетеді. Камила өз жұмысымен ғылыми жұмыстар конкурсының облыстық кезеңде өнер көрсетіп «Қоршаған ортаны қорғау» секциясында республикалық кезеңінде 2 жүлделі орынға ие болды.

Сарапшылар оның жобасына жақсы баға беріп зерттеудің болашағы мен бірегейлігін атап өтті. Камилла мицелийден балықтар мен эко-былғарыдан жасалған жабындар мен пленкаларды алу технологиясын патенттеу туралы ұсыныс алды. Жас зерттеушінің жоспарында – еліміздің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында биоматериалдар өндірісінің және одан әрі жаппай өндірістің тиімділігін зерттей отырып, экономикалық есеп жүргізу.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий